КӨПТЕН КҮТКЕН КҮЗІМ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 173
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 30/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21411


«Көптен күткен күзім» атты күзге арналған іс-шара
Тақырыбы: «Көптен күткен күзім»
Іс-шараның мақсаты:жылдың мезгілдерін ажырата білуге баулу,табиғатты тамашалай білуге,қоршаған айналаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Іс-шараның барысы:
Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме,құрметті қонақтар,ата-аналар,әріптестер.Бүгінгі іс-шарамыз күзге байланысты,еңдеше кішкентай бүлдіршіндерді қарсы алайық.(балалар безендірілген сахнаға шығады)
Балалар:-Қыркүйек,қазан,қараша-біздің күз тамаша!(балалар хормен айтады)
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар,бүгінгі мерекеміз,келген қонақтарымызға ұнап қалады деп үміттенемін.Ендеше дайындаған өліңдерімізді айтып берейік.
КӘУСӘР: Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
НҰРХАН: Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын, сары күз.
Алтын ұя бақшада,
Сабақ бастар шағымыз.
НҰРСАТ: Күз жемісті алтын күз,
Қуансың халқымыз.
АЖАР: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
АРУНА:Алтын,алтын,сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Мектепке баратын
Алақай-ау күн жақын
АЛИБЕК :Таза желдей жайнаған,
Сары бояу алам мен.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.
РАҚЫМ : Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Жомарт күзді» тойлаймыз.
Мұғалім:Өте жақсы.Балалар,біздің мерекемізде кім жоқ?
Балалар:Күз .
Мұғалім:Балалар,жел тұрған сияқты,бізге күз келе жатқан шығар.
Күз:Сәлеметсіңдер ме,балалар мен кешігіп қалдым ба?
Балалар:жоқ
Мұғалім:Қош келіпсің,құрметті және аяулы Күзіміз!Біздің мерекемізге уақытыңда жеттін!Қанеки төрлет,балаларымыздың дайындығын қарсы ал,жайғасып отырып,мерекемізде қонақ бол.
Өлең:«Күз келді»
Мұғалім: Балалар менде сендерге тапсырма дайындап әкелдім.Күздің үш айларымен жақын танысып алайық:
«Аспанды
Құс шарлай бастады.
Алғашқы қоңырау
Қуантты жастарды» -бұл қандай ай екен? (қыркүйек)
**************
Бұл айда халқымыз
Тойшыл. Ол - салтымыз.
Береке байлығын
Беріп тұр алтынкүз. -бұл қандай ай екен? (қазан)
**************
Ең соңғы айында
Қыс қамын дайында.
Үйін жұрт жылытқан
Мал қора жайында. -бұл қандай ай екен? (қараша)
Ән: «Бізге күз не әкеледі?»
Көрініс: «Алма»
Ойын:«Жаңбыр мен күн.»
Би:«Жапырақпен жүреміз»
Ән:«Күз»
Ойын:«Ағашты безендір»(екі топқа бөлу)
Күз:Бұл мерекені балалар маған арнапты.Бірақ сендергеде көрсететін өнерім және сыйлығым бар. Себетімдегі сыйлықтар сендерге арналған.(жұмбақ жасыру,алма тарату)
Күз: Жарайсыңдар балалар. Маған мереке қатты ұнады. Біз сендермен ән айтып, би биледік. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды. Сау болыңдар! Келер жылы кездескенше!
Мұғалім: Балалар,Күзімізге алғысымызды білдіріп,жолынан қалдырмайық. Ду қол шапалақтап шығарып салайық.
Мұғалім: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Тамашалағандарыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан КӨПТЕН КҮТКЕН КҮЗІМ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хасенова Лаззат Тлегеновна

СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы Калинов орта мектебі Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar