Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көшбасшы-2017
  • 04.02.2017
  • 148 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21506

Мектеп оқушылары арасында өтетін «Көшбасшы – 2017» зияткерлік ойынының сценарийі.

Жүргізуші: Армысыздар «Көшбасшы – 2017» зияткерлік ойынының қатысушылары мен көрермендері!
«Қазақстанның жас азаматтары, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады, тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда» - деп Елбасы жолдауында айтылғандай, бүгінгі ұйымдастырылып отырған зияткерлік ойынымызда жастардың әр салада білімдерін кеңейту мақсатында болашақтың иесі, бастамашыл, белсенді жастарға арналып отыр. Ендеше, ойын қатысушыларымен таныс болайық...
Жүргізуші:
Сайыскерлермен таныстыру:
1.Ғинаятов Аманбек Саттарұлы 11 «Ә»-сынып оқушысы.
Әнші балапан «Бас жүлде» 4-сынып; Ағылшын олимпиадасы І орын 7-сынып; Ф.Оңғарсынова оқулары аудандық І орын, облыстық «Алғыс хат».
2.Өтегенова Жұлдыз Тұрланқызы 10 «Ә»-сынып оқушысы. Халықаралық «Золотое руно» тарих пәні бойынша ІІІ орын; 2014-2015 оқу жылы бойынша тарих пәнінен олимпиада І орын, аудандық ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы бойынша тарих пәнінен олимпиада І орын, аудандық ІІІ орын; 2016-2017 оқу жылы бойынша тарих пәнінен олимпиада І орын, аудандық ІІІ орын; 2014 жылы «Көктем аруы» Бас жүлде; 2016 жылы «Алтын күз» ІІ орын; Сонымен қатар көптеген би сайыстарының жүлдегері.
3.Маратов Алмаз Маратұлы 8-сынып оқушысы. 2014-2015 оқу жылы Шабыт фестивальі ІІ орын; Шашкі ойынынан І орын; Қолөнер сайысы алғыс хат; Халықаралық «Ақбота», «Кенгіру» интелектуалдық сайыстарының сертификат иесі; Бейнелеу өнері сайысының ІІ орын жүлдегері.
4.Бекболатқызы Дана 9 «Ә»-сынып оқушысы. 2015-2016 оқу жылы аудандық футбол ІІ орын, облыстық ІІ орын; 2015-2016 оқу жылы мектепішілік тарих пәнінен олимпиада ІІ орын; 2016-2017 оқу жылы мектепішілік физика пәнінен олимпиада ІІ орын; 2016-2017 оқу жылы Алтын күз сайысы Бас жүлде.
5.Махим Ербол Хазитұлы 11 «А»-сынып оқушысы. 2016-2017 оқу жылы мектепішілік информатика пәнінен олимпиада ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық футбол І орын, облыстық ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық КВН жайдарман ойыны ІІІ орын, облыстық ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық дартс ойыны ІІ орын.
6.Мұханбедин Бекарыс Аманжолұлы 10 «А»-сынып оқушысы. 2015-2016 оқу жылы мектепішілік тарих пәнінен олимпиада ІІ орын; 2016-2017 оқу жылы мектепішілік тарих пәнінен олимпиада ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық футбол І орын, облыстық ІІІ орын;
7.Ажмұратов Бексейіт Манарбекұлы 8-сынып оқушысы. 2013-2014 оқу жылы мектепішілік математика пәнінен олимпиада ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы мектепішілік тарих пәнінен олимпиада І орын; 2015-2016 оқу жылы «Жігіт сұлтаны» шебер жігіт атағына ие болды.
8.Сабихова Венера Даниялқызы 9 «А»-сынып оқушысы. 2015-2016 оқу жылы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада І орын; 2016-2017 оқу жылы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада І орын, облыстан ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиада ІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық «Біз жанбасақ лапылдап» жазба ақындар мүшайрасы І орын, облыстық ІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» Ф.Оңғарсынованың туған күніне ұйымдастырылған жас ақындар мүшайрасы І орын, облыстық Бас жүлде; 2015-2016 оқу жылы аудандық Сара Алпысқызының туған күніне орай ұйымдастырылған көркемсөз оқулары сайысынан І орын; 2015-2016 оқу жылы облыс әкімі Н.Ноғаев табыстаған алғыс хат және кубок. 2015-2016 оқу жылы аудандық «Ақберен» байқауында жас ақындар мүшәйрасынан ІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас ақындар мүшәйрасынан ІІІ орын; 2015-2016 оқу жылы аудандық Махамбет Өтемісұлының құрметіне ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасынан ІІІ орын.

Жүргізуші: Орналасу үшін ретпен,
Жеребелер тастаймыз.
Қазылармен танысып,
Ойынымызды бастаймыз.
(Ойынымызды бастау үшін қатысушыларға жеребе тасталып, реттік нөмірлері арқылы орналастырылады.)
Жүргізуші: Ойыншыларға баға берер қазылар алқасының құрамы:
Әділқазыларды таныстыру
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Марданова Мира Сайынқызы
2. Тарих пәнінің мұғалімі Шамахова Лаззат Құрметқызы
3. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлманова Айман Тәшекенқызы

Жүргізуші: Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу дұрыс, біреулер қате басып.
Бұл ойыннан өтеді Көшбасшылар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып – дей келе зияткерлік сайысымызды бастаймыз !!!

Жүргізуші:
Зияткерлік ойынымыздың жалпы мақсаты – Жастардың шығармашылық қабілеттіліктерін айқындау және дамыту, олардың кәсіби бағдарлануына ықпалдасу, білімді жастардың танымдық іс-әрекетін, дербес көшбасшылық қасиеттерін анықтау, үздіктерді табу, марапаттау.

«Көшбасшы – 2017» зияткерлік ойыны: «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылуымен жүзеге асырылады.

Жүргізуші: Ойын ережесімен таныс болайық:
1. Зияткерлік ойын 3 кезеңде өткізіледі.
2. І кезеңнің І айналымы: Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақстан тарихы пәні бойынша 20 сұрақ қойылады. Тапсырмаларды орындауға 30 секунд (1 сұраққа) беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен есептеледі.
3. І кезеңнің ІІ айналымы: Тарихи математикалық сұрақ. Тапсырмаларды орындауға 30 секунд (1 сұраққа) беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен есептеледі.
4. ІІ кезеңнің І айналымы: Ассамблеяның 20 жылдығына орай көрсетілетін бейне сұрақта әр мемлекеттің мемлекеттік рәміздері жасырылады. Тапсырмаларды орындауға 30 секунд беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен есептеледі.
5. ІІ кезеңнің ІІ айналымы: Көрерменмен ойын. (Айтылған нақыл сөздердің авторын дұрыс тапса, ұпай саны өзі қалаған ойыншыға қосылады).
6. ІІІ кезең: Тарихымыздан сыр шертіп, өткенімізді ойға оралтатын кезең Кино сұраққа арналады.
7. ІV кезең: Қорытынды кезең.
8. V кезең: Әділқазылар алқасы ақылдаса отырып шешетін, қатысушыларды Марапаттау кезеңі.

Жүргізуші: Болашақтың иесі сендер Жастар,
Белсенділер болыңдар көшті бастар.
Биіктерден әрдайым көрініңдер,
Бәріңізге рахмет Көшбасшылар !!! – дей келе, бүгінгі жастар арасындағы «Көшбасшы – 2017» зияткерлік ойынымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Тәрбие.орг сайтынан Көшбасшы-2017 Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кисимов Нұрлан Болатұлы

Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден селосы Ю. Гагарин атындағы орта мектеп тарих пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 148 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar