Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
КҮЗ ҚУАНЫШЫ
  • 05.11.2016
  • 145 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19896

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (16.1Kb)

Тақырыбы: Күз қуанышы

Мақсаты: - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе
білуге дағдыландыру.
- белсенділік, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,
еңбексүйгіштікке баулу.
- эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: шарлар, плакаттар, күзгі ағаштың көрінісі, жемістер, көкөністер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Топтарды орналастыру.
3. Сайыс бөлімдерімен таныстыру.

Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, ата – аналар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Бүгінгі кеште сіздермен жүздескенімізге қуаныштымыз.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Алтын себебі біріншіден айналаның бәрі сап – сары бояуға енсе, екіншіден алтын байлықтың белгісі.
Бүгінгі «Күз қуанышы» деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!
Енді , осы кешімізге қатысатын топтарды қарсы алайық.
І топ –
ІІ топ –
ІІІ топ –
Әрине, сіздер бұл кешті асыға күттіңіздер, дайындалдыңыздар. Сондықтан, біз аса қызығушылықпен сіздердің шығармашылықтарыңызды тамашалаймыз, ізденіс жауапкершіліктеріңізге лайықты баға береміз. Енді осы топтардың әділ бағасын беретін қазылар алқасын тағайындап алайық.

Құрметті қазылар алқасы! Сайыстың әр бөлімі «5» балдық жүйемен бағаланады.
Енді бүгінгі сайысымыздың орындалатын шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. (топтың аты, ұраны, төсбелгісі)
2. Қабырға газетін қорғау, экибана, күзгі дастархан.
3. Өнер көрсету. (ән немесе би өнеріне жеке, балалардың актерлық қабілетін жеке бағалау.)
4. Табиғи материалдардан аппликация жасау және қорғау. 4 минут
5. Поэзия минуты. «Күз» туралы өлең оқиды.
6. Табиғат туралы мақал - мәтел сайысы.
7. Шығармашылық тапсырма: жағдаяттан жығу жолы.
Тапсырма:

Жүргізуші: Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,
Күз сәнімен келіп қапты ортаға.
Сайысқа қатысуға шақырайық,
Таныстыру кезегін жалғастыра.
1 сайыс таныстыру.
Әр топ өздерін таныстырады. (қазылар алқасы бағалайды)

Жүргізуші: Сайыстың 2-ші бөлімі қабырға газетін қорғау.
(қазылар алқасы бағалайды)

Жүргізуші: Ерке өсіп, ен жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
Сайысымыздың 3-ші бөлімі өнер сайысы. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
(қазылар алқасы бағалайды)
Жүргізуші: Сайыскерлеріміз дайын болғанша, көрермендермен ойын ойнайық.
Ойын шарты: 1. Әріптер тарату.
2. Сол әріптен басталатын сөзбен жауап қайтару.
Сұрақ: 1. Қарбыз қайда өседі?
2. Күзгі жапырақтар қашан түсіп бітеді?
3. Аспанды бұлт торласа не болады?
4. Картоптан өнімді қалай көп алуға болады?

Жүргізуші: О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі – бірін.
Тыңдайық тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.
Енді сайыскерлеріміздің актерлық шеберліктерін тамашалайық.
(әділ қазылар бағалайды)

Жүргізуші: Келесі 4-ші сайысымыз «Өнерлінің қолы алтын» деп аталады.
Әр топ берілген тапсырманы 4 минутта жасау қажет.

Жүргізуші: «Ән көңілдің ажары,
Ән өмірдің базары» демекші Аубакирова Дананың орындауында
ән: «Құстар әні»

Жүргізуші: Сонымен кезекті сайыскерлерімізге берейік. Жасаған аппликациясын әділ қазыларға тапсыру.

Жүргізуші: сайысымыздың келесі бөлімі поэзия минуты «Күз» туралы өлең оқиды. (қазылар алқасы бағалайды)

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі түрі «Сөз анасы – мақал» дегендей мақал-мәтел сайысына кезек береміз.
Сайыскерлер кезекпен мақал – мәтел жазылған жапырақтарды суырып алады. Онда жазылған мақалдың жалғасын тауып, бірден жауап беру қажет.
(қазылар алқасы бағалайды)

Жүргізуші: Соңғы сайысымыз шығармашылық тапсырмамен аяқталады. Бұл сайыстың ерекшелігі жағдаяттан шыға білу қабілеті мен тапқырлығы бағаланады.
Енді әділ қазылар әділ бағасын бергенге дейін сөз кезегін ата – аналарға берейік.
Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.
- Марапаттау.

Жүргізуші: Демеңіздер біз өнерлі аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Келесі кездескенше сау болыңыз,
Осымен сайысымыз аяқталды.

- Күзгі жәрмеңке ұйымдастырылады. Тәрбие.орг сайтынан КҮЗ ҚУАНЫШЫ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аринова Гулдана Келсинбековна

ШҚО, Ұлан ауданы, Баяш Өтепов ауылы, "Амангелді атындағы негізгі мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 145 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar