ХХІ ғасыр көшбасшысы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 636
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 17/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18670


Қожабекова Бағдагүл Жанғазықызы
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Нарқызыл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушыларды шапшаң , логикалық ойлауға, математикалық ой-өрістерін кеңейтуге
ұлтжандылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
- Танымдық, белсенділік , ойлау қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, басқаларды тыңдай білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: плакаттар, ұяшықтар, бағалау парағы, белгілік карточкалар
Сайыстың кезеңдері:
«Бәйге» (сұрақ- жауап, әр дұрыс жауап 1 ұпай )
«Тіл- өнер» (жұмбақтар жауабы үш тілде әр дұрыс жауап 2 ұпай)
«Ғажайып үштік» ( тақырып бойынша ұяшықтар таңдау)
«Жорға» ( сұрақтар)
Өтілу барысы:
Менделеев кестесін кім білмейді,
Әрбір затты санменен номерлейді.
Химия менен биологияға үңілсеңіз,
Құбылыстарды санменен өрнектейді.

Информатика болашаққа бастайды,
Келешекте білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік, ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал аппақ ниетпен,-дей отырып бүгінгі білім сайысына қатысушыларды танысытырып өтейік
1. Әділханов Олжас 5 класс оқушысы
2. Елдосұлы Әскербек 6 класс оқушысы
3. Жұбатқанқызы 7 Гүлфариза класс оқушысы
4. Мырзалы Альбина 8 класс оқушысы
5.Асубекқызы Нұрбану 9 класс оқушысы
Бағдарлап, сауалыңды, тұрған алда,
Жауабыңды айтылатын дұрыс таңда.
Ақыл-ойың жеткізер мұратыңа,
Жеңіске жетер жарқын жолдан танба, деп, ойыншыларымызға ақ жол тілеп, ойнымызды бастайық.
Білімінің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста керек екен.
«Бәйге» (сұрақ- жауап, әр дұрыс жауап 1 ұпай )
Әр ойыншыға 5 сұрақ
№11.Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)
2.Қазақстандағы ең суы мол өзен (Ертіс)
3.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
4.Баспа құрылғысы (принтер)
5. Құрамында әрпі бар өрнек?
№21.Ең жарық ғаламшар? (Шолпан)
2.Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
3.Бөлшектің түрлері (Жай және ондық бөлшектер)
4.Пернетақта дегеніміз не? (Компьютердің енгізу құрылғысы)
5.640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
№31. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен (Амазонка)
2.Заттың неше күйі бар? (3)
3.Ғарышқа ең алғаш жол қашан ашылды? (1957 ж 4- қазан)
4.Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі (дөңгелек)
5.Зинкес программа (вирус)
№41.Біздің ғарыштық құс жолы қалай аталады? (Галактика)
2.Жолдың формуласы (s=vt)
3.Ақпарат түрлері (мәтіндік, графикалық, символдық)
4.Әлемдегі ең үлкен материк (Еуразия)
5.Тынық мұхиты Жер бетінің қанша бөлігін алып жатыр? (үштен бір)
№51.Әлемдегі ең үлкен көл (Каспий)
2.1 км неше метр бар? (1000 м)
3. Файлдар жиыны (бума, папка)
4.Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз , табиғаттағы ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі (Күн)
5.Бұрыштың түрлері (тік, жазыңқы, сүйір, доғал, толық)
«Тіл- өнер» ( жұмбақтар жауабы үш тілде әр дұрыс жауап 2 ұпай)
Біз жастармыз,
Ел ертеңі- сол жастардың қолында.
Қай істе де аянбаймыз,
Отан –Ана жолында.
Еш қателік болмау керек ,
Біздер жүрген жолдарда.
Қате болса,
Тез шешімін таба аламыз оның да!

1.Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер – окружность - circle)

2. Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шықан тегін білсе де.
(түзу - прямая - line)

3.Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тінтуір, мышь, mouse)

4.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (жылдамдық, скорсть,speed)

5. Суда сайраңдайды,
Құрғақта қараңдайды ( балық, рыба, )

6. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге ( су, вода, )
7. Денесін жерге тығады,
Шашы жерден шығады.
Қызғылт сары қазықты
Кім бар кәне, ұғатын? ( сәбіз, марковь, )
(Осы кезеңнен кейін ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығад
Айға, Марс, Шолпанға
Астрономия жол ашты.
Сол сапардың бәрінде
Физикамен санасты.
Пайдаланған көп ғалым,
Физиканың заңдарын.
Сол заңдармен таныды,
Табиғаттың сырларын.

Математика- бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдынында сүңгіп-сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың.
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың- біліміңді ал қасыңа.
Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен
Бірақ , тасыма!

«Ғажайып үштік» ( тақырып бойынша ұяшықтар таңдау)
Ғалымдар
10. «Шығыс Аристотелі» атанған ортаазиялық ғалым (Әбу Насыр Әл Фараби)
20. Қазақтың белгілі ұлы ғалымы, тарихшы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ. (Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов)
30. Адамдардың ғарыш туралы түсінігіне үлкен өзгерістер енгізген, Жер және басқа ғаламшарлар Күнді айналады деген теорияны қалыптастырған поляк оқымыстысы (Николай Коперник)

Терминдер
10.Телескоп деген не? (алыстағы денелерді көруге арналған үлкейткіш линзасы бар дүрбі)
20. Бұл термин тіл ғылымы саласында, математикада, биологияда кездеседі. Сөзде, өсімдікте және теңдеуде болатын бұл қай сөз. (түбір)
30. Диффузия дегеніміз не? (сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуын айтады)

Тәуелсіздік – 25
10. Елордамыз Астанадағы «Бәйтерек» монументінің биіктігі (97 м)
20. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды, авторларын ата?
30. Тұңғыш қазақ геологы, қазақ ССР ҒА-ның тұңғыш академигі, қазақ тілінде шыққан тұңғыш алгебра оқулығының авторы (Қаныш Имантайұлы Сәтбаев)

(Осы кезеңнен кейін ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады)
Міне нағыз сыналатын кез келді,
Қарап қалма, сен де үлес қос, тезде енді.
Шапшаңдық пен білімділік танытып,
Оза шауып таң қалдыршы біздерді
«Жорға» (Әр дұрыс жауап 1 ұпай)
А нұсқасы
1. Шаманың төрттен бір бөлігі
2. Үшінші ғаламшар
3. Ұзындық бірліктері
4. Ғарыш айлағы
5.Ең үлкен мұхит
6. Ағзадағы сұйықтық
7.Жер Күнді межелеген уақытта толық айналып өтуін не деп атайды?
8. Ең кіші үш таңбалы сан
9.Математикалық ойлауды қажет ететін ұлттық ойын
10. 5 санының квадраты
Б нұсқасы
1.Шаманың екіден бір бөлігі
2.Бұрыштың өлшем бірлігі
3.Төртінші ғаламшар
4.Тұңғыш қазақ ғарышкері
5.Ең кіші мұхит
6. 5 санына кері сан
7.Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыты не деп аталады?
8. 100 жылдың басқаша атауы
9.Адам ағзасының қанша пайызын су құрайды?
10. Астрономия ғылымы нені зерттейді?

Ертеде данышпан деген патшаның елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.
Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.
Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.
Данышпан: «Байлық»- бір жұттық, «Бақыт» - баянсыз, «Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.
Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.
Міне, бұдан шығатын қорытынды: ақылды, білім болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек.
«Білім азбайды, ақыл тозбайды», «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды әркез есте ұстай жүріп бүгінгі білім сайысымыздың қорытындысын шығарайық

Жеңімпазды анықтау, марапаттау Тәрбие.орг сайтынан ХХІ ғасыр көшбасшысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қожабекова Бағдагүл Жанғазықызы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нарқызыл негізгі мектебі ММ математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar