«Кішкентай ханшайым» сценарий

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1180
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18442


«Кішкентай ханшайым» сценарий
Күні:
Мақсаты:Кішкентай қыздардың бойында мәдениеттілік, әдептілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік:Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Жан-жақтыбілімді, сауаттыболуғаүйрету. Бойындағы өнерін және шеберлігін дамыту, жетілдіру.
Тәрбиелік:Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.

1 Жаршы:
Бүгін біздің патшалығымызда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергітіп бой.

2 Жаршы:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін біз «Балдәурен» патшалығының кішкентай ханзадасының құрметіне ұйымдастырылған жиынға қош келдіңіздер! Жиын соңында «Балдәурен» патшалығының кішкентай ханшайымы тағайындалады!

1 Жаршы:
Назар аударыңыздар! «Балдәурен» патшалығының кішкентай ханзадасы!

Мұғалім:
Қош келіпсіз ханзада! «Балдәурен» патшалығында дүбірлі той екенін естіп қуанып жатырмыз. Патшалықтың ханшайымын әділ сайыс арқылы тағайындауды жөн көрдік.
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық –өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 4 кезеңнен тұрады.
1.«Сәлем сөздің анасы»(өзін-өзі таныстыру)
2. «Сұлулықтың сыры»( (қолмен жасалған кешкі киім үлгісі)
3. «Мен- анамның көмекшісімін» (анасымен бірігіп жасалған салат түрі)
4.«Өнерлі өрге жүзер»(өз өнерін қөрсету: би, ән, өлең, рөльдер)

Жүргізуші:
Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын – төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:
1).
2).
3).


Жүргізуші:
Уа, халайық!
Бастамас бұрын сайысты,
Әжемізден тобымыздың
Аталы бата алайық.

Әже:А, Құдайым оңдасын
Оң жолына бастасын
Бүгінгі мынау сайыстан
Еліне ұнар ару бол
Халқың сүйер аққу бол!
Әумин!

Жүргізуші:
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Мың бұралған арулар аңдып басып
Келеді міне ортаға толқын тасып.
Аруларды сыйлаған халқым менің
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

1.Ай секілді өзі де,
Сыңғыр, сыңғыр сөзі де
Аяулым деген арудың
Әдемі ғой көзі де

2.Қуантады білімімен бізді Аружан
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

3.Ай нұрынан жаралған
Ай мен күні анасының
Ақылдысы баланың
Сейсенова Аружан деген сұлуды

4.Отбасының еркелеткен
Жарқыраған жұлдызы
Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан
Жанель деген қызыңыз

5.Ынталы да инабатты
Өнегелі қызыңыз
Ата-анасының ақылдысы
Асыл деген сұлуымыз

(Ұлдар қыздарды ізетпен сахнаға ертіп келеді)
-Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен,ізетпен танысуға.
1.Өзін-өзі таныстыру
Бағалау
-Біздің арулар сайыстың келесі бөліміне дайындалғанша аналардың құрметіне жігіттеріміз өлең шумақтарын арнамақшы:
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді,
Түрлі-түрлі сән көйлек,
Көз тартады не керек,- деп 2 кезең «Сән үлгісі»(Аруларымыздың өз қолдарымен жасалған кешкі киім үлгісін көрсетеді)
Хор «Анашым»

Жүргізуші:«Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады» Дегендей ендігі ІІІ-кезең «Мен анамның көмекшісімін» (анасымен бірлесіп жасаған салат түрі)
Арулар дайын болғанша ұлдарымызды ортаға шақырайық
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең

Аялағеан саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.

Мақтаным апа
Шат әнім апа
Өзіңе тақпақ
Жаттадым апа.

Сұлулықты,өнерді қанат еткен.
Паш етті қазағымды күллі әлемге,
Оларға ай қызығар қарап көктен
Жүргізуші:,-деп келесі 3 кезең «Өз өнерін көрсету»
Жігіттермізді ізгі ниет, жылы лебіздерімен ортаға шақырайық:
Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!

Құлпырған гүлдей,
Қөқтемгі күндей
Жылылық маған
Төгесің үзбей

Әділқазылар бағаларын беру.

Жүргізуші:Кең даламның ежелгі,
Қазақ дейтін халыкпыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа,
Бүгінгі күннің жемісі
Достық болып қалуда.
Қыздар балқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Осымен сайысымызды аяқтаймыз
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға.
Хор «Біз бақытты баламыз»
Әр қатысушы қызға мадақтама , сыйлықтары беріледі. «Кішкентай ханшайым» атағы беріледі. Ханзаданың марапаттауы. Тәрбие.орг сайтынан «Кішкентай ханшайым» сценарий Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Камзаханова Айгерім Ахметкалиевна

Пікірлер: 0

avatar