Кітапханаға барамын. Нәтиже сабақ

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 779
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 15/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19345


Қазақ тілі сабағы. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кітапханаға барамын. Нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты Білімділік: «Кітапхана барамын» модулі бойынша алған білім деңгейін анықтау, лексикалық қорын бақылау; қандай? не істеді? сұрақтарына жауап бере алуын тексеру және алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана алатын дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: есте сақтау қабілеттері мен танымдылықтарын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: өз біліміне жауапкершілікпен қарау, еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Шығармашылық жұмыс: «Балық қаңқысы» әдісі, сөзжұмбақ, Бес жол өлең құрастыру.
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.
Ұйымдастыру түрілері: Топтық, жеке.
Ресурстар: Постерлер. Бағалау парақтары. Кеспе қағаздары. Смайликтер. Түрлі-түсті фишкалар.

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс – әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
7 мин. 1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері» әдісі. Шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Түрлі- түсті фишкалар алып, түстер бойынша топтарға бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру.
Білу.
3 мин Кітапханаға саяхат тақырып бойынша сұрақтар қою.
- Өткен сабақта біз қайда бардық?
- Кітапханада нелер көп?
- Балаларға кітапты кім береді?
- Кітапханада қандай тәртіп сақтау керек? Өткен тақырыптар бойынша материалды қайталап, сұрақтарға жауап береді.
Мотивациялық кезең.
Түсіну.
2 мин - Балалар, біз бүгін өткен сабақтарда «Кітапхана модулі» бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз.
- Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Осы тақырып бойынша:
- нені үйрендік, нені білдік көрсетеміз.
Бүгін нәтиже сабақ орындаймыз.
Негізгі бөлім.
Қолдану.
15 мин
Топтық жұмыс: «Балық қаңқасы» әдісі.
Орындау тәртібін түсіндіремін.
Бағалау критерийлерін алдын ала жазып балалардың парталарына қоямын.

Басы – тақырыпқа сұрақ;
жоғары сүйектері – тақырыптың негізгі ұғымдары;
төменгі сүйектері- түсініктерін дәлеледеу ;
құйрығы-сұраққа жауап. Балалармен бірге бағалау критерияларын жазамыз:
Баға Дескрипторлары
«5» - Нақты сұрақ құрастыра алды.
- Негізгі ұғымдары анық жазылған
- Реттілігі сақталған.
- Сұраққа нақты жауап жазды.
- Сөздердің орын тәртібі сақталған.
«4» - Сұрақ құрастыра алады.
- Негізгі ұғымдар жартылай жазылған
- Реттілігі сақталған.
- Сөздердің орын тәртібі сақталған, 2-3 қате бар.
- Сұраққа жауап жазды.
«3» - Сұрақ ты жартылай құрастыра алды.
- Негізгі ұғымдар жартылай жазылған
- Реттілік сақталмаған.
- Сөздердің орын тәртібі сақталған, 3-4 қате бар.
- Сұраққа жауап жартылай жазды
Сұрақ-жауап құрастыра алмайды
«0» ұпай.

Талдау.
7 мин Кез келген топ «Балық қаңқасы» әдісі бойынша жұмысын қорғайды.

Бағалау критерийлері бойынша әр топтың жұмысы бағаланады.
Екі жұлдыз, бір тілек»әдісі
-жағымды әсерін жазады
-ұнаған жайттарды жазады
-ұсыныс немесе бір жаксы тілек.
Оқушылар стикерлерге жазып, тақтаға іледі.
Сергіту сәті.
1 мин Музыкалық бейне сергіту.
Синтез.
6 мин Жұппен жұмыс. Бес жолды өлең құрастырып жазу. Дәптерлерінде орындайды.
1.Тақырып. Зат есім.
2.Екі сөз. Қандай?
3.Үш сөз. Не істейді?
4.Тақырыпқа байланысты сөйлем.
5.Бұл тақырыпқа қатысты бір сөз жазыңдар. Балалар дәптерлеріне жазғандарын оқиды.
Формативті бағалау.
«Шапалақ » әдісі.

Рефлексия.
3 мин Сауалнама


№ Мен сабақта жұмыс ............................ істедім өте жақсы
1 жақсы
орташа
2 Тапсырмалар маған ...... ..................... болды жеңіл
қиын
онша қиын емес
3 Маған ......................
....................қиын болды. сұраққа жауап беру
аудару
сөйлем құрастыру немесе ....
Оқушылар смайликтер арқылы сабақтан кейін қандай көңіл-күйде қалғанын көрсетеді.
Үй тапсырмасы:
1 мин Кітапхана тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.


Облыс, қала, мекеме атауы:
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№10 «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
Атқаратын міндетті: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Аты-жөні: Касенова Алма Увалиевна

Материалдың тақырыбы: Ашық сабақ: Кітапханаға барамын. Нәтиже сабақ. Тәрбие.орг сайтынан Кітапханаға барамын. Нәтиже сабақ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar