КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 433
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 08/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19613


ТАҚЫРЫБЫ: КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
•Компьютерлік графиканың анықтамасы және негізгі міндеттері.
•Компьютерлік графиканың даму тарихы.
•Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстары.
•Компьютерлік графиканың түрлері.
Компьютерлік графиканың анықтамасы және негізгі міндеттері. Монитор экранындағы бейнелер түріндегі ақпараттарды өңдеу үш негізгі бағытты қамтиды: кескіндерді тану, бейнелерді өңдеу және машиналық графика. Кескіндерді танудың негізгі есептеріне алдын ала берілген бейнелерді таңбалық формальды түсінікті тілге түрлендіру. Кескіндерді тану немесе техникалық көру жҥйесі (COMPUTER VISION) – енгізілуге дайындалған бейнелердің сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін, әдістердің жиыны. COMPUTER VISION жүйесінің көп есептерінің бірі, объектілерді скелеттеу, яғни объектінің негізін, оның «скелетін» қалыптастыру болып табылады. Бейнелерді өңдеу (IMAGE PROCESSING) енгізілетін де және нәтижелік те деректердің бейне түріндегі өзгеруін қарастырады. Мысалы, бейнелерді олардың шуын жойып, деректерін сығып тасымалдау, бейненің бір түрінен екінші түріне ауысу (түрлі түстіден ақ-қара түске ауысу) және т.с.с. Сонымен бейнелерді өңдеу деп, оларды түрлендіруге жасалынатын іс-әрекеттер жиынын айтамыз. Бейнелерді өңдеу жұмыстарына белгілі бір критерияға байланысты олардың сапасын жақсартумен қатар (реставрация, қалпына келтіру) бейнені түп өзгертіп жіберетін арнайы түрлендірулер жатады. Тәрбие.орг сайтынан КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оналбаева Мариям Есеновна

Ақтөбе қаласы № 49 ЖОББМ Физика және информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar