Кубик- рубик ойыны

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 601
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 01/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20301


« Сиқырлы Кубик –Рубик » ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың білім – білік дағдыларын байқау, өздерін емін –еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығы ояту.
Ойын құралдары: сан жасылған кубик, табақ, жұлдызшалар, ребус суреттері, мақтау қағазы, сыйлық,
Ойынға қатысушылар: 2, 3, 4 сынып оқушылары, әр сыныптың жетекшілері, және көрермендер
Ойынның мазмұны : Балалар 3 сыныпқа бөлінеді. Әрбір сыныпта 8 баладан артық болмауы керек, балалар сиқырлы кубикті табақ үстіне лақтырады, кубик қай жағымен түссе, сол жақ беттегі сан берілетін тапсырманың № көрсетеді, егер берілген сұрақты немесе тапсырманы дұрыс орындаса сол сыныпқа 1 жұлдызша беріледі. Ойынның соңында жұлдызшалардың саны саналып қорытынды шығарылады,сонымен бірге ойынның жеңімпазы аңықталып, сол сыныпқа мақтау қағазымен және сыйлық беріледі.
Тапсырмалар
1. Жұмбақ шешу
( 2 жұлдызша беріледі )
2. Ребус шешу
( 1 жұлдызша беріледі )
3. Актер (берілген бейнені қимылмен көрсету )
( 2 жұлдызша беріледі )
4. Математикалық есеп
( 2 жұлдызша беріледі )

5. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр
( 2 жұлдызша беріледі )
6. Сұраққа жауап беру
( 1 жұлдызша беріледі )

1. Жұмбақтар:
1. Қашсам- құтылмадым,
Ұстасам- қолыма тұрмады. (көлеңке)
2. Қарап тұрсаң өзiне,
Сурет түсер көзiңе,
Ол суретiң ұқсайды,
Дәл қазiргi өзіңе. (айна)
3. Бес iн, бес iннiң аузы бiр iн. (қолғап)
4. Бiз, бiз едiк, бiз едiк,
Бiз жылтыраған қыз едiк,
Таң атқанша жайылдық,
Таң атқан соң жойылдық. (жұлдыз)
5. Мұрты бар, сақалы жој,
Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық)
6. Ти десем, тимейдi,
Тиме десем, тиедi. ( ерін)
7. Жаздай iнге тығылып,
Жатқан қызыл түлкiнi,
Құйрығынан суырып,
Әкелдi әжем бiр күнi. (сәбiз)
8. Сырт- сырт соғады, уақыт озады. (сағат)
9. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама. (кiтап)
2. Ребус шешу
I. Түбір Тү+ 1
II. Сона С+10+А
III. Күшік К+3+ ік
IV. Айгүл
V. Жүзім 100+ім
VI. Етік , 7+к
VII. Тасбақа
VIII. Алмагүл
IX. Инелік
3. Актер (берілген бейнені қимылмен және дыбыспен көрсету )
1. Қуанып тұрған баланы көрсету
2. Жуынып жатқан мысықты көрсету
3. Иттің қуанғанын көрсету
4. Орманда адасып жүрген баланы көрсету
5. Сәбіз жеп отырған қоянды көрсету
6. Жылап отырған баланы көрсету
7. Тасқа аяғын ұрып алған баланы көрсету
8. Шөпке қарап тұрған сиырды көрсету
9. Тонып отырған баланы көрсету
4. Математикалық есеп
1. Мына 8 ақ алма
Нұрдәулетпен Жанарға
5 сары алма Манарға
Қызыл алма Анарға.
Қанша сонда бар алма? ( 14 )
3. Сөмкемде менің әуелі,
13 жаңғақ бар еді.
Мұратпенен Маратқа
Саматпенен Қанатқа,
Апасына Қанаттың,
2-ін беріп тараттым,
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал жаным? ( 7)
4. Ағам бізді жинады,
8 қолғап сыйлады.
Қамқор болған ағамыз,
Біздер қанша баламыз. ( 4 )
5. Мұз айдында 20 бала
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай 7 бала ,
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың. ( 27 )
6. Бес бұтақты қайыңда –
Бұтақ сайын бес алма,
Біреуін бердім досыма,
Сонда қалмақ неше алма. ( Қайың ағашында алма өспейді)
7. 19 алманың 8
Досың сұрап алады,
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? ( 11)
8. 10-ға +8-ді +оған 15
Нешеу болды барлығы? ( 33 )
9. 45-тен 10-ды аламын
Жауабына 9 санын қосамын.
Нешеу болды барлығы? ( 44)
10. 5-ті 5-ке қосамын,
Одан 10 –ды аламын
Және 21 санын қосқанда,
Нешеу болды барлығы? ( 21)
5. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр
1. Кеше біздің үйге қонақтар келді.
2. Тырна түлкіні қонаққа шақырады.
3. Мұрат кітапханаға жие барып тұрады.
4. Менің қалада достарым көп.
5. Әжесі немересіне дүкеннен әдемі қалам сатып әперді.
6. Айгүл кеше мектепке келген жоқ.
7. Біз бүгін Болат екеуіміз мектепке барамыз.
8. Менің Мақсат деген үлкен ағам бар. Тәрбие.орг сайтынан Кубик- рубик ойыны Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar