Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ұлт тілін ұлықтаған қайсар рухты ақын!
  • 24.05.2016
  • 440 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19116

Ұлт тілін ұлықтаған қайсар рухты ақын!
(Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ақын Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Оқушыға көркем ойдың айнасы – көркем сөз екендігін үйрету.
Тәрбиелік: патриоттыққа, адамгершілікке, адалдыққа баулу.
Дамытушылығы: өз елінің беделді ақын, жазушы азаматтарының шығармаларын оқып, білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, плакаттар, фотосуреттер, шарлар, кітап - журналдармен көркемделген көрме.
Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады.

1– жүргізуші: Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.

2 – жүргізуші: Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.
«Рух пен тіл» әні: хор
1 – жүргізуші:
Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны » атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған
«Ұлт тілін ұлықтаған қайсар рухты ақын » атты әдеби – сазды кешке қош келдіңіздер!».
2– жүргізуші:
Қазақтың қылыштай өткір тілді, қайратты мінезді, қадірлі азаматы Мұхтар Шаханов
1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Бірақ балалық шағы Төле би ауданының Қасқасу ауылында өткен. 2 – жүргізуші: Әдеби қызметкер, меншікті тілші, Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы қызметін атқарған.

1-жүргізуші: Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын,
Төртеу- менің мұратым,
Төртеуінен алма кезек нұр алам.
2-жүргізуші: Біріншісі-туған елім-ұлы анам
Екіншісі-ғазиз анам, саулығымды сұраған
Бірақ маған екеуі де- бір адам.
Бөрібаева Қ:Төрт ана өлең

1– жүргізуші
Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым!
Сан алапат тасырдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жеті жарым ғасырдан соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттым,
Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шаққан сол баяғы баладан
Бұл күндері саналы ұрпақ тараған.
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.
2-жүргізуші:
«Түркияда ұлттық, тілдік мүдде алға шыққан кезде мүмкіндігі бар қалталы адамдар аянып қалмайды екен. Біздің сорымызға қарай, қазақ байларының көпшілігі космополит, ана тілін мойындамайды . Үш ғасырлық құлдық сана заңды сипат иеленіп, жұрт күтпеген деңгейде ұлттық намысты құлдыратып жіберді, сөйтіп қазақ халқы арасында төртінші топтың қалыптасуына, олардың қысылмай еркін түрде ұлтсыздық идеясын іске асыруына жол ашты»- дейді М. Шаханов.
Кеулімжаева Г : Тіл -рухы күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ
1– жүргізуші: Кешіктің деп кінәлама, айбарлым,
Сені ояту үшін қанша ойладым.
Еңіреген ер, ең аузы дуалы,
Бізге жетті жүрегіңнің шуағы.
Түп-тамырын сенен алып жатқан ел
Саған ұқсас батырларын туады.
Күллі Азия тігетін таңдана
Құм астынан көрінбейді паң қала
Сол қалаға арнаған бұл жырымды
Оң қабақтан қабылдай гөр, жан баба!
«Арман» өлеңі..(Айғаным,Нұрперзент,Мәди,рамазан)
Ерте, ерте, ертеде
Отырарда
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық ұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала
Ән: «Туған күн кешінде»
Ақын өлеңдеріне кезек береміз:
Бір топ үйірме оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқиды.
2 – жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі,мен Шыңғыс ханның зобалаңы жайлы әңгімелейтін. Анамның «Бала әле жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегеніне әкем: «Жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері»- дейді ақын.
Отырар дастаны көрініс (Айзат ,Нұржан,Нұрперзент,Рамазан)

- Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала-алмау,
Ойы-дауыл, сезімі аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба
Ән: Отырардағы той

Әзілханова А: Біз қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз,
1-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасының тарихы айтылады.
1986-да желтоқсаның ызғарында қақыған,
Қайсар ойларың кісендерін үзіп, сан жылдар байлап матаған.
Саналарыңнан бағыныш, құлшыл үркек сезімдердің еті өліп,
Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін ту етіп шырқап, көтеріп,
Жаңа ұран айтып қиюы қашқан заманға
Топтасып едіңдер Брежнев атты алаңда.
Ол кезде де ұлтыңның тілі екі аяғынан ақсаған
2-жүргізуші : Желтоқсан оқиғасында қайтыс болған аға-әпкелерімізді желтоқсан құрбандарын үнсіздікпен 1 минөт еске алайық! ( рахмет)
Қазақ азаматы Қайрат Рысқұлбеков 1987 жылдың 1 қаңтары күні тұтқындалған еді.
Көрініс: Тергеуші Қайратқа сұрақ қояды.
Тергеуші : Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді өлтіргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар! Көзін құртыңдар!
Қайрат: Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық »,
Атам десеңдер атыңдар!
Айбота: Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.

Бақтыбаева А: Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер..
Хор: Желтоқсан тағлымы
1-жүргізуші: Тамыры жаһандағы бар қазақтың
Соғады Отаным деп бір жүректің
Бостандық, Тәуелсіздік деген ұғым
Не деген қасиетті ең құдіретті ең?
Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға 23- жыл толып отыр.
2-жүргізуші: Жаңа ғана қазағымның таңы атты
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жас, жаса мәңгіге туған елім!
1-жүргізуші: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса, жаса мәңгіге туған елім!
КөбегенқызыГ: Мен қазақпын
1-жүргізуші: Мұхтар тұлғасы ғасырлар кешінде талай-талай мақтала берері хақ!
Өмір мен өнер заңдылығына әлдеқашан айналып, ой- санамызға табиғи түрде сіңісіп, уақыттың ағымымен ұдайы жаңғырып тұратын құбылыс, ұлы сезім!
Ән: «Қазақ елі » орындайтын ( хор )
2-жүргізуші: Осымен Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби- сазды кешіміз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Аман –саулықта болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Ұлт тілін ұлықтаған қайсар рухты ақын! Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дарменова Сандуғаш Суйпбергеновна

Қызылорда облысы,Арал ауданы,Шижаға ауылы №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 440 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar