Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 681
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 08/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18517


Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Ырғыз № 2 орта мектебі
Ыбраева Ләззат Күнтуқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақиық ақын, тұнық жырдыңиесі,М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби саздыкеш/

Ашылуы. «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.
Менің анкетам. Үнтаспадан орындалады.
1 – жүргізуші:
Аузын ашса жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін.
Қайран Мұқа, аруақыты ақынсың ғой
Қос тұлпардай жер тарпып тебінетін. – Иә, өткен ғасыр елімізге қазақ жырының айбынын асырып, мерейін аспандатар таланттарды аз бермеді. Солардың бірі, әрі бірегейі, қасиетті Қарасаз жерінде туып, қанаты қатайып, қысқа ғұмырында өшпестей із, мәңгілікке мұра қалдырған ақиық ақын М.Мақатаев. Ендеше, ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: - Алдымен ақынның өміріне сәл шегініс жасайық. М.Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келеді. Азан шақырып қойған аты – Мұқанбетғали. Атасының аты – Мақатай. Әжесінің аты – Тиын.Мұқағалидің өр мінезділігі, бірбеткейлігі әжесіне ұқсаған дейді. Әкесі – Сүлеймен, анасы – Нағиман, жары – Лашын және алты баласы бар.
Ақын өлеңді 10 жасынан бастап жаза бастайды. Әкесі соғысқа кетіп, әкесіне деген сағыныштан өлең жырлары туады. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, Қызыл отаудың меңгерушісі комсомол қызметінде болады. 1954 1967 жылдар аралығында Қазақ радиосының дикторы болса, 1962 – 1972 жылдары «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972 – 1973 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының әдеби кеңесшісі болды. Мұқағалидің есімі көпшілікке «Аппосионата» поэмасы бойынша танылды.

1 – жүргізуші:- Бүгінгі ақынға арналған кеште не айтсақ та, не арнасақ та артық болмас еді. Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали «өшеді өлең, немесе көшеді өлең» деп анық пайымдағандай, әміршілдік әпербақаны поэзияға да қатты тиген заманда «ақиқаттың ауылын іздеп шарқ айналған» шыншыл ағаның ақиық туындылары өзі жарық дүниемен қоштасқалы қанша жылдар жылжып өтсе де, бүгінгі егемен елдің еркін аспан, азат дала, асқар тауларында қырандай самғап, ХХІ ғасырда рухани керуеннің көш басында келеді. Мұндай бақыт «мыңнан тұлпар» дарабозға ғана бұйырған ғой. Осының өзі - ақ өлмес өмір иесінің аз тірлікте нағыз алыптарша еңбек тудырып, жан жүрегіңдегі жыр – жанартауы ақтық демі сөнгенше лапылдап, жанып өткендігі емес пе?

2 – жүргізуші: - Ал көл – көсір мұраға бас – көз болып, сары майдай сақтаулы сарғайған дәптерлерден саф алтын шумақтарды теріп алып, шып – шырғасын шығармай оқырман қауымға ұсынып, әдебиет қазынасын байытқан ақынның жары – Л.Әзімжанқызы. Тәрбие.орг сайтынан Мұқағали - мәңгілік ғұмыр Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ыбраева Ләззат Күнтуқызы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз №2 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar