Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мұқағали Мақатаев - ғасыр ақыны
  • 22.11.2016
  • 361 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20148

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кеш «Ғасыр ақыны – Мұқағали Мақатаев»
Кештің мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.
М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Кештің көрнекілігі:
М.Мақатаевтың портреті, кітаптар көрмесі, слайдтар, сазды музыка.
Кеш сазды әуенмен ашылады. (1 слайд)
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан тола алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.
/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/
Қазақ халқының ұлы лирик ақыны, шынайы поэзия өкілі, дара тұлға Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданы Шалкөде ауылында туған. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарының қиыншылықтарымен дәл келгендіктен, болашақ ақын өмірдің ащы-тұщысын ерте татады. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза табады, анасы Нағиман балаларын өзі асырап, өсіреді.
Орта мектептік білім алған Мұқағали әртүрлі салада қызметтер атқарады: ауылдық кеңестің хатшысы, «Қызыл Отау» ұйымының меңгерушісі, мектеп мұғалімі, комсомол қызметкері. Өлең жазуға деген құштарлығы М.Мақатаевты қаламгерлікке жетелейді, әсіресе газет саласында жемісті еңбек етеді. Аудандық «Советтік шекара», республикалық «Социалистік Казақстан» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарды.

2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін...
- Партияда барсын, ба?
- Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
- Мекен-жәйің?
- Мекен-жәйім - жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?
2-жүргізуші:
Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті биге берейік.

Ән: «Есіңе мені алғайсың» (3 слайд)
1-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
2-жүргізуші:
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
1-жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.
Өз туған жері жайлы ақын өлеңдері
1. «Үш бақытым» 3 д сынып оқушысы -
2. «Туған жер-ай» 10 а сынып оқушысы – Озғанбаев Санжар
3. «Қарасаз» - 9 г сынып оқушысы – Әділхан Ернүр
4. «Мен таулықпын» 9 а сынып оқушысы – Әлібек Жәнібек
2-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік.
(4 слайд)

1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Келесі тыңдайтындарыңыз Туған елге деген сағыныш.
5. «Қазақстан» 9 а сынып оқушысы – Амиржан Даулетхан
6. «Түнгі Алматы» 9 а сынып оқушысы – Рудекова Аделина
/ «Қарасаз» әні орындалады/
2-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.
7. «Поэзия» 9 г сынып оқушысы – Өмірбеков Бекзат
8. «Өлең» 10 а сынып оқушысы – Воропаева Даша
9. «Халыққа хат» 10 а сынып оқушысы – Арутюн Барсегян
10. «Пай, пай өмір» 10 а сынып оқушысы – Құрмашев Рахат
11. «Махамбет, Абайлар» 10 а сынып оқушысы – Гейних Вика
2-жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.

1 жүргізуші: Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.

Махаббат туралы бейнеролик (5 слайд)
Махаббат диалогы – 9 г сынып оқушылары Суздалева Мария мен Мұрат
Мұқағали-Фариза диалогы (бейнеролик) (6 слайд)

2-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары. «Ильич» «Мавр», ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланды. «Райымбек» поэмасы туралы 10 а сынып оқушысы – Кұрбанов Ержан әңгімелейді.
1-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз.
«Автограф» - 9 а сынып оқушысы – Алиев Әлішер
«Арыз жазып кетейін» - 9 в сынып оқушысы – Сыдықов Мұрат
«Бесік басында» - 9 в сынып оқушысы – Мұхаметқалиева Анар

1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Мұқағали жайлы айтылған ойлар (7 слайд)
1. Голуб Данил – 9 а
2. Бикенова Аделя- 9 г
3. Ахметов Мамед – 9 г

2 - жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Ғасыр ақыны – Мұқағали Мақатаев» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық. Тәрбие.орг сайтынан Мұқағали Мақатаев - ғасыр ақыны Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нусупова Раушан Мұратханқызы

Алматы қаласы, КММ "№27 гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 361 | Жүктеулер: 5
Барлық пікірлер: 0
avatar