Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік жиын

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 97
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 06/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23441


Мұғалімдер күні мерекесіне арналған
«Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік жиын

Жүргізуші:

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

І жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса,
оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші:
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы – Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектебіміздің ұлағатты, ардагер ұстазы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Ерғали Балғараұлына береміз. Рахмет, ағай!

Келесі құттықтау сөз мектеп басшысының уақытша міндетін атқарушы Буденова Салтанат Құрмангалиевнаға беріледі.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Смайлов Аян Аманжолұлының жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, апай!

Әдеби монтаж

Ән: «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – сынып оқушылары Тлеуберген Ерасыл мен Рахымқұл Нұрасыл.

ІІ жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді қарт ұстаз Ағлипа апайға береміз. Рахмет, апай!

ІІ жүргізуші: Би: «Мектепте сабақ береді» орындайтын бастауыш сынып қыздары.

І жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана, ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз

«Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым менің ұстазым» орындайтын 11 сыныптың қыздары.

І жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрайымы Айгерім Бағдатқызына береміз.

ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» әні орындайтын қыздар тобы.

І жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші: Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

ІІ жүргізуші: Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

Би: Шашу биі.

І жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам –

ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 11– сынып қыздары.

І жүргізуші:
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

ІІ жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз– ұлы тұлға» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік жиын Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аймаганбетова Эльвира Мейрамовна

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы "Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп" КММ Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар. Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar