Мектеп-білім беретін мекеме

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 387
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 18/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19714


Сабақтың тақырыбы: Мектеп ---білім беретін мекеме

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыға әрбір адам білім алу керек тігі туралы ұғым беру, білім беретін мекемелермен таныстыру.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту,ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту,танымдық белсенділігін арттыру,ойлау әрекетін дамыту.

Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке,азаматтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,топтастыру,ойын.
Көрнекілігі: білім мекемелерінің суреті.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Мақал
Ақыл көпке жеткізер,өнер көкке жеткізер.
Мақалдың мағынасы ашылады.

Жаңа сабақ
1.Кіріспе әңгіме.
Мұғалім қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып ,бала оқытқан ағартушы

Ы.Алтынсарин туралы әңгімелейді.
Ыбырай Алтынсарин---ағартушы,ақын, жазушы.

Кел,балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,- деп, қазақ балаларына « Оқу хрестоматиясын» жазып, балаларды білімге шақырды.

А.Байтұрсынов----ақын,иеилекет қайраткері.Олұлттық әліпбиді тұңғыш
рет жасап ,жаңа үлгі ұсынды.Ол « Оқу құралы» атты тұңғыш әліппелердің
бірін жазды.

Қазір білім беру саласы жаңаша дамып жатыр.Біздің елімізде оқымайтын, білім алмайтын бала жоқ. Жаңа үлгіде қаншама мектеп ,лицей,гимназиялар жұмыс істейді.Арнайы орта білім бепетін колледждер,жоғары білім беретін университет,институттар бар. Тәрбие.орг сайтынан Мектеп-білім беретін мекеме Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумабаева Кенжегуль Мухамеджановна

Ақмола облысы, степногорск қаласы, №9 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar