МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 323
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 02/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19429


Тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Конституция (Ата Заң) туралы білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тақырыптық суреттер, түрлі-түсті қарындаштар, стикер

Барысы:
Ұйымдастыру.
А)«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
• Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Ә) Сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алу жолына сәттілік тілеу.
Ой толғау
1-тапсырма
«Кім тапқыр?»
Артық әріптерді сызу арқылы жасырынған сөзді тап:
ҚҚҚМҚҚҚЕҚҚНҚҚ ҚҚЕҚҚЛҚҚІҚҚМҚҚНҚҚІҚҚҢҚҚ ҚҚПҚҚАҚҚТҚҚРҚҚИҚҚОҚҚТҚҚЫҚҚМҚҚЫҚҚНҚҚ.
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Тәрбие.орг сайтынан МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адиева Жанылсын Саламатовна

Атырау облысы Атырау қаласы №10 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar