Мен өз елімнің патриотымын!

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 432
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 14/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20504


Сабатың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!

Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей « Мен өз елімнің патриотымын » атты тәрбие сағатын ұсынамын. Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.
А)«Шаттық» шеңбер: өз есімінің алғашқы әрпіне сәйкес еліміздің қандай екендігін бір сөзбен жеткізу.
Ә) Суреттер бойынша үш топқа бөлу:
В) суретке байланысты топ атын жариялау.
ІІ. Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз? (пікір талас)
Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

ІІІ. 1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл
2. Рио олимпиадасы
3.ЕХРО-2017
(Постер қорғау)
ІV. Сергіту сәті. Төрт адамнан екі топ құрау. Бір адамға екі әріп тиісілі, бір минут ішінде сұрақтың жауабын тез табу керек.
1-топ: а- ,а-п ,қ-т , б-п
-... балпақ, басың неге жалпақ? (бақа)
- Досқа күлкі дұшпанға ... (таба)
-Жастарға аумин деп береді (бата)
-Ауланы көгалдандыру және ... дыру (абат)

2-топ: т-р ,м-н ,қ-а ,а-ұ
-сиса, шыт, барқыт бұлар не? (мата)
-Адал сөзінің антонимі (арам)
-Атадан балаға қалған не? (мұра)
-түйенің аталығы (атан)
-Орталық Қазақстандағы өзен (Нұра)
-Ақжол, ақжол! Деп батырлардың айтады (Ұран)
V. Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?
(әр топтан оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады)
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

• Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
• Туған жерге деген ыстық сезім;
• Ата- баба өсиетіне адал болу;
• Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
• Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
• Ана тіліне деген құрмет;
• Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
• Елдің тарихын құрметтеу;
• Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
• Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
• Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
• Заңға бағыну;
• Үкіметті сыйлау;
• Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
• Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
• Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
• Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.
Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз. Тәрбие.орг сайтынан Мен өз елімнің патриотымын! Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухамбетова Гулбану Ергалиевна

Ақтөбе қаласы, №57 ЖББОМ математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar