Менің сүйікті ойыншығым 2 сынып

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 408
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 16/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20049


Сабақтың тақырыбы: Менің ойыншығым
Білімділігі: Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету .
Дамытушылық : Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік қорларын дамыту .
Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .
Пән аралық байланыс : Қоршаған орта , көркем әдебиет .
Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері , машина,доп,бүктеме, қуыршақ ,слайд
Ұйымдастыру кезеңі
1 . Шаттық шеңбері.
2 . Қонақтармен амандасу.
3 . Өлең оқу
4 . Ертеңгілік жылы лебіздер
5 . Жұмбақ шешу
6 . Дидактикалық ойын « Жалғасын тап »
7. Сұрақ - жауап
8. Сөздік ойындар
9 . Сөзжұмбақ
10 . Р . Тышқанбаевтың « Қуыршақ » өлеңін оқып беру
11. ойын : « Ғажайып қорапша! »
12. Қорытынды
13 . Қонақтармен қоштасу .

Мұғалім: Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз,
Қош келдіңіз көңіл күйге сеніңіз.
Қощ келдіңіз шыққан күндей жарқырап,
Көңілді сәтті бізбен бірге көріңіз
Балаларды ұйымдастыру .
Мұғалім; Қайырлы таң балалар ! «Сәлем – сөздің анасы» демекші, келген қонақтармен амандасайық.
-Балалар , бүгін ерекше күн .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Балалар; Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп ,
Бас иеміз біз!
Мұғалім; Балалар , қане , бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар; шаттық шеңберге тұрады .
Бәрі бірге қосылып айтады .
Шаттық шеңбері;
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Мұғалім; Тіл апталығын мақтап,
Бүлдіршін айтады тақпақ.
Зер салып тыңдап,
Қол соғайық мықтап.
Мұғалім: балалардың бүгінгі «Ойышықтарым» тақырыбына арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Данил: Ойыншығым – құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін.
Асмалика: Ойыншығым-қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Мансур: Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Дильназ: Ойыншығым – көжегім,
Қорықпайды қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
Томирис: Добым –добым домала,
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды.
Жек көремін оныңды.
Балалар бүгінгі «Менің сүйікті ойыншығым » тақырыбын өтеміз.
Сұрақ - жауап ; Сүйікті ойыншықтарың бар ма ?
-Қандай ойыншықтарың бар ?
-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар; жауап береді.
Мұғалім ; Балалар , мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар ; Олар - ойыншықтар .
Мұғалім ; Ойыншықтармен не істейді?
Балалар ; Ойыншықтармен ойнайды .
Мұғалім ; Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әсем , әдемі ойыншықтар . Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар; доп. Мұғалім; доптың пішіні , түсі қандай ?
Балалар ; жауап береді .
Мұғалім ; Кім доп туралы тақпақ біледі ? Әлихан : Топ –топ добым домалақ ,
Қайда кеттің домалап .
Бір ,екі деп екі ұрдым ,
Шатырға сен секірдің .
Мұғалім; Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; қуыршақпен .
Мұғалім; -Дұрыс айтасыңдар . Қуыршақпен . Балалар қуыршақтың әдемі шашы , әдемі көйлегі бар екен . Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?
-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; машинамен ойнайды .
Мұғалім ; Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі ?
Алексей: Үлкенмін ғой міне мен ,
Ойыншықтарды жинаймын .
Машинаға мінер ем ,
Кабинаға сыймаймын .
Мұғалім ; Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді .
1. Матадан жасалған .
2. Пластмассадан .
3. Резинадан жасалған ойыншықтар . Сипаттама беру .
ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;
1. Аяғы бар , жүрмейді ,
Аузы бар , күлмейді .
Айнымайды бөпемнен ,
Тек сөйлеуді білмейді . ( қуыршақ )
2. Суға салсаң батпайды ,
Түскен жерге жатпайды . ( доп )
Дидактикалық ойын ; « Жалғасын тап » .
Ойын шарты ; Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды .
-Менің ойыншығым ............. / әдемі /.
-Мен қуыршақпен ................/ ойнаймын/ .
-Допты жоғары .................... / лақтырдым / .
Камилла: «Қуыршақ » өлеңін оқып беру .
Сөйлемейсің сен неге ,
Тілің жоқ па, қуыршақ ?
Жуынбайсың сен неге ,
Кірің жоқ па, қуыршақ ?
Аяғың бар, сен неге ,
Жүре алмайсың , қуыршақ ?
Жұмсағанда сен неге ,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің ,
Аңқаусың ба, қуыршақ ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ ?
Сөздік ойындар: Не жоқ? 1,2,3 көзіңді жап.Бір ойыншықты тығамын.
1,2,3 көзіңді аш. Не жоқ ? - деп сұраймын.
Балалар, мен сөзді бастаймын сендер аяқтаңдар. Мысалы: Қо- ......, Мы....., Бала-..., Кір-.....т.б.
Сөзжұмбақ шешу:
Камилланың орындауында «Айгөлек» әні
Ойын ; « Ғажайып қорапша ». ( ішінде асық)
Ойын шарты ; көздеріңді жұмып қоржыннан кез -келген ойыншықты аласыңдар . Алған ойыншықтарыңның атын , түсін , қатты , жұмсақ екенін айтып , жақсы мейірімді тілек білдіресің . Мысалы ; мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсет.
Бәріміз «Балдырған» әнін орындаймыз.
Қорытындылау : Мұғалім сөзі
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын,
Аман сау болайық! Тәрбие.орг сайтынан Менің сүйікті ойыншығым 2 сынып Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аленова Самал Аманбаевна

Ақтөбе облысы № 3 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar