«Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалды сайыс

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 213
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 27/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20706


Тақырыбы: «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалды сайыс

Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау,
бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеру.
Дамытушылық: Студенттердің ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен
іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта
отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге,
жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне,
ұйымшылдыққа, жан – жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

ШАРАНЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдары:
интербелсенді тақта, жетон, слайд, бейнеролик

Б. Әдебиеттер:
1. Е.Қ.Балапанов «Информатикадан 30 сабақ»
2. Г.Ә.Жапарова «Информатика негіздері»
3. К.М.Беркінбаев «Информатика»
4. Әлеуметтік желілер сайты


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқытушылар, сайысқа қатысушы ойыншылыр, көрермендер «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының онкүндігіне байланысты «Миллион кімге бұйырады?» атты компьютерлік интелектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.
Олай болса ең алдымен бүгінгі сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтсек:
1.
2.

Бұл сайысқа І курс студенттері қатысып отыр. Олай болса сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін.
1. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері: Қадылбек Майра, Чалматаев Темірлан
2. «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенттері: Мақашбаева Ажар, Солткен Қанат
3. «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенттері: Аталықов Дидар, Даулетханова Рауза
4. «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенттері: Тоқтар Бақыт, Түстебай Динара

Енді сіздерді сайыс ережесімен таныстыра кетейін. Бұл сайыс барысында сұрақтар «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының онкүндігі болғандықтан информатика пәні бойынша қойылады.
«Миллион кімге бұйырады?» сайысымыздың сұрақтары интербелсенді тақтада беріледі. Әр сұрақты таңдап аларда теңге соммасын өсу реті бойынша таңдайсыздар. Теңге соммасын таңдап алған соң сұрақ оқылады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Қай ойыншымыздың жауабы дайын болса сол ойыншы жауап бере алады. Егер жауап дұрыс болса сол дұрыс жауап жасыл түске боялады, ал қате болса қызыл түске боялады. Дұрыс жауап берген ойыншы әрі қарай сайысты жалғастырады. Әр 10 сұрақтан соң аз теңге жинаған ойыншылар сайыстан шығады. Бұл сайыста 2 жеңілдік беріледі:
І. Досыңнан көмек – досыңызға телефон шаласыз, сұрақ пен жауапты оқып бересіз, ойлануға 1 минут беріледі, ол жауабын сол уақыт арасында, беру тиіс кейін берілген жауап қабылданады.
ІІ. Зал көмегі – жетон арқылы. Залда отырған көрермендерде әр түрлі түсті жетондар болады. Мысалы: А – қызыл, В – көк, С – жасыл, D – сары. Жүргізуші сұрақ пен жауапты қайталап оқиды, көрермендерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Уақыт біткенде қолдарындағы түрлі түсті жетонды көтеру арқылы сұрақ жауабын береді. Егерде қай түс басып болса сол жауап деп қабылданады.
Олай болса «Миллион кімге бұйырады?» сайысымыздың ережесі таныс болсақ сайысымызды бастайық.
1. 2 00 теңге –
Кестенің бір негізгі элементі
Көлденең ұяшық құру қызметі
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі /Жол – Строка – Line/
2. 5 00 теңге –
Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген /Мәтіналғы – сканер – scanner/
3. 1 000 теңге –
Тұрады ол жолдармен, бағандардан,
Және тұрар ұяшық ағымынан
Қане ойланып көрейік ол не екен?
Баған менен жолдарды қиылыстырған /Кесте – таблица – table/
4. 2 000 теңге – Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы – Бір ақылдан, екі ақыл артық.
5. 3 000 теңге – Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас – Шегірткеден қорыққан егін екпес.
6. 4 000 теңге – Компьютерде екі колонка дауысы жер жарады – Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады.
7. 5 000 теңге – Веб дизайншының өз еркі сайтты қалай жасаса да – Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса да.
8. 6 000 теңге – Қазақстан Арал теңізі арқылы қай мемлекетпен шектеседі? /Өзбекстан/
9. 7 000 теңге – Бәрімізге белгілі ондық санау жүйесі ең бірінші болып қай жерде пайда болды? /Үндістанда/
10. 8 000 теңге – Ең алғаш операциялық жүйе қай жылы шықты? /1985 жылы/
11. 9 000 теңге – Ctrl+P пернелер комбинацияларының қызметі қандай? /Баспаға жіберу/
12. 10 000 теңге – «Microsoft» фирмасының президенті /Билл Гейтс/
13. 20 000 теңге – Көрермен сауалы: Залдан бір көрерменді шақырамыз, көрермен ойыншыларға мимикамен компьютер құрылғыларын көрсетеді. Сол мимикамен көрсетілген құрылғыны ойыншылар табу керек. /Монитор, принтер, сканер, тышқан, пернетақта және т.б./
14. 30 000 теңге – Doctor Web антивирус программасының авторы кім? /И.Данилов/
15. 40 000 теңге – Бейне сұрақ. WWW ұғымы нені білдіреді?
/Дүниежүзілік өрмек/
16. 50 000 теңге – Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика. /Франция/
17. 60 000 теңге – «Бәйге» бөлімі бұл бөлімде жұптар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді. Егер де осы 10 сұраққа түгел дұрыс жауап берген жұпқа теңге сумма беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Windows операциялық жүйе бола ала ма?
2. Принтер баспа құрылғысы
3. Microsoft Word стандартты бағдарлама
4. Word Pad қолданбалы бағдарлама
5. WinRAR архивті бағдарлама
6. WinZip антивирустық бағдарлама
7. Главная, Вставка, Вид мәзірлер қатарында орналасқан
8. Монитор, жүйелік блок, пернетақта дербес компьютердің негізгі құрылғылары
9. Сканер – көшіру құрылғысы
10. Модемнің 3 түрі бар
Қызыл конверт сұрақтары:
1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс интерфейс па?
2. Жүйелік блок, монитор, тышқан компьютердің негізгі құрылғыларына жата ма?
3. Pаint презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама ма?
4. Паскаль қолданбалы программа
5. Word офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор
6. Кабель компьютер сымдары
7. 2 сыныптан информатика пәні оқытылады
8. Программист компьютердің маманы
9. Интернет бүкіләлемдік желі
10. Сканер мәліметтерді енгізу құрылғысы
Жасыл конверт сұрақтары:
1. Microsoft Word бағдарламасын 4 әдіспен іске қосуға болады
2. Архивті файл дегеніміз сығылған күйде бір файл құрамына енгізілген бір немесе бірнеше файлдар
3. Тышқан – экранда сілтеме қалпын көрсететін құрылғы
4. Файл – екілік санау жүйесінің цифры
5. Ақпарат – қоршаған орта мен болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы
6. Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, алу, сақтау, түрлендіру, тасымалдау, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән
7. Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және ақпарат іздеу жолдарын меңгертуді айтады
8. ЭЕМ электронды есептеуіш машинасы
9. Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу қызметін атқарады
10. Есте сақтау құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады
18. 70 000 теңге – 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Ол машинада көпорынды сандарды қосу мүмкін болды. Сұрақ: Ол қандай атпен белгілі болды және оны кім құрастырды?
/Қосу машинасы, Блез Паскаль/
19. 80 000 теңге – 1761 жылы Исаак Ньютон ұсынған идеясымен ағылшын ғалымы логарифм сызғышын жасады. Сол ғалымның аты – жөні кім?
/Робертсон/
20. 90 000 теңге – Мына әннің аты мен орындаушысы кім?
/Д.Жақсылықов WI – FI/
21. 100 000 теңге – Қазақ хан тұсында халық саны миллион адамға жетті? /Қасымхан/
22. 200 000 теңге – Бэббидж машинасына ең алғаш рет 1846 жылы программа жазған кім? /Ада Лавлейс/
23. 300 000 теңге – ІХ ғасыр ортасында Азияның ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн әл – Хорезми (763 – 850) есімінің латынша жазылуынан қандай термин шықты? /Алгоритм/
24. 400 000 теңге – «Әріптер жүткиді» қалған екі жұп әріптер таңдайды, сол таңдап алған әріпке үш тілде /қазақ, орыс, ағылшы/ информатика және компьютер құрылғыларына байланысты 10 сөз айту керек. Егерде 10 сөзге толмаған жағдайда залда отырған өзінің жанкүйері толықтыруға болады.
25. 500 000 теңге – Қазақстанның Республика күні қай ай және қай күн?
/25 қазан/
26. 600 000 теңге – Электронды поштаны кім және қай жылы ойлап тапты?
/1965 жылы Америкалық белгілі жазушы Эльвин Тоффлер/
27. 700 000 теңге – Қазақстан Республикасын алғаш рет егеменді ел деп таныған қай мемлекет? /Түркия/
28. 800 000 теңге – ҚР – ның жер көлемі қанша? /2млн 724, 9 мың шақырым/
29. 900 000 теңге – Қазіргі таңда ҚР әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған? /145/
30. 1 000 000 теңге – Дүние жүзінде алғашқы информатика факультеті қай мемлекетте ашылды? /АҚШ – тың Индиана штатында орналасқан Пердью университеті/

Ал енді «Миллион кімге бұйырады?» сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз әділ – қазылар алқасына беріледі.
Бүгінгі интеллектуалды ойынымыздың жеңімпазы « » студентті марапатталады. Жеңісіңіз құтты болсын, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер, рахмет!
Бар ынталарыңызбен қатысып, тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет!

Оқытушылар: Г.Б.Омарова
Л.Ж.Қылышбаева




ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері: _________________
М.Б.Балтабаева БЕКІТЕМІН
Директордың оқу – ісі
жөніндегі орынбасары:
____________________
С.Қ.Абықанова


Ақпараттық жүйелер
«МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?»
сыныптан тыс шараның жоспары әдістемелік әзірлемесі


Оқытушылар: Л.Ж.Қылышбаева
Г.Б.Омарова

Ақпараттық жүйелер
пәндер кафедрасы
кеңесінде қаралды
Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі
_________________
С.Қ.Бекмурзина

Талдықорған 2016 Тәрбие.орг сайтынан «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалды сайыс Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г.Б.Омарова

Пікірлер: 0

avatar