"Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ" сайысы

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 641
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 29/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20721


«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
сайысы

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Даналық сөздер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сайыс шартымен таныстыру:
1) үйден дайындап келген 5 мақал айту
2) берілген тақырыпқа мақал құрау
3) тіркесін табу
4) көрермендер көрімдігі
5) жұмбақ сайысы
ІІІ. Қорытындылау.

- Құрметті оқушылар, «Өнер алды - қызыл тіл» деп айтпақшы, «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын тамашалайық.
1) 5 мақалдан айту
2) берілген тақырыптарда мақал айту:
а) Тіл туралы: «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Бала тілі – бал»т.б
ә) Ас туралы: «Ас-адамның арқауы», «Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар»
б) Дос туралы: «Дос көбейсе, дұшпан аяқ астында», «Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман»
3) тіркесін тап:
а) Тіл тас жарады... (тас жармаса, бас жарады)
ә) Ерді намыс өлтіреді... (қоянды қамыс өлтіреді)
б) Басқа елде сұлтан болғанша... (өз еліңде ұлтан бол
в) Зейіні бардың... (бәріне де бейімі бар)
4) Көрермендер көрімдігі: Төмендегі тақырыптарда екі мақалдан құрау: отан туралы, бала туралы, денсаулық туралы.
5) Жұмбақ сайысы. Шарты: бір-біріне жұмбақ жасыру; жұмбақтың жауабын табу.
а) Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз)
ә) Тіріден өлі туады, өліден тірі туады (жұмыртқа мен балапан)
б) Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды тетігін бұрамай (сағат)
в) Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе, жоқ тыныш (қайшы)
г) Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді (ауа)

ІІІ. Қорытынды: «Тұз астың дәмін келтіреді, мақал сөздің мәнін келтіреді» дегендей, бүгін біз оқушылардың мақал мен жұмбақ сайысын тамашаладық. Құрметті оқушылар, осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан "Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ" сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кеуілжаева Гүлшира

Қызылорда қаласы №235 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar