Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні
  • 01.09.2016
  • 498 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19425

Төкенова Күлдіхан Қалиасқарқызы
№141 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы

Бүгінгі қоғамға лайықты азаматтар тәрбиелеу үлкен жауапкер-
шілікті талап етеді. Қазақ халқының асыл мұраларын ұрпақ
бойына дарыта білсек, онда білім де, тәрбие де нәтижелі жемісін
береді. Тәрбиелік қазынасы мол сөз қазынасының бірі-нақыл сөз-
дер. Мұндай сөздерді әр кезде, уақыт, жағыдай талдамай-ақ оқу-
шылар санасына сіңіре беру, тәрбие мақсатында жүйелі түрде пай-
даланып отыру қажет. Қазақтың би-шешендерінің тапқыр сөздері-
нің мақал-мәтелдердің жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде мәні
зор. Осы мақсатта «Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні» деген тақы-
рыпта өткен класс сағатын ұсынып отырмын.

КЛАСС САҒАТЫ
Класс сағатының тақырыбы: «Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні.»
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың би-шешендерінің нақыл сөздерімен,
халық ішінде айтылатын нақыл сөздермен, мақал-мәтелдер-
мен таныстыра отырып, олардың мағынасын ашу, олардың
тәрбиелік мәнін түсіндіру, дұрыс мәдениетті сөйлеуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қазақтың би-шешендері, Мақал-мәтелдер.

1. Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Гимн « Менің Қазақстаным »
3. Қызығушылықты ояту.
а) Қандай мақал-мәтелдерді білесің ?
ә) Қандай нақыл сөздерді білесің ?
б) Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні қандай?
4. Мәтінді тану.
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты:
сонда Төле би былай деген екен:
- Бата - басқа , қына - тасқа, ақыл – жасқа, не қалайсың балам ?-депті.
Сонда Жетес бала:
- О, қасиетті, баба! – Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады.
Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет
айтсаңыз соған ризамын,- депті.
- Онда қолыңды жай, балам,-деп Төле би:
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала.
Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!-
аумин, деп бата беріпті.
Қаз дауысты Қазыбек бидің батасы:
Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-Ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп қас сыйлар,
Асу бермес дана бол!
- Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
5. Ой толғау. Мақал-мәтел, бата, өсиетті сөздер айтқызудан сайыс.
а) Армансыз адам алысқа бармас.
ә) Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.
б) Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырық бесінде жас болар.
в) Қарағайға қарап тал өсер,
Құрбысына қарап бала өсер.
г) Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
6. Пікір-талас.

Қолданылған әдебиет: Қазақтың би-шешендері. Мақал-мәтелдер. Тәрбие.орг сайтынан Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Төкенова Күлдіхан Қалиасқарқызы

№141 жалпы білім беретін мектеп ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 498 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar