Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 724
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 13/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22797


Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?
Сыныбы: 4
Тақырыбы: «Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?»
Мақсаты:
Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: пікірталас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд

Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі «Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Пікірталас мазмұнымен таныстырып өтейін:
1. Пікірталасқа 5 оқушы қатысады.
2. Пікірталасқа оқушылары өз ойларын баяндайды.
3. Пікірталасқа қатысып отырған оқушылары бір - бірлеріне сұрақ қояды.

«Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?» тақырыбы бойынша
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.
Деген мақсатта пікірталас ұйымдастыруға шақырамын

1 - қонағымыз -
Жүргізуші: Тәрбиелі қыздар көпшілік ортада қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
ТӘРБИЕЛІ ҚЫЗДАР Көпшілік ортада:
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бар жатып тайып кеткен кісіне сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды.
Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі.
Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.
Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді.

2 - қонағымыз - ........................................ ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Кітапханада қалай ұстау керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Кітапханада:
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды.

3 - қонағымыз - .............................................. ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Мұражай мен көрмеде оқушылар өзін қалай ұстау керек?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?

Мұражай мен көрмеде:
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді.

4 - қонағымыз - ..................................................... ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Театрда оқушылар өздерін қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?

Театрда:
Спектакльдің басталуына 15 - 20 мин. қалғанда келеді. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады.
Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді.
Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді.
Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады.
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді.

5 - қонағымыз - ................................................... ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Сұрақ: Қоғамдық ортада жастардың мәдениеті қандай?
Өз - өзін ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу жағы?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?

Қазіргі көпшілік жастар қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстамайды. Оны айтпаса да көрініп тұрған нәрсе. Бірақ бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды. Жастар өзгеріп барады. Мүлдем мәдениетсіздік орын алып барады деген көлденең пікірлерге қарсымын. адам өзін - өзін көпшілік ортада қалай ұстау керек, әсіресе жастар. Менің ойымша жастар көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды, жігерлі ұстауы керек.

Сұрақ - жауап: Келген оқушыларға өз ойларын әрі қарай жалғастыру үшін сұрақтар берілді.
1. Мектепте оқушылар қалай ұстау керек?
2. Көшеде өзін қалай ұстау керек?
3. Қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек?
4. Жақын достарыңның арасында өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

Мәдени мінез-құлықтың ережелері

1. Жеке бастың гигиена, жинақылық пен тазалық ережелері.

Күн сайын бір мерзімде тұрып бөлмеңді желдетіп ал және ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жаса.

Ертеңгілік жуыну, тісті тазалау, құлақ пен мойындарын жуу керек.

Ұйықтар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алу керек.

Тамақ ішер алдында, жұмыстан соң және дәретке барғаннан кейін қолынды жу.

Бет орамалды пайдалан, мұрныңның әр кез таза болуын қадағала.

Түкіргенде және жөтелгенде ауызыңды бет орамалмен жауып, теріс қара.

Шашыңды тәртіпті ұста: ол әр қашан жақсы қырқылған, таралған және өрілген болуы керек.

Төсекті әдемілеп жинау, ақ жаға тігу, оны жуып үтіктеп, алу, түйме қадау, бәтеңке тазалау сияқты жұмыстарды үйрен, мұны әрқашан өзің істейтін бол.

Стол жасауды, стол басында дұрыс отыруды, құралды пайдаланып, мәдениетті тамақтануды үйрен.

Әр кез жинақты, таза киініп жүр. Киім таза, үтіктелулі болуы тиіс.

Мектепте мектеп формасын, үйге арналған киімді кию керек.

Қонаққа барганда ерекше жинақы, мерекедегідей, әдемі киінеді.

Үйден шығарда айнаға қарап ал: Бәрі орнында ма екен?

Өз киімін мен аяқ киіміне ұқыпты бол, олардың тазалығын өзің қадағалап жүр.

Киімді әдемі киюге үйрен, киімің қыспайтын болсын, таза және үтіктеулі болсын.

Өзіңнің үйіңдегі және мектепке апаратын заттарыңды дұрыста.

Өзіңнің жұмыс істейтін бұрышыңды таза ұста: шаңын сүртіп отыр, кітаптарын мен дәптерлеріңді сабақтан кейін ылғи да бір орынға қойып жүр.

Алған барлық заттарыңды: қайшыны, инені, тарақат, кітапті өзінің тұрақты орнына қойып үйрен.

Сырт киіміңді стол үстінде тастай салмай, өз ілгішіңе іліп қой. Үйге киетін киімің әр қашан өз орнына жатуға немесе форманың үстіне ілінуге тиіс.

Ойыншықтарыңды да ретті ұста. Ойнап болған соң олардың бәрінде орны орнына қой.

2. Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ережелері

Сыпайылылық арқылы өзінің басқа адамдарға қатынасын біледі. Сыпайы адам басқаларға ыңғайсыздық жасап өкпелетпейді.

Сыпайы адам ылғи да сәлемдесіп қоштасып жүреді. Сәлем жауап бермеу әдепсіздікке жатады.

Сен отырған бөлмеге үлкен кісі кірсе, оған сәлем беру үшін орныңнан тұр.

Үлкен кісіге бірінші болып сәлемдесу керек, бірақ бірінші болып қол ұсыну дұрыс емес. Егерде үлкен кісі қол ұсынса, сенде қолыңды бер. Сәлем бергенде амандасқан адамның бетіне тура қарап тұру керек.

Үлкен кісі саған қарап сөйлесе отырған орныңнан тұр да тұрегеп тұрып сөйлес.

Өз жолдастарыңмен сыпайы бол оларға ат қойып, айдар тақпа, айқаламай сөйлес, «Сыйқырлы сөздерді» («Рақмет», «рақым ет») айтуды ұмытпа. Дөрекі болма, айқалама. Жолдастарыңмен ұсақ-түйекке дауласпа, ұрысып-керіспе, жұмыс, ойын үстінде тату болуға тиіс. Өсек айтпа. Досың қателік жасаса, бірден өзіне айт. Сыпайы адам дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермейді.

Сыпайы адам басқаларымен жылы шырайлы, ілтипатты болады. Егер одан басқа біреу бір жайды сұраса немесе әлде қандай көмек беруін (бірдеңе әкелу, әперу, біреуге көмектесу т.б.) өтінсе, ол мұны құлшына орындайды.

3. Дәлдік пен міндеттілік ережелері.

Сен бұл жарық дүниеде жалгыз емессің, адамдар арасындасың. Сондықтан сенің қылықтарың біреулерді қуаттанып біреулерді ренжітіп жатуы мүмкін.

Онсыз өмір сүру қиынға түсетін, жалпыға ортақ ережелерді әр адам орындауға тиіс.

Жұмыс, ойын, ойын сауық көп ретте ұйымдасқан тұрде болады. Мұндайда жалпы тәрбие табыс әр адамға байланысты, сондықтан да жолдастары жерге қаратпау үшін ортақ ережелерді міндетті тұрде орындау керек. Өз уақытыңды және басқа үлкендер мен жолдастарыңның уақытын бағалай біл.

Кез келген істі бастай отырып уақытыңды дұрыс есептей біл, сабаққа дайындалуға, үйірмелер жұмысына, ата-аналарыңа көмектесуге, саяхатқа, жолдастарыңмен ойнауға, кітап оқуға, теледидар хабарларын көруге қанша уақыт кететінін біліп ал.

Күн тәртібін орындауға тырыс. Дер уақытында ұйықтап, орныңнан тұр. Оқу-оқуға бір мезгілде отыратын бол, саяхатқа шығатын, ойын сауық пен спортпен айналысатын уақытты біл.

«Домино» ойыны:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек.
«Білген сайын келеді біле бергім.»

Жүргізуші: Сонымен құрметті көрермендер, пікірталастың шешуші сәтіне келіп жеттік. Пікірталасқа қатысып өз ойларыңды ортаға салып, қатысқандарыңызға көп - көп рахмет. Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе? Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Таубаева Элеонора Мирамғалиқызы

БҚО Ақжайық ауданы,Сарман бастауыш жалпы білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar