Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оң және теріс сандар 6- сынып
  • 06.01.2017
  • 89 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20804

Күні:
Пәні:Математика
Сыныбы:6
Сабақтың тақырыбы:Оң сандар және теріс сандарға есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оң және теріс сандарды пайдалана отырып оқушылардың есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік:Оқушыларды оң,терңс сандарды ажырата білуге,мәтін есептерді,амалдарды шығара білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды белсендәләкке,өз бетімен жұмыс жасауға,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой –өрісін,сөздік қорын, логикалық ойлауын танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:таблица,кеспе қағаздары

Сабақтың типі:Аралас

Сабақтың әдісі: Көрнекілік,практикалық

Жаңа технология.Дамыта оқтыу.СТО

Сабақтың құрылымы:
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Өткенді еске түсіру
IV Есептер шығару (логикалық есептер)
V Бағалау
VI Үй тапсырмасы
VII Бекіту
VIII Қорытынды

Ұйымдастыру: а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу
ә)Сабаққа дайындығын тексеру
б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру:

№292
Арман мен Жандос бірдей қашықтыққа жүгірді. Межелеген уақыттан Арман 2 с бұрын келсе, Жандос 1,5 с кейін келді. Межелеген уақытты 0 деп алып, балалардың келген уақыттарын сәйкесінше оң санмен немесе теріс санмен жзыңдар.
Арман +2
Жандос -1,5

№294
Амалдарды орындаңдар:
1) 102/3 : 8/9 - 6,8 = 32/3 * 9/8 = 12 - 6,8 = 5,2
2) 51/3 : 22/9 + 0,6 = 16/3 * 9/20 = 12/5 + 0,6 = 2,4 +0,6 = 3
3) ( 2,25 + 15/6 ) * 6/7 - 0,5 = ( 2,25 + 1,83 ) = 4,08 * 6/7 - 0,5 = 3,56
4) ( 9,2 - 33/4 ) : 2,5 + 0,82 = 9,82

Өткенді еске түсіру

1)Қандай сандар оң сандар деп аталады?
<+> таңбасы жазылған сандар оң сандар

2)Қандай сандар теріс сандар деп аталады?
< - > таңбасы жазылған сандар теріс сандар

3)Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды? (0)

4)Оң сандарға мысал келтір
Биіктігі + 423 м пайда +12 300 тг. Ұтыс ұпайы +12

5)Теріс сандарға мысал келтір
Серіппенің сығылуы -2 см
Өзен ағысына қарай жылдамдық – 2,3 км/см

6)Шамалардың өзгерісінің сан мәнін жазғанда, оқығанда оның тура мағынасының алдына қандай таңба қойылады? (+)

7)Шаманың қарама-қарсы мағынасының сан мәнінің алдына қандай таңба қойылады? (-)

Есептер шығару
№295
Қазақстанның физикалық картасында: Қарақия ойысы- 132 м, Тарбағатай жотасы 2930 м, Жетісу Алатауы 4442 м деп жазылған. Картадағы бұл сандарды қалай түсінесіңдер:
Қарақия ойысы - 132
Тарбағатай жотасы + 2930
Жетісу Алатауы + 4442

№296

Тәуліктің аталған мезгіліндегі ауаның температурасын “+’’ немесе “–‘’ таңбасын пайдаланып жазыңдар

+3 -4 2) -10 С + 10С

№297

1.Су асты қайығы 500 м тереңдікте жүзіп жүр
2.Олар ойынды 2 ұпай ұтыспен аяқтады
3.Олар ойынды 1 ұпай ұтылыспен аяқтады
4.Автобус аялдамада тоқтады
5.Автобус аялдамаға 30 м жетпей (қалды) тоқтады
6.Автобус аялдамадан 15 м өтіп тоқтады

1) – 500 м 2) +2 3) -1 4) 0 5) -30м 6) +15

№301
Тромвайдың аялдамаға қатысты орнын тиісінше оң санмен немесе теріс санмен (0) нөл санымен жазыңдар.

А) Тромвайдың аялдамаға келуіне 57 м қалды.
В) Тромвайдың аялдамадан өткені 27 м
С) Тромвай аялдамада тұр

а) -57 ә) +27 б) 0

№300
Кестедегі бос орынға оң немесе теріс сандарды жазыңдар, тиісті сөздерді қойыңдар.
Сөздер: қарыс, ыстық көтерілді

+450000 Шаруашылықтың пайдасы 450 000 теңге
-60000 Фермердің қарызы 60000 теңге
-25С Аулада 250 С суық
+31С 25 тамызда күндіз 310 С ыстық болды
-14 м Ойпат теңіз деңгейінен 14 м төмен орналасқан
+40 см Көктемде еріген қар суымен өзен деңгейі 40 см-ге көтерілді

Логикалық есептер

1)Оқушы бір күнде 800 тг жұмсаса 30күнге жетеді. Ал 600 тг жұмсаса неше күнге жетеді. (40)
2)Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең бес бөлікке бөлді. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, барлық бөренені кесуге неше минут кетеді. (5мин)

3)5 адам кездесіп бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлық қол алысу неше? (10)

4) Шахмат турниріне 7 адам қатысты, әрбіреуі қайсысымен 1 партиядан ойнады. Барлық ойналған партия нешеу? (21)

5) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады. Ал кері 80 мин ұшады. Бұл қалай? (екеуі тең)

Үй тапсырмасы: №299 №302

Бағалау: Сабаққа белсенділік танытып отырған оқушылардың жетістіктерін мадақтап кемшілігін айту.

Бекіту:

Шаманың қарама +, - шамалардың атымен
қарсы
Оң және теріс сандар

оң сандар теріс сандар шаманың тура мағынасы


Оқушылар мен мына парақтарды таратам, өткен тақырыпта не үйрендіңдер соны жазыңдар.
Бұл дамыта оқыту жаңа технологиясы. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Мақсаты: сендердің танымдық қабілеттеріңді дамыту.

Қорытынды: Сонымен оқушыларбіз өткен сабағымызды қайталай отырып есептер шығардық. Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Оң және теріс сандар 6- сынып Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тасмагамбетова Гулдария Галымовна

Ақтөбе облысы, Кобда ауданы Иманғали Білтабанов атындағы орта мектеп математика пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 89 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar