Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Ойлан тап" интеллектуалды ойын
  • 13.02.2017
  • 41 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21726

«Ойлан тап» (интеллектуалды ойын)

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру ,математика , көркем әдебиет, тіл ашар сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Көрнектілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар, цифрлар , сюжетті суреттер.
Тәрбиеші: Қайырлы кун,қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Әділдікпен баға берер сендерге ,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар.
Қазір енді қазыларды сайлайық,
Ең алғыр топты айта алар,- дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-әділ қазымыз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аубакирова Гүлнар Қарсақбайқызы
2-әділ қазымыз: Бастауыш бірлестігінің жетекшісі : Бейсенбаева Айгүл Көшербайқызы
3-әділ қазымыз: мектеп психологы : Магзумова Шамшия Файзоллақызы
Компьютер-сенің көмекшің,
Қағазың әрі қаламың.
Керек емес демессің,
Аздаған соң хабарың,
Ақпараттың заманын,- дей отыра, сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып бастаймыз.
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Ойлан тап» сайысымыздың ережесімен таныс болайық. Біздің ойынымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап топпен ақылдасып жауап беруіміз керек. Әрбір жауапқа әр команда жұлдызшалар арқылы жетістікке жетеді. Қай топтың жұлдызшасы көп болса сол команда жеңіске жетеді. Жауап дайын болған кезде қолдарын көтеріп белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Өнер қуып сайыскелер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскелер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Әр топ өздерін таныстырады:
1-топ: Топ Аты: Алғырлар.
Топ ұраны: тоғызда сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
4пен 5-ке оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.
2- топ: Тапқырлар.
Топ ұраны: Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
командалар өздерін таныстырып болса, бірінші айналымды бастаймыз.
Бірінші айналым – «Білгенге маржан».
Бірінші айналымда топтарға туыстық атаулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ дұрыс жауапқа жұлдызша алады.
Сұрақтар: Нағашы әже деген кім?
Нағашы ата деген кім?
Іні деген кім?
Қарындас деген кім?
Бөле деп кімді атайды?
Жиен деп кімдерді айтамыз?
Екінші кезең – «Сөз ойла, тез ойла»
«А» , «О», «Т» , «Б» және «С», «Қ» , «Ж» , «Ш» дыбысына байланысты сөздер ойлап, буынға бөліңдер, неше буын бар екенін табыңдар
Үшінші кезең «Құрастырмалы пішіндер» (балаларға ертегіден үзінді суреттер беріледі, балалар суретті құрап қай ертегі екенін атайды.)
Ал кәнекей балалар
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
« Мамандықтар елінде» .
Төртінші кезең: «Мамандықтар әлемі».
(суретте берілген мамандық иелерін атайды) .
Сергіту сәті:
Бесінші кезең « Жоғалған санды тап!»
( қарапайым математика ұйымдасқан іс - әрекетінен тапсырма ) бұл тапсырма копитан командыларға беріледі
1...3....5...7....9.....
.....2.....4...6....8.....10
Алтыншы кезең «Санап көр» .
(балаларға суреттер беріледі суреттерді санап қанша екенін цифрмен жазып көрсетеді.)
Жетінші кезең «Тілашар»
( Жұмбақ жасырамын, жұмбақты 10, 20, 30 сандардағы ұяшықтарды ашу арқылы бал жинайды.)
Жұмбақтар :
- Жолбарыстан аумайды ,
Пеш түбінде аунайды (мысық)

- Өзіне болған қорған,
- Орман ішінде бар аң
Қорбаң-қорбаң. (аю)
- Аяғы бар , басы бар
Арқалаған тасы бар, (Тасбақа).
-Шыр-шыр етеді
Құлагыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (Телефон)
-Орманда жоғары ,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)
- Қыста үйге кірмейді,
- Көктем шықса жүрмейді. ( Шана)
8 кезең: «Әнші болсаң, тауып көр» (балаларға өлеңдерден үзінді беріледі, қай өлең екенін табу керек.)
Жеңістен жеңілістен тұратын,
Өмір- күрес, жеткіземе мұратын?
« Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме
Қатысуда бір жеңіс ,
Бір жеңіліс бар ұғатын.
Әділ қазылар сөзі:
Мадақтау грамоталары беріледі
Осымен осы ойынды тамандасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тагы да үйренеміз аман болсақ.
Қорытындылау . Тәрбие.орг сайтынан "Ойлан тап" интеллектуалды ойын Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Магзумова Гүлден Сабитқызы

Қостанай облысы Амангелді ауданы Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 41 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar