ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 586
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 20/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22846


Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, жауынгерлер жайлы,
Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.Отан үшін жан қиған, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі,слайд, буклеттер.

Кітапханашы:Армысыздар, құрметті оқушылар,мұғалімдер!Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы соғыс тарихындағы жарқын беттерге айналды.Сондықтанда бұл күннің маңызы жоғары.Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.Ендеше, бүгінгі «Отан үшін от кешкендер» аталатын әдеби – сазды кешімізге қош келдіңіздер!
(жүргізушілер шығады.Баяу ән ойнап тұрады.)

1жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: 9 мамыр Жеңістің 72 жылдық мерекесі құтты болсын!

1жүргізуші: Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағы бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен Жеңістің аяқталғанына 72 жыл.

2 жүргізуші: 72 жыл бейбіт көктем таңы атқалы,
72жыл шуақты күн таратты әнін.
72рет көктемде содан бері
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

(Соғыс туралы бейнефильм көрсетіледі)

1оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған
«Соғыс!» деп айтқан суық сөз,
Сіресіп қатқан мұз – қардай
Тыныштық сүйген қауымды,
Тітіркендірді ызғардай.
2оқушы:
Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа.
Елестетер қара тажал өлімді,
Келді міне,күндей жайнап гүл көктем.
Самал желі шашты тарап,бетті өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.
Олар біздің бақыт үшін қан төккен,
Өткізді олар сызды окопта күндерін.
Елестетем қанды кешіп жүргенін,
Естігендей болам жаудың шебіне.
Атой салған сарбаздардың үндерін.

(ән:Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген)
1 жүргізуші:
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп,барлық күшін жігерін.
Ана үшін,бала үшін,жер үшін
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

2жүргізуші:
Оңайлықпен келген жоқ жеңіс бізге,
Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.
Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас,
Түнерді қайғы бұлты талай үйде.
(Ән: Ақ көгершін.)

1жүргізуші: 1941жылы маусымның 22-сінде Гитлерлік Германия СССР-ға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.Жер бетінде болып өткен, соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс болды.Осындай ауыр жылдарды бастан өткерген аталарымыздың ерлігін еш ұмытылмауы тиіс.
2жүргізуші: 1945жылдың 8мамырында Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Осынша шығындарға қарамастан, қан төгіс майданда Кеңес халқының ержүрек, батыл азаматтары Жеңіске жетті.
1945жылдың маырдың 9-ында бұрын - соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды.Міне, Жеңіс осылай келген еді.
3 оқушы
Сүйінші елім, сүйінші
Сүйіншіге сүйінші!
Қуан ата-анамыз,
Әжелер мен бабамыз.
Соғыс бітті жеңіспен,
Кешікпей елге барамыз.
Фашистің туын құлаттық,
Әскерін қырып сұлаттық.
Қанды шелек сұмдарды,
Қан құстырып жылаттық.
4оқушы:
Ардақты Отан сен үшін,
Туып-өскен жер үшін.
Құрбан болды сан ұлың,
Әлпештеген ел үшін.
Құрбан қылып шыбын жанымды,
Төктім талай қанымды.
Неше өліп, тірілдім,
Аямай бойда барымды.
Мақтан ет ана ұлыңды

1жүргізуші:
Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта
Жан-жақтылы соққыдан жау қирады,
Жеңіс туы қадалды Рейхстагқа!
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

2 жүргізуші: Бір ғана «Жеңіс» деген сөзді естігенде сол кездегі адамдардың қуанышында шек болмады.Жан – жақтан айқайлаған дауыстар, қуаныштан жылаған көз жастарын тия алмады.Әрине, бұл қуаныштың жасы еді.
5 оқушы:
Болмасын соғыс
Тілегі осы халықтың.
Жарақат алып,қорғаған елін, отанын,
Көшеде егер балдақты адам кездессе,
Жүрегім соғып, ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып,танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп,балабақшалар алаңы,
Жауынгер болып,оқ атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп ананы.
Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс,мамыр-ай!
Қозы лақ шапсын,енесін еміп жамырай.
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
Жасасын Женіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ,ерлігін айтар жалғап мұң,
Қаншама адам ерліктер жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың
Жасасын жеңіс!
Бақытты елім, күле бер,
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Ешқашан!
1жүргізуші: Еліміздің іргесі берік болып, Тәуелсіз еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын.Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Қазақстан Республикасы дамып гүлдене берсін!
2жүргізуші: Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын! Сау болыңыздар!
(ән:День Победы) Тәрбие.орг сайтынан ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сайнова Алтын Тасболатовна

БҚО Орал қаласы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Кітапханашы

Пікірлер: 0

avatar