Отты жылдар жалын жыр боп өрілген

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 158
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 23/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23580


Отты жылдар жалын жыр боп өрілген
(М.Мақатаев шығармашылығы бойынша әдеби кеш)

Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын шығармашылығындағы отты жылдарды суреттейтін өлеңдері арқылы қатары азайып бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен сол жылдардың ауырпалығын жастайынан көтерген апа- аталарымызға құрмет көрсету. Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлері, техникалық құрал жабдықтар - мультимедиялық поректор, аудио аппаратура.

Армысыңдар, Адамдар !
( 4 ұл 4 бұрыштан шығады да өлең оқиды)

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар әлемді баурына алып шайқаған!

Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!

Әлем – дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық ...
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент – Тыныштық !

1 - жүргізуші. Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
Бүгін біз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Отты жылдар жалын жыр боп өрілген» атты поэзия кешіне жиналып отырмыз.

2- жүргізуші. Бүгінгі кештің ерекшелігі - арда туған ақын шығармаларында өз алдына бір төбе болған отты жылдар куәсіндей болған жалынды жырларын өздеріңізге таныстыру. Тәрбие.орг сайтынан Отты жылдар жалын жыр боп өрілген Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекетай балғын Нұрланқызы

ШҚО Бородулиха ауданы "Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar