Рәміздер- Отаншылдық сезімнің бойтұмары

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 351
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 30/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23139


Асқар шыңға қол созған азаппенен.
Алтын басты арландай ғажап,ерен.
Қашап салған шебердің мүсініндей.
Ұлт туылды ұлы боп «Қазақ» деген.

Сары арқа сал-сері сәні ме еді?!
Мойынқұмды тербеген әні ме еді?!
Талай талант тумастан кетер ме еді...
Ту тікпесе Керей мен Жәнібегі.

Расында бақтың бірер салмағы бар,
Сондықтан ажалдың өз алмағы бар.
Тату елдің бұзылды тыныштығы,
Қылыш сайлап қияда қалмағы бар.

Тағдыр салса,қарамас тоңғаныңа ,
Қаңбақ-ырыс,жолдас боп қонғанына.
Құйрығына жармасып,берекенің,
Кез боп шықты кесірмен жоңғарына.

Көңіл төгіп,күйменен күздің жасын,
Жырау жоқтап бастайтын сөздің басын.
Алты Алаштың ардағы Абылайлап,
Қосқан еді үш бөлек жүздің басын.

Ия,солай жалғады керуенін,
Жараға жыл,уақыт та беруде емін.
Қыз Жібекті Төлеген аңсап күнде,
Ғашық еркін салатын серуенін.

Айналдырып ол күнді елесін,
Ерік кетті өткеннің кемесіне.
Кісенге құрықталған құлын құсап,
Құл болып тағы қалды кеңесіне.

Жиылып желтоқсанда жау етегі,
Жастан-жыр,қаннан қызыл бау етеді.
Сілкіп тастап тарихты желбіреген,
Көк туға осынау жұрт тәу етеді.

Шықты көкке тәуелсіз туым азап!

Күнді құшқан қос қыранмен болды ғажап!

Әнұраным-жүрегімнің бойтұмары

Қазақ елім мәңгілік болдың азат!

Қалайша санамайсың мұны ғажап!
Ұрпағым,тегім менің,ұлым азат!
Ғасырдың жұтылмаған тозағына
Ұлы дала,Ұлы ел,Ұлы қазақ! Тәрбие.орг сайтынан Рәміздер- Отаншылдық сезімнің бойтұмары Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалдекен Нургул Қалдекенқызы

Маңғыстау облысы,Форт-Шевченко қаласы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar