Құрметте ата-анаңды!

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 278
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 25/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21289


Қызылорда қаласы
№179 А.Хангелдин атындағы орта мектеп
Ниязбаева Нұрсила Қайратқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Құрметте ата-анаңды!
Мақсаты:
Оқушыларды ата-анасын сыйлауға, құрметтеуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету
Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Слайдтар, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, «Ана жүрегі» бейнеклипі, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, цитаталар: «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес».
Тәрбие сағатының жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Оқушыларға сұрақтар
ІІІ. Өнер көрсету.
ІҮ. «Ана жүрегі» бейнеклипі
Ү. Ата-ана, отбасы туралы көріністер
ҮІ. Шығармашылық жұмыс
ҮІІ. Ой түйідеу
ҮІІІ. Қорытындылау
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады:
1-топ – «Инабатты» тобы
2-топ – «Мейірімділік» тобы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.
ІІ. Оқушыларға сұрақтар:
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер – кішіге ақылшы, кішіге – қамқоршы).
4. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата – анасына)
5. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
6. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 – бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
7. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
8. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
(Сұраққа жауап бергендерге мақтау парақшалары таратылады)

ІІІ. Өнер көрсету.
Топтар өнер дайындап келеді.
1-топ – «Инабатты» тобы ……………………………………………………………………….
2-топ – «Мейірімділік» тобы …………………………………………………………………………….

(Өнер көрсеткендерге мақтау парақшалары таратылады)

ІҮ. «Ана жүрегі» бейнеклипі
«Ана жүрегі» бейеклипін оқушыларға көрсетіп, талдау жасау. Әр топ 2-2-ден сұрақ дайындайды, келесі топтар жауап береді.
Сұрақтар қойып, сұраққа жауап берген, талдауға қатысқан оқушыларға мақтау парақшалары таратылады.

Ү. Ата-ана, отбасы туралы көріністер

Барлық топтар көріністерін дайындап келеді.
1-топ – «Инабатты» тобы ……………………………………………………………………….
2-топ – «Мейірімділік» тобы …………………………………………………………………………….

(Көрініс көрсеткендерге мақтау парақшалары таратылады)

ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Отбасыда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
Белсенді оқушылар мақтау парақшалары таратылады

ҮІІ. Ой түйіндеу
Мұғалім сөзі:
Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, қандай ой түйіндедік? Мына тақтадағы нақыл сөздерге назар аударалық.
Қайқаус. «Қабуснамадан» үзінді.
«Ата-ананы құрметеу туралы»
Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір пензенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-анамды құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар сен үшін өздерін өлімге де қиятыны белгілі.
Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма… Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кім-де-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата-анаңды құрметте. Сен ата—анаңа не жасасаң, перзентің де саған соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет-құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.
ҮІІІ. Қорытындылау
(«Инабатты» және «Мейірімділік» топтары өздернің жинаған мақтау парақшаларын санайды)
Мұғалім:
1. Қане, қай топ ең көп мараптаттау алған екен. Сол бойынша бүгінгі белсенді топты анықтап алайық.
2. Тақтадағы Қайқаустың соңғы нақыл сөздеріне назар аударалық:
«Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет-құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны»
Олай болса, тақтадағы жеміс ағашына назар аударалық. Бұл жеміс ағашын сендердің ата-аналарың деп алдым, ал, жемістері – сендер. Тәрбие.орг сайтынан Құрметте ата-анаңды! Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ниязбаева Н.Қ

Қызылорда қаласы №179 мектеп Бастауыш пән мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar