Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
С.Торайғыров «Арманым»
  • 05.02.2016
  • 442 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15627

Сабақтың тақырыбы С.Торайғыров «Арманым»
Сабақтың мақсаты
1. Білімділік: С.Торайғыров туралы мәлімет беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын таныту және көркемдік ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу;
2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау, түсіну қабілеттерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын машықтау;
3.Тәрбиелік: оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығын қадірлеуге тәрбиелеу, білімге, оқуға деген құштарлығын арттыру;

Сабақтың типі жаңа – аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері сөз әдісі, ізденіс әдісі, көрнекілік әдісі.

Ұйымдастыру формасы жаппай, дербес, топпен

Мотивация: ойландыратын сұрақтар арқылы
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі
– Оқушылармен амандасу
– ҚР әнұранын орындау
– Кезекшіні тыңдау

Үй тапсырмасы
«Сүйінбай деп сөйлесем, сөз келеді бұрқырап»дегенді қалай түсінесіңдер? атты жазбаша орындаған тапсырманы тексеру.

Мотивация
Тақтада Баянауыл, Торайғыр көлінің көрінісі, Торайғыров портреті ілулі тұр.
Ой қозғайтын сұрақтар:
1. Бұл кімнің портреті?
2. Ол туралы қандай мағлұмат білесіңдер?
3. Торайғыровтың Баянауыл жерімен қандай байланысы бар?
4. Павлодар қаласында ақынның құрметіне арналған нелер бар
Оқулықпен жұмыс
Мақсатымен таныстыру
1.Тірек сөздермен жұмыс(жаңа сөздер):айтқанын қайтпау, мол азық алу, игеру т.б.
2. Мәтінді іштей оқу
3. Түсінгенін алгоритмге түсіріп айту



Туған жылы
Туған жері
Білім алуы
Шығармашылығы
Өмір жолы
Өмірінің ақыры


Өлеңмен жұмыс 1. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
2.Таныс емес сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс.
3.Түсінгенін айту.
Топпен жұмыс I топ – эксперт тобы.
Тапсырма:
Өлеңді алгоритм бойынша жүйелі талдау.
Алгоритм:
1. Тақырып.
2. Идея.
3. Көркемдік ерекшелігі.
4. Өлең өлшемі.
5. Автор позициясы.
6. Оқырман позициясы.
II топ
Тапсырма:
1. 1 – 2 шумақты алгоритм бойынша талдау.
III топ
1. 3 – 4 шумақты алгоритм бойынша талдау.
Эксперт тобы сызба бойынша топтардың талдауын тексереді:
Өлеңді талдау С.Торайғыров «Арманым»
(талдау)
Барлық адам баласы
Өзіндей көрсе өзгені –
Озбырлық өшіп қарасы,
Өзімшілдік өлгені.

Әлемдегі ғаламат
Игілікке арналса,
Өнері ортақ азамат
Еңбекке ғана арланса.

Оқу – білім көркеймек,
Елге беріп пайдасын.
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайғасын.

Әлемдегі терең сыр,
Ғалыммен ғана ашылмақ.
Асау, тағы ой мен қыр
Керекке жарап бас ұрмақ.
Үйге әңгімелеу, Өлеңді жаттау Тәрбие.орг сайтынан С.Торайғыров «Арманым» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жармагамбетова Карлыгаш Сагатовна

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучье қаласы№2орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: abdrahmanova_indira
Көрсетілім: 442 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar