САҒАН СЕНЕМІН

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 294
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 05/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19895


Тақырыбы: Саған еснемін!

Мақсаты: қазіргі заман талабына сай жанұядағы ата – анамен баланың қарым – қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту, ролін ерекшелендіру, тәрбиенің маңыздылығына аса мән беруге көңіл бөлу. Қайырымдылық, сыйластық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, бір – біріне деген сенімді нығайту.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Таныстыру.
3. Фестивальдің шарттарын таныстыру.

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Епті, ұйымшыл, алғыр, шапшаң жанұяны анықтайтын «Саған сенемін!» фестивальіне қош келіпсіздер!

2 жүргізуші: Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махаббаты
Талпынып сайыскерлер шықты кәне
Көрермен қошеметпен қол соғады.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық:

1. Қасымовтар отбасы 3. Хамзиндар отбасы
2. Қабдуахитовтар отбасы 4. Жутаевтар отбасы

1 жүргізуші: сайысымызды бастамас бұрын әр отбасы шеңбер жасап тұрып, гүл арқылы бір – бірлеріңізге тілек айтасыздар.
Тілек айтылып болған соң, орындарына отырады.

2 жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1. «Кім шапшаң?»
2. «Кім епті?»
3. «Жедел тігінші»
4. «Күш білекте»
5. «Асхана шебері»
6. «Ісмер әке»
7. «Қамқор әке»
8. «Кім жылдам»

1 жүргізуші: қазір сайысты бастайтын отбасын анықтап алайық. Ол үшін мына қоржынның ішінен асық алыңыз. Сол бойынша нөмірленіп, басталады.
Сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейін.

1. Әрбір тапсырманы орындағанда мұқият тыңдау.
2. Қатысушыларға берілетін бағаны жұбайлары ставкамен қойып отырады және алдын – ала белгіленеді.
3. Әр сайысты отбасылар жекелей және жұппен көрсетеді.

- Ставка 3 минуттан – 30 секундқа дейін таңдалады.
- Ұпай 3 минутқа – 10 ұпай, 2 мин – 20 ұпай, 1 мин – 30 ұпай.

1 жүргізуші: Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік білейміз!

1-ші сайыс.
1. Кім шапшаң? (әкесі баласын арқасына отырғызып, допты аяғымен тебе отырып, кедергілер арасымен жүріп келіп, баласы допты шелекке салады) жеке-жеке орындайды. Берілген ставка 3 минут

2-ші сайыс.
2. Кім епті? (тақтайға шегелерді қағу) 30 секундта неше шеге қағады.

3-ші сайыс.
3. Жедел тігінші (әкесі мен балаңыз қандай киім тіге алады?) барлығы орындайды. Берілген ставка 5 минут.

4-ші сайыс.
4. «Күш білекте» (балалары жерден қолмен тартылу) 30 секундта нешеу жасаса сонша балл алады.

5-ші сайыс.
5. «Асхана шебері» (бөтелкедегі суды жүгіріп барып алып, оны стаканға құйып, жүгіріп келіп жұбайына ішкізіп, стақанды алып, оны жуып, сүртіп қояды) жеке-жеке орындайды. Берілген ставка 3 минут

6-шы сайыс.
6. «Ісмер әке» (30 түймені матаға қадау) барлығы орындайды. Ставка 2 минут

7-ші сайыс.
7. «Қамқор әке» (4 кукланы жаялыққа орау) жеке-жеке орындайды. Ставка 3 минут

8-ші сайыс.
8. «Кім жылдам» (баласының аяқ киімінің бауын байлайды) Ставка 2 минут

1 жүргізуші: Енді бүгінгі фестивальдің қорытындысын жасайық.
Фестиваль бойынша өз қорытындыларыңызды айтыңыздар.
Ата – аналардың пікірлерін тыңдау.
Марапаттау Тәрбие.орг сайтынан САҒАН СЕНЕМІН Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аринова Гулдана Келсинбековна

ШҚО, Ұлан ауданы, Баяш Өтепов ауылы, "Амангелді атындағы негізгі мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar