Сабырсыз

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 384
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 21/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19364


[size=15]«Қош бол, балғын балалық, қош бол сүйікті бастауыш!»
Сабақтың мақсаты: оқушылар бастауыш сыныптан алған білімдерін, өнерлерін көрсетеді, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезінеді: бастауыш сыныбымен, білімнің нәрін сепкен ұстаздармен қоштаса отырып сәт сапар, ақ жол тілеп, әр оқушының өздік ерекшелігін бағалап, жоғарғы сынып мұғалімдеріне табыстау.
Сабақтың міндеттері: Оқушылардың өнер білімге деген қызығушылығы артады: оқушылар адамгершілікке, ұйымшылдылыққа тәрбиеленеді; өз ойын еркін жеткізуге қалыптасады.
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, гүл шоқтары, оқушылардың жетістіктері туралы слайдтар, шарлар.
Мұғалім: Құрметті ата –аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін өте ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Қош бол, балғын балалық, қош бол сүйікті бастауыш!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 «Ж» сынып оқушыларын ортамызға!-деп, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
«Көңілді күн» орындайтын: Тойлыбай Гүлбану.
Хамза: Бала шақта болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Армысыздар ұстаздарым қымбатты!
[size=15] Тәрбие.орг сайтынан Сабырсыз Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Иманбердиева Айгуль Карабековна

ОҚО Шымкент қаласы №83 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar