Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сара жолдың сәйгүлігі
  • 05.02.2017
  • 31 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21518

Сара жолдың сәйгүлігі

Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Адам өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де сәнді, мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстаздарымыздың еңбегі ерекше. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деп дана халқымыз тегін айтпаған. Осындай жақсылардың бірі, ұстаз деген ардақты атын абыроймен ақтай білген Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектептің ұстазы Сармантаев Сансызбай Оснадинұлы.
Күні кеше ғана мектепте Сармантаев Сансызбай Оснадинұлының «Сара жолдың сәйгүлігі» атты зейнеткерлікке шығару кеші болып өтті. Кеш жастық шағынан естелік көрініспен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Сматуллаева Эльмира Айтжанқызы алып, ізгі ниетін білдірді. Сансызбай ағайды құттықтау үшін зейнеткерлікке шығу кешіне аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Романов Әбілқасым, 1989 жылы Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектепке жұмысқа қабылдаған, ардагер ұстаз Садықова Гүлшат апай және өзінің замандас құрдастары мектеп ұстаздары Санияз Қазыбай, Әбдіраш Деменбай, Тілеуімбет Оңғар ағайлар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп қабырғасындағы естеліктерімен бөлісіп, Сансызбай ағайға сый-сияпаттарын табыстады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары да жылы тілектері мен арнауларын жолдап, кеш ән - бимен жалғасын тапты.
Құрметті ақылы дария, шежірелі қария - Сансызбай ағай тағы да мерейлі мерекеңіз құтты болсын! Отбасыңызға береке-бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз! Тәрбие.орг сайтынан Сара жолдың сәйгүлігі Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сахиева Перизат Бақытқызы

Кызылорда облысы Қазалы қаласы №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі тәлімгер

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 31 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar