Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған"
  • 11.02.2016
  • 475 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16085

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.5Kb)

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
№183 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дайрабаева Жанаттың 3 «Б» сыныбында ардагер ұстазбен өткізген кездесу кешінің жоспары.
Уақыты: 30.09.2015 жыл.

Тақырыбы: «Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған»
Мақсаты: Ардагер ұстаз Бодашева Орынкүл апайдың өмірі мен ұздаздық еткен жылдарынан сыр шертіп, өнегелі өмірлерін үлге ете отырып, оқушыларды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Армысыздар, ардақты ардагер аяулы ұстаздар және бүгінгі кештің қонағы Орынкүл апай!
Бүгін сыныбымызда ұстаздар күніне орай «Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған» тақырыбында кездесу өткізгелі отырмыз.
Бізде қонақта –өз еліне жарық, жарқын өмір сыйлаушы «адамзат бақыты- білімде ғана» деп білім жолын жоғары қойған мектебімізде ұстаздық еткен бүгінгі ақ жаулықты әжеміз қонақта.
Ендеше қонағымызбен таныс болайық.(Ардагер ұстазды таныстыру)
Мерекелік ән шашуымызды қабыл алыңыздар. Нұршат пен Ақнұр қыздарыңызды «Бала тілегі» әнімен қарсы алайық.
Ұстаз барша мамандықтың көш бастаушысы.
Құйылады жыр-ағын, көптендара пырағым.
Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, - деген өлең шумақтары бүгінгі қонағымыз ардагер ұстаз Орынкүл апайға арналады. Педагогикалық еңбек жолын осы өздерің білім алып отырған №183 мектептен бастаған ұстаз,осы мектепте бірнеше жыл бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып,зейнеткерлікке шықты.
Орынкүл апай өзі сүйіп таңдаған ұстаздық жолында үлкен белестерге жетті.«ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі,Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы,аудан әкімінің Алғыс хаты,
Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.Апайдың білім берген шәкірттері қазіргі таңда еліміздің әр саласында қызмет атқарады.Олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері де бар.Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаз бүгін біздің ортамызда.
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Оқушылар, апайымызға сұрақтарыңызды қоя берулеріңізге болады.
1. Балалық шағыңызда кім боламын деп армандадыңыз?
2. Сіз ұстаздық еткен жылдардағы ең ақылды санайтын оқушыңызды айтып бересіз бе?
3. Сізге алғаш әліппені ұстатып, білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаздарыңыз кім болып еді, және де ол кісі несімен ерекше есіңізде қалды?
4. Мұғалімдік мамандық жолыңызда қандай кедергілер болды?
5. Сіз адам бойындағы қандай қасиетті бағалайсыз?
6. Мұғалім мамандағының қызығы мен қуанышы қатар жүреді дейді. Сіз мектепте өткізген жылдарда қызығы не, қуанышы не болды?
7. Қазіргі жастар тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
8. Өміріңізде немесе қызмет жолыңызда болған қызықты оқиғаңызды айтып бересіз бе?
Осы мектептің қабырғасында білім алып жатқан оқушыларымыз және де сіздің соңыңыздан ілесіп келе жатқан ұстаздарымыз бар. «Бата менен ел көгерер» демекші сізден тілек –батаңызды алсақ. Адамдық қалыпты биік ұстау –кімге болса да үлкен сын. Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді дегендей бүгінгі сыр –сұхбатымыз арқылы ардагер ұстазымыздың кемел ақылы, дархан мінезі, қабілет-қарымы,оқушылар сендерге өнеге болсын.
Апайларымыздың ұстаздық, оқушы кездеріндегі қызықты оқиғаларымен таныстық. «Барға тасымаған, жоққа жасымаған» жарқын бейнесін, ғибратты сөзін жүрек түкпірінде қалдырыңдар!
Білім басы-бейнет
Соңы –зейнет, деген
Шаңырақтарыңыз – шаттыққа толсын
Еліміздің мақтанышы болып ғұмыр кешіңіздер!
Бүгінгі сыр – сұхбатымыздың қонағы болып біздермен сыр бөліскеніңізге рахмет.
• 1 оқушы: Ғұлама білгіш ғалымнан,
• 2 оқушы: Оқушы жас жалыннан,
• 3 оқушы: Ғарышкерден, батырдан
• 4 оқушы: Өнері асқан актерден,
• 5 оқушы: Ырыс қазған шахтерден,
• 6 оқушы: Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен
Ұстаздарға мың алғыс! Тәрбие.орг сайтынан "Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған" Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дайрабаева Жанат Амирхановна

Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 475 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar