Үш тілді білу-заман талабы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 341
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 10/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20444


Қызылорда қаласы
№138 Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Баймаханова Алтын Ермакпайқызы

Үш тілді білу – заман талабы
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Ал білім ордасы – мектеп, мектептің жүрегі-ұстаз.Білім сапасын арттырудың басты көзі –инновацияны енгізу. Елімізде шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарымыздың ерен еңбегінің нәтижесінде білімді ұрпақ, яғни жаңашыл, заман талабына сай бейімделген ұрпағымыз өсіп келеді.
Заманауи талаптардың күшеюіне қарай адамдардың қарым-қатынасына ақпараттық коммуникациялық технологияның қолданысқа еніп, ақпараттық жүйенің қарқынды дамуы көп тілді меңгерген білікті маманды қажет етеді. Осы орайда әлемнің дамыған мемлекеттері халықаралық тілдерді меңгеру әлем халықтарының маңызды міндеті деп есептейді. Сондықтан бәсекеге қабілетті, өркениеті дамыған ел болу үшін үш тілді меңгеруіміз қажет.
Үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілімізді дамыту,ал орыс тілі мен ағылшын тілін мүмкіндігінше үйрену қажет.
Қазақ тілі-кемелденген тіл. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілі – ұлттық рухани қазына. Осы қазынамызды сақтап қана қоймай, одан әрі дамыту жолында атқарылып жатқан түрлі іс-шаралар аз емес.
Ұрпақ тәрбиесінде басты орын алатын негізгі мәселе –ана тілі. Ана тіліне құрметпен қарау –салт-дәстүріміздің , ой-санамыздың дамуына жол ашатын бірден-бір қасиет. Ол ананың ақ сүтімен бойға сіңген баға жетпес рухани байлық.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, күшін жоймай, халқымыздың тарихын жалғастырып келе жатқан ана тілі ұлт мәдениетінің айнасы іспеттес. Тіл ұлт мәдениетін, салт-дәстүрін, әдебиетін, елдігін әлемге танытатын басты көрсеткіш. Сондықтан басқа тілді меңгеремін деп, өз ана тілімізді ұмытып кетпейік.
Қазіргі таңда үш тұғырлы тіл саясаты басты мәселеге айналды. Ұлтымыз қашан да баласының рухани байлығына аса көңіл бөлген. Халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл сөз бар. Ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан мұрамыздың, тіліміздің құндылығында шек жоқ.
Әрбір ата-ана әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүрлі, үштілділік тәрбиені қолға алса, мұғалімдеріміздің біршама жетістіктерге қол жеткізуіне , үш тілді меңгерген білімді ұрпақ тәрбиелеуіне көмегін тигізері сөзсіз.
Сондықтан үш тұғырлы тілді балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейін кең түрде насихаттау қажет.
Егемен еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін білімді ұрпақ тәрбиелеу- әрбір ұстаздың басты міндеті. Тәрбие.орг сайтынан Үш тілді білу-заман талабы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймаханова Алтын Ермакпайқызы

Қызылорда қаласы №138 Абай атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar