Спорттық сайыс.Біз екеуміз...

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 469
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 15/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20048


Тақырыбы: «Біз екеуміз бірге ...»
Жүргізуші: «Құрметті ұстаздар, ата-аналар,әкелер,оқушылар бүгінгі
15- мамыр Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«Біз екеуміз бірге.....» атты әкесі мен баласы қатысуының аясында «толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Біз екеуміз бірге.....» «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.

Сайысымызға 4 топ қатысқалы отыр олар: «Қыран» тобы, «Жеңіс» тобы, «Сұңқар» тобы, «Болашақ» тобы қатысқалы отыр.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)

1. «Қыран тобы»:Есенгелді отбасы көк түсті
2. «Жеңіс тобы»: Нұрғайыровтар отбасы ақ түсті
3. « Сұңқар тобы»:Есенжоловтар отбасы
4. «Болашақ» тобы:Жебегеновтар отбасы

Мұғалім сөзі:
Ал көрермен ықыласпен демелік.
«Біз екеуміз бірге.....» сайыстарын көрелік
Қимыл менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік,- деп, алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1.Мектеп психологі: Гүлсара Уралбаева

2.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:Марат Трумбетов

3.Бастауыш сынып мұғалімі: Асем Нашанова
Жүргізуші: Мұғалім сөзі:
Ауылым алтын бесік ыстық маған
Ауылдан тәрбие алды барша балаң
Әкелерін ауылдың мақтан етем
Ешкімді де бөтенсініп жатсынбаған дей отырып , ардақты да , жан-жақты әкелерімізге сәттілік тілейміз!
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз
(әнұранды орындау)

Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
1тур. үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут)

Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
Есенгелді отбасы. Тобымыздың аты :«Қыран тобы»тобы »
Ұраны:
Біз бақытты отбасы.
Әкесі мен баласы.
Жеңілмейміз, озамыз.
«Қыран тобы» тобы боламыз.

Келесі топ:Нұрғайыровтар отбасы
Тобымыздың аты: «Жеңіс» тобы.
Ұраны:
Ұшақтанда ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз.

Келесі топ:Есенжоловтар отбасы
Тобымыздың аты: «Сұңқар» тобы.

Ұраны:
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па.
Қуып жету жақсы ғой ,
Озып шығу бір басқа

Келесі топ:Жебегеновтар отбасы.
Тобымыздың аты: «Болашақ» тобы.
Ұраны:
Қажарлы батыл боламыз.
Шыңдарға биік шығамыз.
Әрқашанда жеңіс деп
Алдыңғы қатарда тұрамыз.

2 тур. Кім жүйрік?
Шарты: Бұнда әкесі кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу,ал баласы әкесінің қапты қолына ұстап алып кедергілердің арасымен жүгіріп келу.
Әділқазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

3 тур. « Мергендер» сайысы
Шарты: 10 асық тігіледі.Әкесіне және баласына 3 асық беріледі.Асықтарды мергендеп 3 асықтан атады.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

4 тур«Күш сынаспақ» .Арқан тартыс.
Шарты: Алдымен екі топ,содан кейін екі топ,жеңген екі жақтың топтары содан кейін екі жеңілген топтар бір-бірімен арқан тартысады.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

5 тур. «Картоп егіп кел де, жинап ал».Бұл ойында да шапшандық керек!
Шарты: Әкесінің қолында дорбада 10 картоп болады белгі бойынша картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны
баласына береді. Ол белгідегі картопты жинап келеді.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

6 тур«Такси».
Шарты:Әкесі баласын кішкене итеретін балалар машинасына салып алып кедергілердің арасымен шап-шаң итеріп жүгіріп келеді.

7 тур.«Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз мұнда әкелері екі аяқтың ортасына допты қысып мәжеге барып қайтады, балалар батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Бұнда алдымен екі топ, келесі екі топ, сосын жеңген топтар бір - бірімен жарысады.
Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!

Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділқазы алқасы сіздерге сөз беріледі!

Алдымен осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Марапаттау рәсімі! Сайысымыздың бас жүлдесін 65 ұпаймен «Сұңқар»тобы Есенжоловтар отбасы,І – орынды «Жеңіс» тобы: Нұрғайыровтар отбасы,ІІ – орынды «Қыран» тобы: Есенгелді отбасы,ІІІ-орынды «Болашақ» тобы иеленіп, арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі мынау әкелер мен балалар алтын уақыттарыңызды қиып, «Біз екеуміз бірге.....» «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!

Спорттық сайысты дайындаған бастауыш сынып мұғалімі: Л.Ж.Лаукенова Тәрбие.орг сайтынан Спорттық сайыс.Біз екеуміз... Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Лаукенова Лаура

Елек орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar