ҰСТАЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 438
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 11/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19982


Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
Сайрам тұрғын үй алабы
Қызыл су елдімекені
№114«Сайрам»жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шохиста Махмудова

Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі!
Жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағынысқа табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұлы ғұла¬ма¬лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз¬дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй-реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар еді. Сондай ұстаздар қатарына мен бірінші мұғалімім Шамшиметова Мухаббат апайды айтқым келеді. Ұстазға арналған мерекенің адам¬заттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек, жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміздің, ізетіміздің жөні басқа. Ал бұл сөзді естіген кез кел¬ген жанның көз алдына па¬расатты, білімді, жылы жүзді адам елес¬тейтіні сөзсіз. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Осындай ұстаздарым, атап айтар болсам:Сайдимуратхан Маджидов,Октам Инаков, Исмаилхан Ташходжаев, Сайдазимхан Исаханов,Рысбек Ұрдала,Дилфуза Азимова,Нилуфар Сидикалиева, Гулчехра Насриддинова, Нигарай Атаходжаева, Дилафруз Умаралиева, Шахноза Ташходжаева және тағы басқа апайларымнан алған сабақтарым негізінде осындай дәрежеге жеттім. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Сіздерге мың алғыс!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға",- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты. Әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Сіздерді Ұстаздар күні ме¬рекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлт ұстазы, қазақтың өткен ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім" – депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Осындай үлгілі мұғалімдер қатарында болуға әрекет етіп бағудамын. Жұмысым барысында мұғалімдік кәсіпті таңдап, әкем Махмудов Батирханды өзіме үлгі тұтып келем. Айтқан әкелік насихаттарымен, көрсеткен тура жолында өмірде өз орнымды тауып, шәкірттерімнің қадірлі ұстазы болуды мақсат тұтам.
Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймын! Соның қатарында Шымкент қаласы Сайрам тұрғын үй алабы Қызыл су елдімекенінде орналасқан, Умаралиев Асқар ағай басшылық етіп отырған №114«Сайрам» жалпы орта мектебінің ұжымын да кәсіби мерекесіменен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар ұжымына шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілеймін!
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры!
Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгерлері сіздерсіздер! Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермекпіз! Тәрбие.орг сайтынан ҰСТАЗҒА МЫҢ АЛҒЫС! Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махмудова Шохиста Батирхоновна

ОҚО Шымкент қаласы №114 "Сайрам" жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar