«ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ,ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 361
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 27/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20238


Тақырыбы: «ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ,ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ»атты
мерекелік кешінің сценарийі
А.Калсаева-мектептің аға тәлімгері

Уақыты:03.10.2015ж
Сағат 15.00
Қөрнекілігі:Интер.тақта,слайд,шарлар,даналы сөздер;
Фанфары
Ашылуы: БИ

1-жүргізуші:
Даурен:
Армысыздар, Ұстаздарым – әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би де билеп, әнде бүгін шырқалар.

2-жүргізуші:
Ақнұр:
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

1-жүргізуші:
Даурен:
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
-деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы....
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым-ұлағатым,үлгі-өнегем»атты мерекелік кешімізді ашуға рұхсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге , Қабыл алыңыздар!
11 «ә»класының оқушысы Ануарбеков Аманжолдың
орындауында ән «Ұстазым»

2-жүргізуші: «Есік алды төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең»,
«Ақылды қария-ағып жатқан дария»деп тегін айтпаса керек.Асыл қарттарымыз –ұлы бәйтерек болса,біз соның бүршігімізд егендей,
Даурен,сен білесің бе?Ұстаздар мерекесімен тұспа тұс қарттар мерекесі де атап өтілуде.
1-жүргізуші:Бәріңе Қарттар күні құтты болсын,
Қариялар ,денсаулығың мықты болсын.
Отбасың,бала-шағаң аман болып,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын!
дегендей, ұжымдағы қарт-ұстаздарымыз бен қызметкерлерімізді құттықтау үшін сөз кезегі мектеп басшысы Амитжанова Индира Базаралықызына беріледі.

Ортаға қарт ұстаздарымыз бен қызметкерлерді шақырамыз

1.Ногаев Муханбедияр
2.Джангалиева Дариға Шайхиевна
3.Мырзекенова Күльжан Мурзагалиевна
4.Жалмағамбетова Марал Қайрановна
5.Сатыбаева Аккалам Сембайқызы
6.Мусаева Гулзада Абжамиқызы

Сіздердің құрметтеріңізге ән « Байтақ елім»орындайтын Мусаев Азамат

І жүргізуші Даурен: «Тарыдай болып кіресің,таудай болып шығасын»дегендей,шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,болашаққа қадам бастырған ұстаздарымыз Әбдіжапарова Лиза апай мен Мухамбедиярова Жаңылсын апайға алғысымыз шексіз.
Олай болса,ұстаздарды марапаттау рәсімі мектеп директоры Индира Базаралықызына беріледі
2-жүргізуші:Ән-шашу:9 «ә»класс оқушысы Құрманғазин Арсеннің орындауында ән «Төрешім»
Қошеметтеріңіз!
І жүргізуші Даурен:
Ұстаз! Осы бір сөзге терең үңілсек қаншама мін – мағынасы бар, қасиетті ұғым екеніне көз жеткіземіз. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы белгілі.

ІІ жүргізуші Ақнұр:
Ұстаз – ұлы есім. Себебі ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, мал бағып тер төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан бүгінгі барлық құрмет ұстаздарға арналады.

1-жүргізуші:Анамдайсыз, менің асыл ұстазым
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың

2-Жүргізуші:
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол –мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Ол –әрі ғылым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз –мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі.

1-жүргізуші:Ұстаздарды құттықтау рәсіміне ортаға мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызы мен кәсіподақ төрайымы Кыныртаева Айгул Жаксылыковнаға шақырамыз

Ұстаз –ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Сіздердің құрметтеріңізге, ән-шашуымыз Қабыл алыңыздар!
Ән: «Ұстаз». Орындайтын: 11 «ә» класс оқушысы Амангелді Айдана.

ПОЭЗИЯ оқылады

Даурен:
Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ.
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

Ақнұр:
Махаббаты: бала және Отаны
Сүйікті ісі: қағаз кітап қопару
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!
Бүгінгі күні өздерінің отбасыларында мерейтойларын атап өткен ұстаздарымызға өмірде де қызметте де,бастарыңызға қандай қиын іс түссе де жасымай мықты қызметкер,аяулы жар,айнымас адал дос болуларыңызға шын жүректен тілек білдіре отырып,келесі құттықтау сөзді мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызы мен кәсіподақ төрайымы Кыныртаева Айгул Жаксылыковнаға береміз

Ән: «Анашым». Орындайтын 4 «ә» класс оқушысы Айгерім.

Даурен.
Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті қонақтар, менің ойымша, кез –келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық –өнер, тағылымы терең өнер. Ал, өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Ақнұр:
Ұстаз болу –жүректің батырлығы
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу –мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы -деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ұстаз жүгі –ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу –бұл нағыз шеберлік емес пе?! дей отырып ұстаздар мерекесімен тұспа тұс келген кітапханашылар мен есепшілер күніне байланысты құттықтау сөзді мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызы мен кәсіподақ төрайымы Кыныртаева Айгул Жаксылыковнаға береміз

Фортопианода ойнайтын 11 «ә» класс оқушысы Гүлсезім.

Даурен:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс –жазы
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Ақнұр:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Би: Даурен мен Жәнібек

Даурен:
Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі
Қашан көрсең күліп бара жатқаны
Күлетіні: бақыттылық нышаны
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Ақнұр:
Аралатқан ғалымдардың мол бағын
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн
Көрген сайын жанарыңнан оқимын
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.дей отырып, «»Тазалық-денсаулық кепілі»
Демекші мектебіміздің тазалығына аса жауапкершілікпен қарайтын кіші қызметкерлеріміздің еңбегін бағалап , марапаттау үшін мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызы мен кәсіподақ төрайымы Кыныртаева Айгул Жаксылыковнаға шақырамыз

Арнау: Жұбаниязов Қайырхан

Даурен:
Әр шәкіртке бола білген жанашыр
Бүгін от боп әр жүректе жанасың
Сен бергенсің алғашқыда айырып
Жақсылық пен жамандықтың арасын


Ақнұр:
Биік сенің ұстаздық қасиетің
Мінезің жоқ қиынға бас иетін
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған
Жадымызда сақталар өсиетің

Даурен:
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Ақнұр:
Ұстаз –шәкірт алдында сыйлы адам.ұстаз жайлы айтылар сыр да , жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау –адамгершіліктің белгісі.

Даурен:
Ұстаз мейірі –Ана мейірімі пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп
Айналайын, білім берген ұстаздар!

Ақнұр:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Ән: «Жаяу». Орындайтын 9 «ә» класс оқушысы Құрманғазин Арсен.

Даурен:
Ұстазым –саф алтын, діңгегім
Мәңгілік өзіңмен біргемін
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметім бұл менің.

Ақнұр:
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық
Ұсынғаны адамдық
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
БІРГЕ: Бақыт, табыс, амандық!

Осымен ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге арналған «Ұстазым-ұлағатым,үлгі-өнегем» атты мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз. Келесі жүздескенше аман болайық!Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын.! Тәрбие.орг сайтынан «ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ,ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалсаева Айжан Қошмаққызы

Пікірлер: 0

avatar