СЫЙЛА, СЫЙЛА АНАҢДЫ!!

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 273
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 05/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19897


Тақырыбы: Сыйла, сыйла анаңды!!

Мақсаты: анаға, әжеге, қарындасқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: анаға арналған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, оқушылар салған суреттер.

Барысы: Ана туралы ән ойналып тұрады.

1ж: Құрметті асыл аналар,
қыз, қызғалдақтар,
Қадірлі ұстаздар!
Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына Өмір, Жылылық, Әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келеді. Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар!
2ж: Асыл аналар! Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбасыларыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.
1ж: Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін,
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің.
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,
Қандай бақыт ортамызда жүргенің.
Аналарға арнау сөз мектепалды сыныбына беріледі.
2ж: Биіне таң қаларсың
Көріп таңдай қағарсың
Біздің мектеп шетінен
Биші ме деп қаларсың.
Испан биі орындайтын Қабдығалиева Балжан.
1ж: Өзіңсің сүйікті анам, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін.
Сендегі маған деген мол мейірді
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Ән: «Құттықтаймын ана, туған күніңмен» орындайтын Тоқтаған Инабат, Озат Дәуренбек.
2ж: Шырқа, әнге шалықта,
Би дегенде жалықпа
Өнеріңді аямай,
Қызмет қыл халыққа.
Қазақ вальсі: орындайтын Аубакирова Дана, Шаихов Мәди.
1ж: Өзгеге көңілім тоярсың
Өлеңді қайтып қоярсың
Оны айтқанда толғанып
Іштегі дертті жоярсың.
Ән: « Ақ мамам » орындайтын 1 – сынып оқушылары

2ж: Өзіңсің өмірдегі асылым да ардағым
Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді
Бір сендей асыл адам таба алмадым.
Көрініс: «Қожанасыр»

1ж: Кімдер біздің мектепті
Өнерсіз деп ойлайды
Алыңыздар Аяулымды
Ән салып, би билейді.
Шығыс биі орындайтын 5 – 6 сынып қыздары
2ж: Аялаумен ер жеткізген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қажымашы, шаршамашы анашым,
Қарайлаймын кірбің шалса қабағың.
Ән: « Анаға сәлем » орындайтын Әлімбетов Саян
1ж: Өлең « Ана туралы жыр » оқитын Ерғазы Жақсылық.
Естен әр кез шықпайды,
Желпілдеген биі де
Ширатылса бұралып,
Қол соғады ел сүйсіне.
Би: орындайтын 6 – 7 сынып қыздары.
2ж: Соққанда ұлы өмірдің дауылдары,
Келгенде тіршіліктің ауыр жағы.
Өзіңді таянышым еске аламын
Анашым, асыл анам ауылдағы.
Ән: « Ана туралы жыр » орындайтын Әділбекова Махаббат
1ж: Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас, кәріміз.
Күй шертіліп, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Ән: «Анашым» орындайтын Акрамова Арайлым.
2ж: Ынтықсың сен маған,
Асыл үніңмен
Қуантады сіздерді,
Әсем биімен.
Би Қазақ вальсі орындайтын 7-8 сынып оқушылары
1ж: Еркелеп, күліп есіп тау самалы,
Әлемге жаңалықты жар салады.
Мен келдім деп сызылып ару - көктем
Гүлдердің қауызынан ән салады, - демекші ендігі кезекті әнге берейік.
Ән: «Ай мүсіні» орындайтын Шаихова Аяулым.
2ж: Көрініс: «Крыша»

1ж: Ән көңілдің ажары ән өмірдің базары – дегендей Мелісова Жансаяның орындауында ән: « Анаға хат »
2ж: Өлең «Ана» оқитын Мырзабаева Шұғыла
1ж: Бақытты ғой шынында,
Анасымен балалар.
Құтты болсын мереке,
Аман болсын аналар!
2ж: Сіздерменен жадырайды өңіміз,
Сіздерменен жадырайды сәніміз.
Ұзақ болсын мерекеңіз,
Құттықтаймыз бәріміз.

Ендігі сөз кезегін ата – аналарға береміз.














Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Аринова Гүлдана Келсінбекқызы

Баяш Өтепов ауылы
5 Тәрбие.орг сайтынан СЫЙЛА, СЫЙЛА АНАҢДЫ!! Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аринова Гулдана Келсинбековна

ШҚО, Ұлан ауданы, Баяш Өтепов ауылы, "Амангелді атындағы негізгі мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar