Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сын есім
  • 09.10.2016
  • 221 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19622

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Чистов ауылы Чистов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Ілиясова Гүлжамал Баянқызы

Сабақтыңтақырыбы: Сын есім. Сын есімнің мағыналық түрлері. ҚР-ның ұлттық теңгесі.
Сабақтың мақсаты:Сын есім туралы мағлұмат беру,сын есімнің мағыналық топтарына тоқталу, граматикалық тақырыппен лексикалық тақырыпты байланыстыра отырып сын есімнің түрлеріне тоқталып, ҚР-ның ұлттық теңгесі туралы мағлұмат беру.
1. білімділік— сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту;
2. дамытушылық— оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілетін арттыру;
3. тәрбиелік — сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу білім алуға, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
а) Ұлттық валютаны құрметтеп,оған деген сүйіспеншіліктерін арттыру
ә)Сауаттылықтары артады,әдемі,таза жазуға қызығушылықтары артады.
б)Сын есім ережесімен,сұрақтарына қарай талдауды еркін меңгереді.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта,кесте,ойын, үлестірмелі қағаздар,буклеттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.-2мин.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Алдымен жаңа тақырыпты бастамас бұрын үй тапсымасын тексеріп алайық. Сондықтан сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын. Менің алдыма қойған мақсатым: тапсырмалар арқылы сендердің алған білімдеріңді тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
2.1. «Бәйге» ойыны. Әр топтан кез келген оқушы сұрақ таңдау арқылы жауап беру.
100 тенге
1-Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге бөлінеді Дара және күрделі)
150 тенге
2-Жалпылай немесе жекелей атауына қарай нешеге бөлінеді?(2-ге жалпы және жалқы)
170 тенге
3— Зат есімнің мағынасына қарай нешеге бөлінеді(2-ге деректі зат есім дерексіз зат есім)
190 тенге
4— Зат есімнің тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?(2-ге негізгі және туынды)
200 тенге
5 -Негізгі зат есім дегеніміз не? Мысал келтір(Бөлшектеуге келмейтін түбір негізгі зат есім. м/ы:жер, су,қала,)
220 тенге
6-Туынды зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.( зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ арқылы жасалған зат есім. Мысалы білім, достық)
250 тенге
7-Дара зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.(Бір ғана түбірден тұрады. От, ара баспалдақ.)
300 тенге
8-Күрделі зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.(Кемінде екі сөзден тұрады. м/ы кемпірқосақ, ата-ана,КарГУ,Пед.колледж )
500 тенге
9-Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.(Біріңғай көптеген заттардың жапы атауы.м/ы кітап,қалам,өзен,сиыр,парта,ағаш т.б)
550 тенге
10-Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір. (Біріңғай көптеген заттың ішінендегі жеке нәрсенің арнаулы атауы адамның аты Маржан, Құлагер, газет- журнал Балқаш өңірі).
590 тенге
11-Деректі зат есім дегеніміз не? Мысал келтір (көзбен көріп қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы. Мысал келтір: ағаш,су,домбыра, қағаз)
600 тенге
12-Дерексіз зат есім дегеніміз не? М.келтір (Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы.м/ы:қуаныш,реніш,арман,сезім)
1000 тенге
13-Зат есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді? (Заттың атын, ұғымын, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім?не?кімдер?нелер?)
1500 тенге
14-Зат есім жасайтын жұрнақтарды ата және мысал келтір.(-еке,-ке,қа,-е,-й,-тай,-жан,-қан,-кен,-қай,-кей,-ан,-н,-шақ,-шек,-шық,-шік,-ша,-ше,-ш,-ыш,-іш,-сымақ), мысалы: Атеке,Исеке,әпке,Мұқа,ағатай,ағажан,апажан,балақан,шешекей,құлыншақ,інішек,қапшық,төбешік,сандықша,күрекше,қалқаш,Нұрыш,қорасымақ,таусымақ 1800 тенге15- Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтарды ата және мысал келтір.(-шы,-ші,-шылық,-шілік,-лық,-лік,дық,дік,тық,тік,кер,гер,кеш,стан,паз,қой,қор,хана. Қойшы,күйші,шаруашылық,кеңшілік,балалық,адалдық,жолдастық,айлакер,саудагер)
1900 тенге 16-Зат есім септелуі дегеніміз не? Мысал келтір.
2.2.Оқушыларына тапсырма семантикалық карта (ұяшықтарды+белгілейді )беріледі. Семантикалық карта дұрыс жауапқа «+» белгі қоямыз
Негізгі Туынды Дара Күрделі Жалпы Жалқы Деректі Дерексіз
мінез +
кітап +
бата +
қоян +
Қазақстан +
достық +
оқушы +
Ата-ана +
Абай көшесі +
қуаныш +
боран +
домбыра +
ант +
қант +
қағаз +
аққу +

Тапсырманы аяқтап, ( дұрыс жауап тақтада жазылып тұрады)өзін өзі бағалау
Талдау – табыс кілті.(отырған оқушылар тексереді)
Фонологиялық талдау.
Желтоқсан – 9 әріп,9 дыбыс,3 буын,жел-тоқ-сан – тасымалданады,жел- бітеу буын,тоқ- бітеу,сан- бітеу буын,
Фонетикалық талдау Тәуелсіздік – 4 буын,10 әріп,10 дыбыс,4 дауысты,6 дауыссыз дыбыс
Т-дауыссыз,қатаң дыбыс
Ә – дауысты,жіңішіке,ашық,езулік дыбыс
У- дауыссыз,үнді дыбыс
Е – дауысты,жіңішк,езулік дыбыс
Л – дауыссыз,үнді дыбыс
С – дауыссыз,қатаң дыбыс
І- дауысты, жіңішке,қысаң дыбыс
З – дауыссыз,ұяң дыбыс
Д –дауыссыз,ұяң дыбыс
І- дауысты, жіңішке,қысаң дыбыс
К- дауыссыз,қатаң дыбыс
2.3.Шығармашылық жұмыстар
Ия,балалар сендер желтоқсан және тәуелсіздік сөздеріне талдау жасадыңдар. Неге біз осы сөздерге талдау жасадық, деп ойлайсыңдар.16желтоқсан – Тәуелсіз күні туралы әр топ өз шығармашылық жұмысын қорғау.Балалар біз сіздермен өткен сабақта зат есіммен байланыстырып 16желтоқсан Тәуелсіз күні туралы өткен біз соған байланысты қай топ әдебиеттен өзгеше қандай тың дерек дайындап келді екен көрейік әр топқа 5 мин уақыт беріледі. І топ —Желтоқсан оқиғасына байланысты зерттеу жұмысын жүргізеді.
ІІтоп-Тәуелсіз Қазақстан туралы слайд (көрме ұйымдастырып қорғау).(Бір-бірін бағалайды?)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сонымен, біз сөз таптарының қандай түрін өттік? (зат есім). Негізі балалар қазақ тілінде сөз табы нешеу (тоғыз.) Қалағанын кім атайды? Иә, дұрыс айтасыңдар.Олай болса тақтаға назар аударайық
З.1.Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табамыз.С 1)Апта күні
Ы 2) Тамақ ішуге арналған бұйымдар
Н 3) Туыстық атау
Е 4) Орман жануары
С 5) Уақытты көрсететін зат
І 6) Сүттен жасалатын тағам
М7) Білім беретін орын
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім».Қызығушылығын ояту.
3.2Дәптермен жұмыс Дәптерлерімізді ашып сын есім туралы ережені жазып алайық .«Сын есім. Сын есімнің түрлері. ҚР-ның ұлттық теңгесі.»

Сын есім
Мұғалім сөзі: СЫН ЕСІМ (Имя прилагательное)
Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім анықтауыш қызметінде тұрғанда ешқашан тәуелденбейді, көптелмейді, септелмейді. Сын есім баяндауыш қызметінде тұрғанда жақтық тұлғаны қабылдай алады. Сапалық сын есім шырай категорияларында бола алады.
Имя прилагательное – обозначает цвет, качество, вес, размер и другие свойства предметов. Имя прилагательное отвечает на вопросы какой?Выполняяроль определения, имя прилагательное не изменяется по принадлежности, числам, падежам. В роли сказуемого имяприлагательное может принимать личные формы. Качественные прилагательные могут иметь степени сравнения.

Тұлғасына қарай

Негізгі түбір

Туынды түбір

Түбір сын есім.(сары,таза,тәтті, терең)

Жұрнақ арқылы жасалған(көшпелі,сөзшең, әлсіз)

Құрылысына қарай

дара

Күрделі

Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі (бойшаң,ақ,жасыл)

Тіркескен және қосарланған (ақ киімді,қара торы,тап-таза)

Мағынасына қарай

Сапалық

Қатыстық

Сындық белгіні анықтайтйн төл сын есім (сұр, қызылдау, биік, көкпеңбек)

Басқа сөз таптарынан жасалған сын есім (бойшаң адам, өнерлі бала)


3.3. Олай болса мен де барлықтарыңа ортақ тапсырма дайындадым кәне назарларыңды тақтаға аударыңдар.
Тәуелсіздік- Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған 5 белгі бар. Оның біріншісі- Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі, бесіншісі – Ұлттық теңге.
ІҮ.Лексикалық тақырып «Ұлттық теңге».
Мұғалімнің сөзі:Олай болса бүгінгі лексикалық тақырыбымыз ҚР-ның Ұлттық теңгесі.
Слайд көрсету————–
4.1. Сөздікпен жұмыс
Теңге- валюта
Жарлық – Указ
Айналысқа енгізілді —
Бейнелеу —
Болашақ-
Баға-
4.2. Мәтінмен жұмыс
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Қазақстан РеспубликасыПрезидентініңжарлығымен 1993 ж. 15 қарашада айналысқа еңгізілді.Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Сонымен бірге, кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар Ұлыбританияныңдымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерініңнәтижесін теңгені елге жеткізді.2013жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қолданысқа енгеніне биыл 22 жыл толады.
«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».
Н.Назарбаев
Сөз тіркесітері:
Ұлттық валютасы –нац.валюта,
Тәуелсіз егемен мемлекет- Независимый суверенное государство,
Тәуелсіз елдің —
дымқыл ауа –влажный воздух,
үлкен еңбектері-
4.3.Топпен жұмыс
1) Мәтінді оқу
2) Мәтінді аудару
3) Бір –бірлеріне сұрақтар қою.
4)Осы мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазыңдар. Сөз тіркестерінде сын есім болу керек. Оны орыс,ағылшын тілдеріне аудару.
5)Осы мәтіндегі сын есім сөздерін тауып фонетикалық, математикалық талдау жасау.
4.4. «Кім жылдам?».
«Қазақстан», «Тәуелсіз» сөздерінен әр топ сөз жасауы қажет.
«Қазақстан»-қазақ,қаз,зат,ана,ата,сан,нан,аза,ас,қаза,саз,сапа.
«Тәуелсіз»- ел, сіз,әуелі,сәуле, су, тіл, тіз, ес, ет, сел, тез, сәулет, сілтеу,сілте, сәл, сәт.
Ү.Бекіту. Тест жұмысы «Өзімді – өзім сынаймын».
Бұл ойынға 12 тестік сұрақ белгіленеді. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Әр сұрақтың астында белгілі ұтыс заттары бар. Дұрыс жауап берген оқушы алуға құқылы.

Тест жұмысы
1. Сын есім
А) заттың сынын білдіреді
Ә) заттың атын білдіреді.
Б) заттың сапасын білдіреді.
Ұтыс: дәптер
2. Сапалық сын есімді тап.
А) қорқақ Ә) білгіш Б) ашушаң
Ұтыс: сызғыш
3. Сын есімнің сұрақтары.
А) не істеді? Ә) қандай? қай? Б) қанша? неше?
Ұтыс: қалам
4.Ұлттық валюта айналысқа қай жылы енгізілді?.
А) 2013жыл Ә) 1993 жыл Б) 1994 жыл
Ұтыс: кәмпит
5. Туынды сын есімді тап.
А) жалтыр Ә) тәртіпті Б) биік
Ұтыс: өшіргіш
6. сын есімді тап.
А) кеше Ә) әлсіз Б) сары
Ұтыс: күнтізбе
7. Негізгі сын есімді тап.
А) таза Ә) әлсіз Б) кешкі
Ұтыс: «5» баға
8.Ұлттық валютаның дизайнері кім?
А) А.Қоразбаев Ә) Н.Назарбаев Б) Тимур Сулейменов Ұтыс: стержень
9. Қатыстық сын есімді тап.
А) заңгер Ә) ымырт Б) өнегелі
10. Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздер тауып айт.
А) семіз Ә) мөлдір Б) сотқар
Ұтыс: маркер
11. Дара сын есімді тап.
А) тап – таза Ә) ақ Б) өте жақсы
Ұтыс: қаламсап
12. Биыл Ұлттық валютаға неше жыл?А) 19 Ә) 18 жыл Б) 22 жыл
Ұтыс: «4» бағаҮІ.РефлексияОқушылардың сабақ туралы пікірлері

Не білдім? Не ұнады? Не білгім келеді?

ҮІІ.Үй тапсырмасы. “Менің теңге деген көзқарасым” тақырыбында сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын эссе жазуҚР-ның ұлттық теңгесі туралы (деректер жинау)ҮІІІ.Бағалау.
1. Сын есім
А) заттың сынын білдіреді
Ә) заттың атын білдіреді.
Б) заттың сапасын білдіреді.
Ұтыс: дәптер
2. Сапалық сын есімді тап.
А) қорқақ Ә) білгіш Б) ашушаң
Ұтыс: сызғыш
3. Сын есімнің сұрақтары.
А) не істеді? Ә) қандай? қай? Б) қанша? неше?
Ұтыс: қалам
4.Ұлттық валюта айналысқа қай жылы енгізілді?.
А) 2013жыл Ә) 1993 жыл Б) 1994 жыл
Ұтыс: кәмпит
5. Туынды сын есімді тап.
А) жалтыр Ә) тәртіпті Б) биік
Ұтыс: өшіргіш
6. сын есімді тап.
А) кеше Ә) әлсіз Б) сары
Ұтыс: күнтізбе
7. Негізгі сын есімді тап.
А) таза Ә) әлсіз Б) кешкі
Ұтыс: «5» баға
8.Ұлттық валютаның дизайнері кім?
А) А.Қоразбаев Ә) Н.Назарбаев Б) Тимур Сулейменов
Ұтыс: стержень
9. Қатыстық сын есімді тап.
А) заңгер Ә) ымырт Б) өнегелі
10. Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздер тауып айт.
А) семіз Ә) мөлдір Б) сотқар
Ұтыс: маркер
11. Дара сын есімді тап.
А) тап – таза Ә) ақ Б) өте жақсы
Ұтыс: қаламсап
12. Биыл Ұлттық валютаға неше жыл?А) 19 Ә) 18 жыл Б) 22 жыл
Ұтыс: «4» баға

Семантикалық карта дұрыс жауапқа «+» белгі қоямыз
Негізгі Туынды Дара Күрделі Жалпы Жалқы Деректі Дерексіз
мінез +
кітап +
бата +
қоян +
Қазақстан +
достық +
оқушы +
Ата-ана +
Абай көшесі +
қуаныш +
боран +
домбыра +
ант +
қант +
қағаз +
аққу +

І топ
Мына сөзден сөз жаса
Қазақстан -

ІІ топ
Мына сөзден сөз жаса
Тәуелсіз -

Сөз жұмбақ
С 1) Апта күні
Ы 2) Тамақ ішуге арналған бұйымдар
Н 3) Ана жағынан туыстың атауы

Е 4) Орман жануары
С 5) Уақытты көрсететін зат
І 6) Сүттен жасалатын тағам
М 7) Білім беретін орын

Мәтінмен жұмыс

Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Қазақстан РеспубликасыПрезидентініңжарлығымен 1993 ж. 15 қарашада айналысқа еңгізілді.Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Сонымен бірге, кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар Ұлыбританияныңдымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерініңнәтижесін теңгені елге жеткізді.2013жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қолданысқа енгеніне биыл 22 жыл толады.
«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».
Н.Назарбаев

“Бәйге” ойыны

100 теңге 150 теңге
170 теңге 190 теңге
200 теңге 220 теңге
250 теңге 300 теңге
500 теңге 550 теңге
590 теңге 600 теңге
1000 теңге 15 00 теңге
1800 теңге 1900 теңге Тәрбие.орг сайтынан Сын есім Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ильясова Гульжамал Баянқызы

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Чистов орта мектебі Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 221 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar