Тәуелсіз елдің ұрпақтары

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 130
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 19/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23347


akentaev88@mail.ruТақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»
Мақсаты:
Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру;
Оқушыларға зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд
Барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті сайысқа қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер! Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Күндер өтті кешегі
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән!
Сайысымызды Қазақстан Республикасының әнұранымен бастайық. (Әнұран айтылады)

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Топтарға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)
Жүргізуші:
Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық,
Қандай сайыс болса да біз қашпайық.
Ал, ендеше рұқсат болса,
«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты
сайысымызды біз бастайық!
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады, олар:
1. «Сәлемдесу»
2. "Қаншалықты білемін?"
3. «Ойлан тап»
4. "Жеті жұрттың тілін біл"
5 . «Кім көп сөз біледі?»
6. «Қатесі болса түзе»
7. «Шешендік өнер»

1 кезең - «Сәлемдесу». Бұл кезеңде екі топ өздерін таныстырады
1. «Нұрлы Жол» - Сарыадыр орта мектебінің оқушылары
2. «Мәңгілік Ел» - Калинов орта мектебінің оқушылары
Жүргізуші: : «Нұрлы жол» мен «Мәңгілік елді», халайық
Ду-қол соғып, қуанып қарсы алайық!
«Нұрлы жол» тобы:
«Нұрлы жол» атыменен топ жарып,
Барша жұртқа нұрлы сәлем береміз.
Сайыстардан жоғары баллды мол алып
Алғырлықпен қарсыласты жеңеміз!
Біздің ұран: Нақты жауап, саналы шешім таба біл, қарсыласты жеңіп алға оза біл!
«Мәңгілік ел» тобы:
Ұран етіп тапқырлық пен білімді
Сұрақтардан сүрінбей біз өтеміз
«Мәңгілік ел» жастарымыз бүгінгі
Бұл сайыста тек жеңіске жетеміз!
Біздің ұран: Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.
Жүргізуші: Көңілін халқыңның таптың бүгін,
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып, бақ сынайық,
Байқайық қатысушылардың тапқырлығын,-дей келе, оқушылар бұл шарт бойынша
2- кезең «Қаншалықты білемін?» деп аталады, бұл кезеңде берілген сұрақтарға жауап беру қажет.
Сұрақтар тізімі: Дұрыс жауап берсе 1- ұпай беріледі.
1. 22 қыркүйек қандай мереке? (тілдер күні)
2 .Мемлекеттік рәміздерді атаңыз: (Ту, Елтаңба, Әнұран)
3.Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылдады? (1995 жылы 30 тамызда)
4.Қазақстан мемлекеті территориясы бойынша нешінші орында? (9орында)
5. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл)
6. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу)-
7. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)
8 . 2006ж. Тәуелсіздікке неше жыл толды? (15 жыл. )
9. Қаз-н территориясында неше рет Жаңа жылды мерекелейміз. (2 рет)
10 Ұлттық валюта қашан енді (1993 ж 15 қараша)
11.Сөздің көркі не? (мақал)
12. Бір ғасыр жасаған ақын-жазушымыз? (Жамбыл)

Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
6- сынып оқушысы Дауенов Бақытбектің орындауында Қазақстан туралы ән.

3 кезең: «Ойлан тап» . Екі топқа ақ қағазға шеңбер сызылып ішіне мақал жазылады. Астында берілген сандар бойынша әріптерді оқи отырып, мақал құрап шығару.
1)Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.


2) Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?

Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен
Сән-салтанат салтымды сүйемін мен
Бақ орнатам осынау кең далаға
Мұрагермін оған да иемін мен.
Оқушылардың орындауында «Қара жорға биі»

4 кезең: "Жеті жұрттың тілін біл" деп аталады.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп келесі сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Мұнда сендерге жұмбақтар беріледі, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз топтан бастайық. Барлықтарыңызға табыс тілеймін!
1топтың жұмбақтары
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
2 топтың жұмбақтары
1. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
2. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
3. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
4. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
5. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sunр)

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Ән « »
5 кезең «Кім көп сөз біледі?» Бұл кезеңде әрбір команда берілген уақыт аралығында (1 минут) берілген сөздегі әріптерінен сөздерді құрастырады. (көп сөз құрастырған команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі)
Берілетін сөз:«Тәуелсіздігіміз»

Біздің мектептің қызы бар өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз Нұрай қызымыз?
Ортаға шық мың бұралып тартынбастан – деп қазақ биін тамашалаймыз

6 кезең «Қатесі болса түзе». Топ ойыншылары қима қағаздарда жазылған сөздердің қатесін тауып жазу керек.
Мысалы:Айақ, қойан, баиандауыш, ойу, хайуан, айаз, қариа, тайақ, қою, айуан, тақиа, байандама, бойа
Дұрысы: Аяқ, қоян, баяндауыш, ою, хайуан, аяз, қария, таяқ, қою, айуан, тақия, баяндама, боя.

Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, - деп «» әнін қабыл алыңыздар.
7 кезең «Шешендік өнер»
Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі, бірінші бағанада мақалдың жалғасы берілген. Команда мақал-мәтелді дұрыс құрастыруы тиіс. (дұрыс құрастырылған мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі)
1 Туған жердей жер болмас, бірлігі күшті ел озар.
2 Әкені көріп ұл өсер, жалқаудың жаны тәтті.
3 Еңбектің наны тәтті, туған елдей ел болмас.
4 Бірлігі жоқ ел тозар, білім-теңіз.
5 Мектеп-кеме, тұзы жоқ тағам.
6 Адам досымен, ананы көріп қыз өсер.
7 Досы жоқ адам- ағаш тамырымен мықты.
8 Өнер алды оттан да ыстық
9 Отан инемен құдық қазғандай
10 Білім - қызыл тіл
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім
«Мен қазақпын» 5-6 сынып оқушылары би блейді.
Әділ-қазы алқасына сөз беріледі.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып, бүгінгі «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты кешімізді аяқтаймыз.

«Қатесі болса түзе». Топ ойыншылары қима қағаздарда жазылған сөздердің қатесін тауып жазу керек.

Айақ, қойан, баиандауыш, ойу, хайуан, айаз, қариа, тайақ, қою, айуан, тақиа, байандама, бойа

«Қатесі болса түзе». Топ ойыншылары қима қағаздарда жазылған сөздердің қатесін тауып жазу керек.

Айақ, қойан, баиандауыш, ойу, хайуан, айаз, қариа, тайақ, қою, айуан, тақиа, байандама, бойа

Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі, екінші бағанада мақалдың жалғасы берілген. Команда мақал-мәтелді дұрыс құрастыруы тиіс. (дұрыс құрастырылған мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі)
1 Туған жердей жер болмас, бірлігі күшті ел озар.
2 Әкені көріп ұл өсер, жалқаудың жаны тәтті.
3 Еңбектің наны тәтті, туған елдей ел болмас.
4 Бірлігі жоқ ел тозар, білім-теңіз.
5 Мектеп-кеме, тұзы жоқ тағам.
6 Адам досымен, ананы көріп қыз өсер.
7 Досы жоқ адам- ағаш тамырымен мықты.
8 Өнер алды оттан да ыстық
9 Отан инемен құдық қазғандай
10 Білім - қызыл тіл

Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі, екінші бағанада мақалдың жалғасы берілген. Команда мақал-мәтелді дұрыс құрастыруы тиіс. (дұрыс құрастырылған мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі)
1 Туған жердей жер болмас, бірлігі күшті ел озар.
2 Әкені көріп ұл өсер, жалқаудың жаны тәтті.
3 Еңбектің наны тәтті, туған елдей ел болмас.
4 Бірлігі жоқ ел тозар, білім-теңіз.
5 Мектеп-кеме, тұзы жоқ тағам.
6 Адам досымен, ананы көріп қыз өсер.
7 Досы жоқ адам- ағаш тамырымен мықты.
8 Өнер алды оттан да ыстық
9 Отан инемен құдық қазғандай
10 Білім - қызыл тіл Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіз елдің ұрпақтары Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акентаева Алия Кайркеновна

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Рузаев селосы, Калинов орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar