Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат
  • 21.06.2015
  • 608 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 4531

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (478.5Kb)

Абай орта мектебі



8- сыныптар

Сынып жеткшісі: Тулебаева Н.А



Қарабұлақ ауылы 2011 жыл

Кештің тақырыбы: Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат
Кештің мақсаты: Жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу;
Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі.
20 жыл толды тәуелсіз ел болғалы,
Желтоқсан 25-ке толғалы.
Қос атауы толықтырып бір-бірін,
Ұлы оқиға екеуі Отандағы.

Өкінгенмен пайда жоқ, өтті күндер,
Қыршын кетті, әттең-ай, көк өрімдер.
Еске алдық, дұға оқып бекзаттарым,
Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер
(Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіру)

Оқушылар монтажы.
1-жүргізуші. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді.
2-жүргізуші. Бұл кеш Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.

Оқушылардың жыр-жолдауы.
1 оқушы.
Сарапта тарих беттерін,
Парақта тарих беттерін.
Оқисың одан не қилы,
Шежірелі сөздерін.

2 оқушы
Қанды қырғын Шыңғыс та,
Салды ойранды қазаққа
Өзбек пене қалмақта,
Салды ылаңды қазаққа.

3-оқушы
Ер Абылай тұсында
Азаттық алған елім-ай.
Талай қырғын азапты,
Көтерген менің жерім-ай.

4-оқушы.
Кенесары, Қасымдай,
Саржанменен, Сырымдай,
Исатай мен Махамбет,
Еңіреп туған ерлерім
Айта берсем мың бір рет.
5-оқушы
Ашаршылық құрбаны,
Болған қайран, елім-ай.
Репрессия құрбаны,
Болған қайран, ерім-ай.

6-оқушы.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет,
Мағжан, Дулат, Ахмет,
Әлихан, Тұрар, Шәкәрім.
Еңіреп өтті –ау елім деп.

7-оқушы
Соғыс зарын шеккен ел,
Қорлықты сонша көрген ел,
Желтоқсанға құрбандық,
Өз қолымен шалған ел.

8-оқушы
Дүниеге паш болып,
Тәуелсіздік алған ел.
Нарықтың да қыспағын,
Жаншыла басып көтерген
Қазақ деген елім бұл.
2- жүргізуші
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!-деп ұлы Мағжан атамыз жырлағандай бүгінгі күн қазақ елінің мәртебесін жоғары көтеріп, шоқтығын биіктетер айтулы мереке. Биыл ата-бабаларымыз мирас еткен, парасатымен, күш-қайратымен қорғаған мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 20 жыл.
Ән. Желтоқсан.
1-жүргізуші. Ғасыр айырығына жақындаған кезде бұрынғы өткен ата-баба рухы көтерілген тәрізді. Азаттық жолында халқына адал қызмет еткен хандар мен батырлар есімі жазылып қалды. Енді солардың қатарына Қайрат пен Ләззәт, Ербол мен Сәбира сияқты мыңдаған Отансүйгіш ұлдар мен қыздардың есімі тіркелді. Олар ғасыр айырығында халқының азаттығы үшін құрбан болды.
Көрініс: Қайрат Рысқұлбековты тергеу ісі.
2-жүргізуші. Кейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы оған кешірім жасап, ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырды.
Еврейде, орыста, ұйғырда басқарған, қолы жеткеннің бәрі биліктің билігін үйіріп келіп, басынан құс ұшырмаған қазақ елінің кезекті 21-ші басшысының зобалаңына ұшырап, 21 жасында тұтқындалып, 21 күн нақақтан шырылдап, Семей түрмесінің 21 камерасында 1988 жылы 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өткен Қайрат 21 ақпан 1992 жылы ақталды.

«Қазақ елі» әні орындалады.
1-жүргізуші.
Олай болса «Тәуелсздіктің туын көтерген Қазақстаным» бөлімі бойынша ортаға «Жас қазақ» тобын шақырамыз. Қабыл алыңыздар.

1 оқушысы:
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Мен қазақ!»
Мен – қазақ,қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім –қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай ,Ертіс,Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім,жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жетті, ен даладалықа байып.
Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен,
Кіргені-есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс,Күншығысқа әмірі жеткен.
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь , талай князь тәжім еткен.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш»деген атты аламын,
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім –қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
2- оқушы:
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін, ұлы күн!
Үміті боп елінің,
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардың,желтоқсан,
Елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей.
Жаз күніндей жайдары,
Арымыздай тап – таза,
Жанымыздай шуақты,
Көтерілді биікке ,Қазақстан байрағы!
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан,
Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін,
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер, жас ұлан!
3-оқушы:
«Мен қазақпын»
Мен қазақпын! Өзгешемін.Басқамын.
Бөлек суым,орман, тауым,аспаным,
Өзімдікі жетіп жатыр өзіме,
Бақ – ырысын қызғанбадым басқаның
Атойлатып жауға шапқан батыры,
Батырлықты жырлап өткен ақыны
Армандаған азаттықты сан ғасыр,
Арманымша жетіп тындым ақыры.
Қызықтырмас алтының мен жақұтың
Қастер тұтар бір кие ел – жұртым.
Оның аты – Тәуелсіздік, Еркіндік
Осы менің байлығым да бақытым.
Азаттығым көктен жерге түспеді.
Тәуелсіздік желі қандай күшті еді.

1-жүргізуші. Болашағына байыппен қарап, барын бағалай білетін, ұрпағын үмітіне сай тәрбиелеген ел озады. Ұлттық дәстүрдің бесігінде тербетіп, тәрбиелеп өсірген елдің болашағы қашанда жарқын, іргесі берік, мәртебесі биік болмақ..
2-жүргізуші.
Тәуелсіздіктің туын биік көтерген ұрпағымыз бабаларымыздың аманатын ұрпақтан ұрпаққа жеткізейік.

«Атамекен» әні
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Абай мектебінің тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап шығарған стендтері мен газеттерінің макеті. Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 608 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar