Тәуелсіздік тірегі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 681
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18307


Тәуелсіздік тірегі
Тәуелсіздік әр қазақтың тірегі
Саналы ұрпақ қадірін елдің біледі.
25жыл тәуелсіз ел болғалы,
Қуанды елім жарылардай жүрегі.
-Аңсаған атам қазақ азаттықты,
Сан ғасыр көрген қорлық азап тіпті.
Ел, жерін басып алып талай дұшпан,
Құл қылып, күң ғып тіпті «мазақ»қыпты.
Қазақтың ұланғайыр даласында
Тұнған көп тарихтың бәрі осында,
Елі үшін талай батыр жортып өткен,
Қалмақ пен Жоңғарлардың арасында.
Дұшпанға қимай тәңір берген жерді.
Соңынан ертті Абылай қалың елді.
Елінің ертеңі үшін көзін ілмей,
Сан рет қан майданда төккен терді.
Болашақ ұрпақ үшін жанын қиған,
Аттандап талай жауға қолын жиған,
Батырлар Қарасай мен Наурызбайдай
Дұшпанды ел жері үшін қойдай қырған.
Бұл дала дүбірлетіп тұлпар шапқан,
Тұлпарға мініп ерлер бақыт тапқан.
Қазақты азаттыққа жеткізсем деп,
Батырлар сан дұшпанның басын шапқан.
Бабалар рухты ерлер ел тірегі,
Елі үшін ет жүрегі елжіреді.
Ешкімге көзің сатпай келер ұрпақ,
«Ел жерге өзің ие болшы» -деді.
Атадан талай асыл ұл туыпты,
Дұшпанмен айқасуға бел буыпты.
Ел-жұрты «елім-ай»-деп еңірегенде
Батырлар «қолын »жиып ту тігіпті.
Күркіреп күндей талай батыр өткен,
Бәйгеге ел жері үшін басын тіккен,
«Ақтабан-шұбырынды –алқа көлде,»
Еңіреп «елім-ай»-деп жасын төккен.
Қазақта өткен талай ғұлама да,
Елдікті қайтсем сақтап қалам деген.
Солақай саясаттың кесірінен,
Атанып «халық жауы» таяқ жеген.
Үмітін үзбеді ерлер бір алладан,
«Ел үшін жан пида»-деп ұрандаған.
70 жыл жермен жексен болғандай боп,
Қазақтың басы ешқашан құралмаған.
...70 жыл бодандықтың бұғауында,
Тарихың, тіл,дініңді ұға алдыңба?!
Жүректе мұз боп қатқан қайғы-шерді,
Бір күнде толқып сыртқа шығардыңдар. Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіздік тірегі Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тоқтамұрат Айгүл

Павлодар обылысы Ақсу қаласы Еңбек орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar