Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАЛАЛАР »
  • 13.02.2017
  • 80 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21710

Тақырыбы: « ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАЛАЛАР »
Сабақтың мақсаты: Ар – ожданы мол, мәдениетті парасатты қалыптастырып, оқушының бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Студенттердің бойында өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.Студенттерге Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру.Отанды сүюге,ерлікке баулу.
Міндеті:
- Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін, өз елі мен халқының салт- дәстүрлерін, саяси тарихын білуге,өзінің саяси және құқықтық сауатын арттыруға деген құлшынысын күшейту;
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер,слайд.
Өткізу әдісі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының туы,елтаңбасы,қанатты сөздер жазылған плакаттар,слайд,видеоролик, Қазақстан Республикасының картасы
Жоспары:
I бөлім. Ұйымдастыру кезеңі
II бөлім. Негізгі кезең
III бөлім. Қорытынды
Хормен әнұран ойналып көк тудың жанына Жұмағұлов Нұрхат ант қабылдайды.
Ашық тәрбие сағаты топ жетекшісі: Таржманова.М.Т сөзімен басталады.
Жүргізушілер ортаға шығады:
Хатимуллин Ерген. Армысыздар қадірменді ұстаздар,оқушылар! Тәуелсіздігіміздің 24жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған МI-19 (А) тобының Тәуелсіздік жолындағы-тарихи қалалар атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!!!
Ағажанова Дамира.Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің!
Хатимуллин Ерген. Иә,Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздіке қантөгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз!
Ағажанова Дамира. Осы кезде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткеріміздің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,күтумен өтті.
Хатимуллин Ерген.Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналып,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді.«Тіл-ұлт байлығы » дегендей, өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатайып келеді.
Ағажанова Дамира. Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып,күшіне еңгеніне,бугінде 20 жыл толып отыр.Қаламызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз бар.
Хатимуллин Ерген.Бүгін сіздерге осынау көк тудың астында,кең даланың жүрегінде орналасқан Қазақстан картасындағы тереңнен бастау алар қалалар сыр шертеді.
Ағажанова Дамира. Ендеше сөз кезегі: Жақсыгереева Нәзік
Искакова Бақытнұр
Жақсыгереева Нәзік: Cәлеметсіздерме! Бүгін біз алдарыңызда «Тәуелсіздік-біздің бас ұранымыз,көгілдір Туымыз-біздің болашақ,бағымыз,нұрлы таңымыз»-дей келе осынау ұлан ғайыр сайын даламыздың түкпір-түкпірінде орналасқан әсем қалаларымыз туралы сыр шертпекпіз
Искакова Бақытнұр: Жалпы еліміз туралы айтып кетер болсақ,Қазақстан Республикасы-Еуразия құрлығындағы мемлекет.Республика жері батыстан шығысқа 3000км-ге,солтүстіктен оңтүстікке 1600км-ге созылып жатыр.Солтүстігінде Ресеймен,оңтүстігінде Турікменстан,Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларымен, шығысында Қытаймен, батысында Каспий теңізімен шектеседі.Тәуелсіз,егеменді еліміздің жер аумағы 2724,9мың км. Астанасы-Астана қаласы.Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады.Одан басқа Қазақстанда 85 қала,160 аудан, 176 кент,2237жуық ауылдық округке біріккен.
Жақсыгереева Нәзік: Жарайсың Бақытнұр.Ал сен білесің бе биыл біздің елде 2015 жыл қандай жыл деп аталады?
Искакова Бақытнұр:Әрине,Ассамблея жылы.
Жақсыгереева Нәзік:Ендеше тәуелсіздік жылындағы Қазақстанның әр қаласын әр ұлт өкілі таныстырып өтсе.
Искакова Бақытнұр: Өте жөн, алдарыңызға ұлт өкілдерін шақырайық.
1орыс(Семей) Халенова Шынар
2 өзбек(Қызылорда) Самиголлина Алия
3түрік (Алматы) Қайрулла Ақерке
4қазақ(Астана) Имангазиева Айсұлу
5укран(Орал) Ибраева Жансая
Жақсыгереева Нәзік: Қазақстанның алғашқы астанасы (Алаш автономиясының) 1997-1920ж Семей қаласы ол кезде (Алаш қала) болды.Семей қаласы туралы ұлтын тыңдайық.
Искакова Бақытнұр:1920 жылдан кейін Қырғыз АССР-ң астанасы Орынбор қаласы болып бекітілді.1925 жылы республикамыз аты Қазақ АССР-ына ауысып,астана Ақмешіт қаласына ауысып,қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді өзбек ұлты тәуелсіздік жолындағы Қызылорда қаласы туралы не айтады екен?
Жақсыгереева Нәзік: 1929ж астана тағы өзгеріп,Алма-ата қаласына түсті.Осылайша Алма-ата қаласы 1929-1936ж Қазақ АССР-ның,1993ж қабылданған конституцияда 1936-1991ж Қазақ ССР-ның қала аты Алматы деп көрсетілді. 1991-1997 Қазақстан Республикасының астанасы болды.Алматы қаласы қазірде қалай дамуда,зер салайық.
Искакова Бақытнұр:Бүгінгі таңда қазақстанда 820 этномәдени бірлестік жұмыс істесе,Ассамблеям мен этномәдени бірлестіктердің активі 67 мыңнан астам адамды қамтиды.Ассамблея –татулық пен тыныштықтың тірегі.Осындай кіші құбылысты нығайта түсу мақсатында биылғы 2015ж–Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.1997ж 17 желтоқсанында Астана қаласы Қазақстанның ресми астанасы деп жарияланды.Астана қаласының ел астанасы ретіндегі халықаралық таныстырылымы 1998ж 10 шілдесінде өтті.
Жақсыгереева Нәзік: Бақытнұр,біз Қазақстанның астаналары туралы біршама мәлімет жинадық,ендеше неге өзіміз өмір сүріп,оқып,өсіп жатқан қаламыз-Орал қаласы туралы айта өтпейміз.
Орыс ұлты Орал қаласы туралы не айтар екен?
Искакова Бақытнұр: Бұл қалалардың көркеюі,арқаны кеңге жаюы,өсуі,дамуы бүгінгі Тәуелсіздіктің туын тіккен батырларымыздың ерен еңбегі,елім деп қиған қаны,егемендік үшін төккен тері деп білеміз.
Хатимуллин Ерген: Рахмет сіздерге. Нәзік,Бақытнұр.Мол мәлімет алдық.Иә,Қазақстан тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстан тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.
Ағажанова Дамира:Ата-бабамыз аңсаған 24 жыл тебіреністі тарихымызға көз жүгіртейік.
ТЕМЕШОВА ЖАНСАЯ: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайланды.
ЕРСАЙНОВА АЙДАНА:1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,әнұраны,туы туралы заң қабылданды.
САМИГОЛЛИНА АЛИЯ:1993 жылы 30тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.15қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
ШӘКІРОВА ГҮЛЖАНАР:1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабаев көк байрақты желбіретті.
ИСКАКОВА БАҚЫТНҰР:1995 жылы ұлы Абайға 150жыл толды.
ҒАЛЫМЖАНОВА СҰЛУШАШ:1996 жылы Жамбыл жылы.Тәуелсіздік монументі орнатылды.
ЖАҚСЫГЕРЕЕВА НӘЗІК:1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды.
ХАЛЕНОВА ШЫНАР:1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
ИБРАЕВА ЖАНСАЯ:1999 жылы Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
ЕРМЕК ШЫНДЫЗ:2000 жылы-Мәдениетті қолдау жылы.
САҒЫНҒАЛИЕВА ДИАНА:2001жылы 18мамырда –Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
АҒАЖАНОВА ДАМИРА:2002 жылы-Денсаулық жылы.
ИМАНГАЗИЕВА АЙСҰЛУ:2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
ЖАҚСЫЛЫҚОВА ІНКАР:2006 жылы-Сыр елі өнер ордасы.
ОРАЗОВА АСЫЛЗАДА:2007 жылы Төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
НӘСІПҚАЛИЕВА АРАЙЛЫМ:2008 жылы Қазақстанның бас ордасына Астананың 10 жылдығы тойланды
ОРЫНБАСАРОВА АЙЫМЖАН:2009 жылы Астана төрінде «Қазақ елі» монументі ашылды.
БАЙМУКАНОВА МЕКЕН:2010 жылы Индустрияландыру жылы.
БАҚЫТЖАНОВА НАЗИРА:2011 жылы ҚР тәуелсізігінің 20 жылдығы атап өтілді.
ХАЙРУЛЛИНА ЖАННҰР:2012 жылы«Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданды.
ЖҰМАҒҰЛОВ НҰРХАТ:2013 жылы
ДАБЫСОВА АЙГЕРІМ:2014 жылы Астана қаласында ұлттық мұражай ашылды.
ТӨЛЕПБЕРГЕН НАЗЕРКЕ:2015 жылы Қазақ хандығына 550жыл,сондай-ақ Батыс Қазақстан мдициналық колледжіне 100жыл.
Ән көк тудың желбірегені (хор)
ХАТИМУЛЛИН ЕРГЕН:Қазақ елім! Туды жастық дәуірің
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын
Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым
Туган күнің құтты болсын
.
АҒАЖАНОВА ДАМИРА:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз.Қорытынды сөз кезегі.......
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калымбет Асылбек Кеңесбайұлына және пән оқытушыларына беріледі.

ХАТИМУЛЛИН ЕРГЕН:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін рахмет, Тыңдағандарыңызға мың алғыс.
БІРГЕ:САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!! Тәрбие.орг сайтынан « ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАЛАЛАР » Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Таржманова Мейрамгуль Талаповна

БҚО Орал қаласы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Анатомия және физиология пәнің оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: Кенжук
Көрсетілім: 80 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar