Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Табиғат асыл – қазына»
  • 21.01.2017
  • 137 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21218

Қазазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі

Ордабасы ауданы
«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Табиғат асыл – қазына»

Мұғалімі: Асанбаева Б.

Табиғат асыл-қазына
Мақсаты: Балалардың табиғатқа қамқорлық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:Табиғат пен адам үйлесімділігі оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту, табиғаттағы аң – құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Мұғалімі: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар мен оқушылар, сіздерге хош келдіңіздер дей отырып «табиғат асыл – қазына» атты сабақтан тыс іс-шарамызды бастаймыз.
Жүргізуші: Табиғат – күрделі де көптүрлі.Біз оны неғұрлым көп танып түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бола түседі.Өмір сүруге қажеттінің бәрін береді тамақ, киім, баспана.Табиғатқа басталған сүйіспеншіліктен махаббат пен Отан басталады.Табиғаттың әсемдігін сезініп оның тілін оқу, білу, байлығын қорғау керек.
Мына бір өлеңдерден табиғат көрінісін көріп қана қоймай жел гуілін, ағаш сыбдырын, дала иісін сезгендей күй кешеміз.
Оқушылар табиғатты қорғауға байланысты өлең шумақтарын оқиды

Ән: «Достар»

Би: «Сәлем саған туған жер»

Оқушы: Оқушының «Менің денсаулығым – менің болашағым – менің экологиям» өлең жолодарымен таныс болайық.

Жүргізуші: Жер бетінде алашұбар дақтар көп.Адамзат баласының көз алдында таусылып құрып бара жатқан Арал,Балқаш,Семей,Чернобыль қасіреті т.б. соның бәрі адам қолымен жасалынған таңбалар 60-жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрылымға айналып жатыр.
Арал тұрғындары арасында ауру – сырқау, өлім – жітім көбеюде.

Көрініс: «Адам және табиғат»

Жүргізуші: Ия құрметті қонақтар мен оқушылар.Сіздер жаңа ғана адам баласының өзін қоршаған ортаға, табиғатқа жасаған қиянат ісіне куә болдыңыздар. Келесі кезекті табиғатқа байланысты жұмбақтар ойынына берейік.
1) Алдымен әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. (Кемпірқосақ)
2) Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды ақ моншақ. (Бұршақ)
3) Бұлтты айдап желдеткен ,
Нөсерлетіп селдеткен,
Жаңбырлатып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың . (Көктем)
4) Орақ болып туады.
Табақ болып толады. (Ай)

Жүргізуші: Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Бүкіл әлем табынып өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын – дегендей кезекті
Сарыарқа күйіне береміз.

Оқушы: Сарыарқа күйін тартады

Оқушы: Құстарға сипаттама береді (суретіне қарап)

Хор: Құстар қайтып барады.

Жүргізуші: Табиғат – ана барлығына ортақ екеніне тағыда көзіміз жетті.
Ол адамдарды айнласындағыларды жақсы, жаман деп алаламайды. Өзінің сыйын бәріне бірдей береді. Ал біз табиғатты қорғап аялауымыз,ластамауымыз қажет.
Қорытынды:

Мұғалім: Балалар, адам мен табиғат егіз.Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі.Сол біздің тіршілік ететін жерімізде жануарларға, құстарға, өсімдіктерге қамқор болуымыз керек.Олай болса бәріміз әрбі тірі жанға қамқоршы болайық. «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деп айтқан ақын Фариза Оңғарсынова апамыздың сөзімен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Барлықтарыңызға рахмет. Тәрбие.орг сайтынан «Табиғат асыл – қазына» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асанбаева Б.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: қазына», «Табиғат, Асыл, сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 137 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar