"Тапқыр болсаң озып көр"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 643
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 21/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19091


Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту топтық жұмыс жасауға дағдыландыру, сауаттылыққа, алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Топпен жұмыс.
Ұйымдастыру кезені: Шаттық шеңбері.
(оқушылардың зейінін сайысқа аудару)

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар оқушылар бүгінгі 2а класының өткелі отырған «Тапқыр болсаң озып көр» сайысына Қош келдіңіздер!
Біздің бастауыш бірлестігінің апталығы өтіп жатыр.
Балалар бұл жол басы даналыққа,
Келіңіздер түсіп, байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіндей көп
Соларды көре тұра қалалық па.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Білім мен тәрбие жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар ұпаймен есептеледі, көп ұпай жинаған топ «жеңімпаз» атанады.
Жарысқа қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.

І – топ «Бәйтерек»
Біздің топ «Бәйтерек» деп аталады. Бәйтерек – Астананың көрікті жері. Басында самұрық құстың алтын жұмыртқа салатын өмір ағашы сияқты. Осы алып ағаштай білімнің биігінен көрінуге тілек білдіреміз.
Топ басшысы Ізбасар Жадыра.
Ұранымыз: Алып шынар – Бәйтерек,
Таласады бізбен көк.
Бұл аламан бәйгеде,
Жеңіс керек бізге тек.


ІІ – топ «Астана»
Біздің топ «Астана» деп аталады. Астана Еуропа мен Азияны жалғастырып тұрған алтын көпір іспеттес. Астана өзінің сәулет өнерінің қайталанбас өрнегімен бүкіл әлемді өзіне қаратты. Сондықтан біздің топ «Астана» Деп аталады.
Ұранымыз: Астана деп аталады тобымыз,
Әрқашан ашық біздің жолымыз.
Дәл бүгінгі нағыз білім сайыста,
Тек жеңіске жетер біздің қолымыз.

Шын жүйрік шабысынан танылады.
Нақты білім терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғады.

Сайыскерлерімізді білім мен өнерін саралап, баға беретін әділ – қазы алқалармен таныстырайық.
1.
2.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
І – кезең «Бәйге»
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 5 ұпай.

1 – топ Бәйтерек
1. Жыл басы не? (Тышқан)
2. ҚР тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж 16 желтоқсан)
3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабат не? (Топырақ )
4. Өсімдіке тіршілігіне қажетті жағдайларды ата. (су, ауа, топырақ, күн. )
5. Үш биді ата. (Қазыбек, Әйтеке, Төле билер )

2 – топ Астана
1. Желтоқсан оқиғасының құрбандарың ата. (Қайрат, Ләззәт, Сәбира.)
2. Жеміс пайда болатын мүшені ата. (гүл)
3. Өсімдіктің топтарын ата. (Ағаш, бұта, шөп.)
4. Қазақ балаларына ең алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин )
5. Ұя салмайтын құс. (Көкек )

ІІ – кезең «Математик»

1 – топ Бәйтерек
1. Қосу амалына кері амалды ата.
2. Ондықтарды 5-ке тең болатын екі таңбалы сандарды ата.
3. 1 ғасырда неше жыл бар.
4. Отбасында төрт бала бар. Ұлдар қанша болса қыздар сонша. Ұл нешеу қыз нешеу?
5.Сілеусіннің алдында не бар? Жолбарыстың артында не бар.
6.20 мен 5-тің қосындысына 60-ты қос.

2 – топ Астана
1.Қосудың қасиеттерің ата.
2.Ұзындық бірліктерін ата.
3. Ондықтары жетіге тең болатын екі таңбалы сандарды ата.
4. Кез келген санға 0-ді косқанда не болады.
5. Ағаш басында екі балық отыр еді. Кенет тағы екі балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды.
6. 39 бен 20 сандарының қосындысына 1 қос.

ІІІ – кезең «Құпия сандық»

Бұл кезеңде әдебиеттік оқу пәнінен оқыған шығармалардан үзіділер беріледі.
1.Ата-әжеме хат. Ы. Алтынсарин
2.Туған өлкем. Ө. Тұрманжанов
3. Байлық пен ақыл.
4.Шынықсың денеміз. Б. Соқпақбаев

Әр топтың оқушысы 2 жұмбақ, 2 мақал айту керек.

ІV – кезең «Әріпке саяхат»
Бір әріп беріледі топтар 1 минут ішінде сол әріптен басталатын сөздер болу керек. Адам аттарын жазуға болмайды.

V – кезең «Құрастырма сурет»
Бұл кезенде суреттін бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табу керек.

VІ – кезең «Тестік тапсырмалар» (Қазақ тілі пәнінен)

1 – топ Бәйтерек
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді.
А. 2 Ә. 3 Б. 4
2.Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап.
А. хабарлы Ә. Сұраулы Б. Лепті
3.Лептік мағына беретін сөзді тап.
А. қашан Ә. Қандай Б.қап
4.Дыбыстар нешеге бөлінеді.
А. 5 Ә. 2 Б. 4
5.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атаймыз.
А. түбір Ә. Жалғау Б. Жұрнақ
6.Ұяң дауыссыздарды көрсет.
А. а,о,ұ,ы Ә. л,м,н,р Б. б,в,г,ғ,д,з,ж.

2 – топ Астана
1. Нүкте қай сөйлемнің соңына жазылады.
А. Хабарлы Ә.Сұраулы Б. Лепті
2.Үнді дыбыстан басталатын сөзді тап.
А. Қозы Ә. Лақ Б. Сиыр
3.Адамның көңіл - күйін білдіретін сөзді тап.
А. Кешікпе Ә. Алақай Б. Барды
4. Түбір дегеніміз не?
А. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі.
Ә. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
Б. Сөз бен сөзді байланыстырған бөлігі.
5.Жұрнақты сөзді тап.
А. мектепте Ә. жұмысшы Б. Атасы
6.Бітеу буынды сөзді тап.
А. Ана Ә. Алтын. Б. Күміс

Сайысымыз мәреге жетті.

Қорытындылау
21 ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры. Білімді топтың даңқы арта түсері сөзсіз.Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз. Осындай білім бәсекесін қортындылайтын да уақыт жетті.
Олай болса әділ қазыларға кезекті берейік. Тәрбие.орг сайтынан "Тапқыр болсаң озып көр" Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жапарова Луиза Достанқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar