Тапқырлар тартысы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 355
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 25/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19798


Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
Ақын Сара атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тайлыбаева Куляйхан Лебаевна

Тақырыбы: Тапқырлар тартысы
Мақсаты:
* Оқушылардың ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
* Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
* Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация,кесте.
Сабақ барысы:
- Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
2 «ә» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Мұғалім: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.
Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Мұғалім:
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен ќарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:
І топ: «Қыран»
Біздің топ: «Қыран»
Қайтпас қайсар ерлігі,
Ұлан болғым келеді.
Самғап ұшар биікке ,
Қыран болғым келеді.
ІІ топ: «Тұлпар»
Топың ұраны: Біздің топ: «Тұлпар»
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал, барыңды.
«Болашақтың ұрпағымыз сенімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
Мұғалім: «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.
Мұғалім:
І. Бәйге.
ІІ. Мақал жалғастыр.
ІІІ. Жаңылтпаш айтам жаңылмай.
ІV. Кім тапқыр?
Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Оқу ісінің меңгерушісі – Р.Дукенбаева.
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі - А Блискельдинова
3. Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі - Н Адилханова.
Мұғалім: «Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге,ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда» -
«Бәйге» кезеңінің шарты. Әр топ номерленген кубикті таңдайды,номер бойынша сұрақтар шығады.
«Қыран» тобына:
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров
2. Ұлы жеңіс күні Қай күн? 9 мамыр
3.Мемлекеттік туымыздың авторв кім? Шәкен Ниязбеков
4Тұңғыш президентіміз кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
5.Күз өлеңінің авторы кім? Абай Құнанбаев
6. Сөйлем дегеніміз не?
7.Дауысты дыбыс түрлері нешеу?
8.Дауыссыз дыбыс неше түрге бөлінеді?
9 Жиырма санының жартысы нешеге тең?
10. Он алты санының жартысы қай сан?
«Тұлпар» тобына :
1Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?
2. Алғаш әліппе оқулығын жазған кім?
3.Жуан дауыстыларды ата
4.У дыбысы қай кезде дауысты болады?
5.Отан дегеніміз не?
6. Қазақстанның астанасы қай қала?.
7.Заттың атын білдіретін сөздер?- Зат есім.
8.10 санының жартысы қай сан?
9.Төрт бұрыш қандай фигура?
10.Үш бестің қосындысы қай сан?
Мұғалім: «Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
ІІ кезең. Мақал жалғастыр Тапқыр болсаң тауып көр
1.Туған жердің күні де ыстық
Түні де .........
2.Отан оттан да........
3.Туған жердей жер...,
Туған елдей ел ........
4 Әдепті елдің баласы
Алыстан ........
ІІІ кезең. Жаңылтпаш айтам жаңылмай.
1.Торғай тоғайды ұнатады
Тоғай торғайды үнатады
2.Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді
3. Қағаз, қалам
Қолға алам.
Үлкен болам,
Үй салам
4.Шалшық, балшық,
Балшық , шалшық,
Балшықтан ал шық.
ІV кезең. Кім тапқыр?
Мұғалім:
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп келесі кезеңді бастаймыз. . .
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
Күлме досқа, келер басқа.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен
қалтыраушы еді.Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
Әділқазылар шешімін шығарғанша концерттік номер.
Мұғалім:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! Тәрбие.орг сайтынан Тапқырлар тартысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тайлыбаева Куляйхан Лебаевна

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar