Теңге

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 348
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 21/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19510


«Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС. 7 сыныптарға арналған
Екі бөлімнен тұрады: І. Сап түзеу « Теңгенің шығу тарихы »
ІІ.Сайыс
Тақырыбы: «Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту.
Елін , жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: белсенді тақта, теңгелер, әртүрлі валюталар, тапсырмалар жазылған карточкалар
Барысы:
І бөлім. Сап тузеу «Теңгенің шығу тарихы»
1- оқушы: Мектеп,түзел,тік тұр! ҚР Мемлекеттік әнұраны айтылсын!
2-оқушы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
7 сыныптар дайындаған «Теңгенің шығу тарихы» атты сап түзеуін ашық деп жариялаймыз.
3- оқушы:Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре,тарих жатыр.Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды.
4- оқушы: Біздің ұлттық бейнемізді,болмысымызды,тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар.Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді.
5- оқушы : Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. Тәрбие.орг сайтынан Теңге Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алдабергенова Мейрамгул

Маңғыстау ауданы Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar