ТІЛ БІРЛІГІ – ЕЛ БІРЛІГІ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 722
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22482


Мақсаты:
а) білімділік: «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 –
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110
Жарлығын іске асыру, өзге ұлт өкілдері арасында біріктіруші фактор
ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейту.
ә) тәрбиелік: Отанын сүюге, мемлекеттік тілді, халықты құрметтеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Өзге ұлт жастарының арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру
және оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Өткізу әдісі: мемлекеттік тіл білгірлерінің байқауы.

Безендірілуі (көрнекіліктер): Елбасы, әр түрлі ұлт өкілдері бейнеленген банер, шаңырақ,
халықтар достығы туралы презентация.

Жоспары: 1.Байқаудың ашылуы, мақсаты, кезеңдері, қатысушылар және қазылар
алқасымен таныстыру.
2.Байқауға қатысушылар кезең – кезеңмен сахнаға шақырылады.
3.Қазылар алқасы әр кезеңнің соңында қатысушыларды бағалайды.
4.Байқау кезеңдерінің арасында музыкалық номерлер орындалады.


Өту барысы:

Құрметті оқушылар және оқытушылар!

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғаннан бері 22 – қыркүйек күні барша қазақстандықтар Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін атап өтеді. Бүгін 22 – қыркүйек. Бүгін елімізде үлкен мереке. Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Дәулет деген – ұғыңдар!
Кеше бар да, бүгін жоқ.
Тілің болса, күнің бар,
Тілің болмаса, түгің жоқ.

Қазақстан көпұлтты, егемен мемлекет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы – мемлекеттік тіл екенін атап көрсеткен болатын. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік – коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміздің саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Елімізде барлық ұлт өкілдеріне өз тілінде сөйлеп, мәдениетін дамытуға толық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар, «Тіл туралы» заңымызда атап көрсетілгендей, өзін осы мемлекеттің азаматымын деп есептейтін әрбір адам мемлекеттік тілді білуі керек.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011
жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын іске асыру, өзге ұлт өкілдері арасында біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейтумақсатында колледжімізде оқитын өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл бірлігі – ел бірлігі» атты мемлекеттік тіл білгірлері сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысқа қош келдіңіздер.
Ән: «Жаса қазағым» - орындайтын ІІ курс оқушысы Маратов Бекжан.
Сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:
№1. СД-12 «БОЛАШАҚ» тобы
Григорьева Ирина
Огильба Оксана
№2. ФТ-11 «ЖАС ОТАН»
Шайахметова Алена
Твердохлебова Юлия
№3. ЛД-22 «ДУДАРАЙ» тобы
Бондаренко Надежда
Короткова Анастасия
№4. ЛД-12 «МАҚСАТ» тобы
Долженко Анастасия
Романов Сергей
№5. СД – 14 «АЛТЫН ШАҢЫРАҚ» тобы
Демьянова Вероника
Балыкова Аида
Сайыскерлеріміздің мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде меңгергендігін дәл анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
1. ҚҰБАЕВА ЛАУРА ЖАҚСЫГЕЛДІҚЫЗЫ - Директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары.
2. КУБИЕВА ШЫНАР БЕКБОЛАТҚЫЗЫ - Директордың ғылыми – әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары.
3. ОСПАНОВА ӘСЕМГҮЛ МИМАРУКҚЫЗЫ - Тарих пәнінің оқытушысы
4.БАРАБАНОВ ДМИТРИЙ - Облыстық «Абай оқулары» байқауының бас жүлдегері ,
СД – 32 тобының оқушысы.
Сайыс бес кезеңнен тұрады:
1. «Сәлем – сөздің анасы» - 5 – 7 мин. (Сайыскерлер тобын, топ мүшелерін таныстырады.
Презентация, бейнеролик, өлең және т.б. түрде таныстыруға болады. Сонымен қатар топ
мүшелерінің киім үйлесімділігі, эмблемалары ескеріледі.)

2.Мәтінмен жұмыс - 10 мин. (Әр топ бір конверт таңдайды. Соның ішінде берілген мәтіннің
мазмұнын орыс тіліне аударады. Аудару барысында мәтіннің мазмұнын неғұрлым кеңірек
аударуға тырысады.)

3. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» - бейнероликтер байқауы – 5-7 мин. (Бейнероликте өз
өмірінде мемлекеттік тілдің алатын орнын, мемлекеттік тілді білудің маңызын аша білу
керек.)

4.Сөйлесім үлгісін құру – 10 мин. (Әр топ конверт таңдайды. Соның ішінде берілген
тақырып бойынша сөйлесім үлгісін құрады. Диалог біржақты болмауы
керек. Сайыскерлердің екеуі де өз сұрақтарын қойып, сөйлесулері керек.)

5. «Өнерлі өрге жүзер» - 5 – 7 мин. (Сайыскерлер қазақша ән айтады немесе мәнерлеп оқиды.
Бұл кезеңде сайыскерлердің екеуі бірігіп, бір номер шығарулары керек.)

Сонымен, сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Сәлем - сөздің анасы»

Ортаға №1 топ оқушыларын шақырамыз.
............ №2 ................................................... .
............ №3 ................................................... .
............ №4 ................................................... .
............ №5 ................................................... .

(бағалау)
ІІ кезең. Мәтінмен жұмыс - 10 мин. (Әр топ бір конверт таңдайды. Соның ішінде берілген
мәтіннің мазмұнын орыс тіліне аударады. Аудару барысында мәтіннің мазмұнын
неғұрлым кеңірек аударуға тырысады.) Сайыскерлер дайындалып жатырған кезде,
ІІ курс оқушысы Жамбылова Алтынай мәнерлеп өлең оқиды.

(бағалау)
ІІІ кезең. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» - бейнероликтер байқауы – 5-7
мин. (Бейнероликте өз өмірінде мемлекеттік тілдің алатын орнын, мемлекеттік
тілді білудің маңызын аша білу керек.)

(бағалау)
ІV кезең. Сөйлесім үлгісін құру – 10 мин. (Әр топ конверт таңдайды. Соның ішінде берілген
тақырып бойынша сөйлесім үлгісін құрады. Диалог біржақты болмауы
керек.Сайыскерлердің екеуі де өз сұрақтарын қойып, сөйлесулері керек.)
Сайыскерлер дайындалып жатырған кезде, ІІ курс оқушысы Қолғанат өі шығарған
өлеңін мәнерлеп оқиды.
(бағалау)
V кезең. «Өнерлі өрге жүзер» - 5 – 7 мин. (Сайыскерлер қазақша ән айтады немесе мәнерлеп
оқиды. Бұл кезеңде сайыскерлердің екеуі бірігіп, бір номер шығарулары керек.)

(бағалау)

ӘН: «Желсіз түнде жарық ай» орындайтын Барабанов Дмитрий.

Сайысты қорытындылау. Тәрбие.орг сайтынан ТІЛ БІРЛІГІ – ЕЛ БІРЛІГІ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бергенова Даметкен Ерболатовна

БҚО Орал қаласы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушылары

Пікірлер: 0

avatar