Тіл дамыту жұмыстары

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 657
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 25/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21307


ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Тіл дамыту жұмыстары – тілді оқытудағы ең маңызды мәселе. Өйткені, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Сондықтан тіл дамыту жұмыстары арқылы ойын жүйелі, дұрыс айтып беруге, мәдениетті сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік жасаймыз. Бұл дегеніңіз сөйлеу мәдениеті жоғары, ой-өрісі жетілген, ауызша және жазбаша сауатты жеке тұлға тәрбиелеу деген сөз. Ендеше, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда тіл дамыту жұмыстарын тиімді етіп ұйымдастырған жөн.
Тіл дамыту жұмыстарын мынадай түрде қарастыруға болады:

1. Қазақ тілі сабақтарында әр тақырыптағы жаттығулар кезінде сөйлем ішіндегі оқушыға түсініксіз болған кейбір сөздерді алып оның синонимін жаздыру. Оқушыға алдымен сол сөздің мағынасын түсіндіріп, енді осы сөзге синоним іздеуді тапсыру.
Мысалы, 6 – сыныпта 125-жаттығу зат есім тақырыбында жаттығуды берілгені бойынша орындамас бұрын өзімізге таңсық болған сөзді іздейміз. Жастардың сыналатын жері – сауық.
Сауық – жастардың бас қосып, көңіл көтеретін ортасы деп түсінік береміз.
Синонимін тап: Сауық – кеш, көңілді отырыс, жиын – той.
Шалағайлығы – салақтағы, немқұрайлығы.
Шәкірт – оқушы, ұстаздан үйренуші, ұстаз жәрдемшісі, ұстаз ісін жалғастырушы.
Сондай-ақ, сын есім тақырыбында 140-жаттығу бойынша берілген сөздерге сөйлем құрау. Сөйлем құрап болған соң ішіндегі бір-екі сөздің синонимін жаздыру.
Мысалы, Өнерлі адам өрге жүзеді. Өнерлі, Шебер, Ұста

2. Қазақ тілінде берілген жаттығу жұмысын талдауда оқушыдан толық жауапты талап ету.
Мысалы, жоғары айтылған 125-жаттығуда зат есімдерді тауып жасалу жолын айту тапсырылған.
Мұндағы зат есімдер: ойын-сауық, өнер, жігер, қорқақтық, мақтаншақтық, әмірхан.
Мысалы, қорқақтық – адам бойындағы бір қасиет,
түбірі қорық – етістік;
ақ – сөз тудырушы жұрнақ, жалғанып қандай деген сұраққа жауап береді де, екінші бір мағынаны беріп сын есім болады;
тық – жұрнағы жалғану арқылы үшінші мағынаны білдіріп зат есім болып тұр.

3. Сөздік жұмысын ұйымдастыру. Сөздік жұмысы да тіл дамытудың ыңтайлы бір жолы деуге болады. Сөздік жұмысы кезінде оқушының сөздік қоры молая түседі. Сөздік жұмысы әдебиет сабағында да, қазақ тілі сабағында да жүргізіледі. Алайда үнемі бір қалыпта сөздік жұмысын жүргізу оқушыны жалықтырады. Сондықтан мұғалім сөздік жұмысын түрлендіріп отыруы тиіс.
Мысалы, кейбір көнерген сөздердің мүмкіндігіне қарай нақты суретін көрсету арқылы түсіндіру пайдалы.
4. Сабақта әр баланың ақыл-ойын, тілін дамыту үшін күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізуге де болады.
Мысалы, Бүгін мектебімізде оқушылар ұйымының есебі өтті, «Наурыз» мейрамы тойланды. Соларға байланысты қысқаша әңгіме құра және оның ішінде бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты, мысалы, етістіктің түрлерін көрсет деген сияқты тапсырмалар орындату арқылы да тіл дамыту жұмысын жүргізу тиімді болмақ. Сонымен қатар,бүгінгі өмірге байланысты күнделікті қолданыста жүрген жаңа сөздерді мәтін құрауда пайдалануды талап ету арқылы оқушылардың тіл байлықтарын дамытуға болады.Мысалы, медицинаға, құрылысқа, экономикаға, экологияға байланысты жаңа сөздерді қолдану.

5. Тіл дамыту жұмысында мақал-мәтел және сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құратудың да пайдасы зор. Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын оқытқанда ішінде зат есім, есімше, есімдік, сын есім тағы басқа кездесетеін мақал-мәтелдер жаттап кел, жазып кел деген тапсырмалар беру де пайдалы.

6. Тіл дамыту жұмысында күнделік жаздырудың да үлкен мәні бар. Оқушы өз басынан кешкен оқиғаларын, өмірінде болған қызықты жайларын, ренішін, қуанышын, оқыған кітабын, көрген киносын, күнделікті өзінің байқағандарын күнделікке жазып отыру арқылы оқушы сауатты жазуға, ойын жүйелі құрастыруға дағдыланады.

7. Белгілі бір шығармаларға рецензия, тезис жазу арқылы оқушы өзіндік көзқарасын, сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шығарма жайлы пікірін ашық, нақты түрде жеткізуге үйренеді.
Мен өз тәжірибемде әр оқушыдан айына 1 кітап оқып, оны арнайы дәптерге

Кітап аты Авторы Негізгі оқиғалар

деп бөліп жаздыртып отырамын да сыныптан тыс оқу сағаты кезінде бір-екі балаға қысқышы мазмұндатамын. Ата-аналармен жұмыс кезінде балаларға қазақша телехабарлар тыңдатып, қазақша басылымдарға жазылып, отбасында да тіл дамытуды жүзеге асыру керектігін айтып отырамын. Тіл дамытуда аталмыш жұмыстардың өзіндік тиімділігі бары сөзсіз.
А. Байтұрсынов «Тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа алады» дегендегі қазіргі таңда оқушыларымыз ана тіліміздің беделін көтере білсе, сол тілде еркін ойлап, ойын нақты жеткізе білсе, еліміз дамыған елдердің қатарында тұратын ірі мемлекет болары даусыз. Тәрбие.орг сайтынан Тіл дамыту жұмыстары Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муканова Зульфира Салимжановна

ШҚО Ұлан ауданы "Пролетарка негізгі мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar