Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ
  • 15.10.2016
  • 175 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19681

Тіл - мемлекеттің тірегі
(дөңгелек үстел)

Өкениет өнегесі - өз тіліңмен өмір сүру.
Қазақ елі барда қазақ тілі де болады.
Өседі. Өркендейді.
Нұрсұлтан Назарбаев

Мақсаты:
Бабаларымыздың, ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерің насихаттау; ана тілдің өміршендігін, адам тіршілігіндегі рөлін жетілдіру; оқушылардың тілін, білімін сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып тілді құрметтеу сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сыныпта тақырыпқа сай безендіру, нақыл сөздер жазылған плакаттар, газет, итерактивті тақта.

Барысы
1-жүргізуші: Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі-жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезендерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

2-жүргізуші: Қазақ тілі-аса бай,икемді тіл. Қалай исең солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисының, орайың келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға,тас қашап, ағаш текемет оюға болады-ау! Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа, шекер, балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады!

1-оқушы:Ана тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Тілім өссе,мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе,мен де бірге өшемін.
Ана-тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
2-оқушы:Туған тілім- бабам тілі, өз тілм,
Туған тілім-анам тілі,өз тілім.
Туған тілім-далм тілі,өз тілім,
Туған тілім-адам тілі,өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
1-жүргізуші:Тіл қай ұлтта,қай елде де қастерлі құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады,Қазақ халқының атақты ақыны Қадыр Мырзалиев
Ана тілін-арың бұл,
Ұятты болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді құрметте деге тұжырымды бізге ұсынған

2-жүргізуші: Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Қазақ тілі-мемелекеттік тіл. Қазақ тілі-еліміздің байырғы халқы-қазақ халқның және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.

1-жүргізуші: 1989 жылдың 22-қыркүйегінде Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы заң»қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»мәртебесі берілді.1993 жылдың 28-қаңтар күні Қазақстан Респубикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.Онда «Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»болып бекітілді.1995 жылдың 30-тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 7-бабында былай делінеді.
1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі.
2.Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3.Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
2-жүргізуші: Тіл- ұлттың аса игілігі әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихы қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны,тіл-ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.
Ана тілім-анамдайын аяулым,
Сенсіз жерде көш соңында жаяумын.
Сенсіз жерде күйім көрдей қараңғы,
Сенсіз қалсам құруға да таяумын.

1-жүргізуші: Ана тілін бір кісідей ардақ тұтып, бесіктен бастап анамыздың сүтімен енген тіл құдіреті ғұмыр бойы қастерлеп келе жатқан адам тұрғысында да өз пікір, ұстаным бар. Тіл-діліміздің діңгегі, салт-дәстүріміздің қайнар бұлағы.
Бейне таспаға назар аударайық.
Дөңгелек үстел сұрақтары мен жауаптары.
1-сұрақ. Ана тілін халықтың соғып тұрған жүрегі мен жаны екендігін түсінетін уақыт жетті. Мемлекеттік тілдің дамуы жолындағы басты кедергілер мен тіл тағдырын шешуде жастарға жүктелетін міңдеттер қандай?
Жауабы: Жерімізде тұрып жатқан әр ұлт,ұлыстар өз тілінде сөйлеуге толық құқылы, себебі біздің заңдарымызда солай жазылып бекітілген. Бүгінгі күннің ең басты мәселесі осы ұлт өкілдерін мемлекттік тілде сөйлету емес,ең бірінші өз ұлтымыз қазақтарды қазақша сөйлету-басты мәселе. Қазақтың қазақша сөйлемеуі-мемлекеттік тілдің дамуы жолыңдағы басты кедергінің бірі.Өз қазағым шүлдірлеп-былдырлап тұрса, өзгенің не айтатыны айтпаса түсінікті.Қазақстанның болашағы жастардың қолында десек те, жасыратыны жоқ,қазір біздің жастар ағылшын тілін тез үйреніп жатыр. Мұндай шапшандықтың себебі неде десек,сол тілді үйретудегі озық тәжірибеде екен.
Ағылшын тілін үйренушілерге көмекке техника,компьютер,өзге де насихат құралдары көптеп келуде.
Дәл сол сияқты мемлекттік тілді үйрену сөз жүзінде емес,іс жүзінде жүзеге асуы керек.Жастарға қойылатын басты міндет –өз ана тілінің құндылығын игерсе екен деймін.
Қазақ тілі –өзінің даласынлай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.Оған қысылып-қымтырылып,ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлау мүлде жат.
2-сұрақ: Қазақстанда тұратын өзге этностардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасы,жалпы сұранысы қаншалықты деп ойлайсыз?
Жауабы: Бұл жерде қазақ,қазақ емес деп бөлу дұрыс емес.Менің топшылауымша,қазақ тілін білетін және білмеітін қазақстандықтар деп айтқан дұрыс сияқты.
Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр,қазақ тілін меңгеру үшін барнша жағдай жасалуда.
Алайда, менің ойымша,тілді меңгеру үшін, біріншіден, адамның тілді үйренемін деген ниеті болуы керек. Қандай тіл болмасын адамның өзі сол тілдің қажеттілігін түсінбесе,маған десе оған ат басындай алтын беріп оқытсаңыз да пайдасы болмайды. Екіншіден,ұстааздың тілді оқытамын ,мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек.Үшіншіден ,тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды.Бұл үйренген тілінді ұмытып қалмауға,іс жүзінде қолдануға мүмкңндік береді.
Тағы қайталаймын,тілді білсем,білуге тиіспін деген ниет,ұмытылмас бірінші кезекте тұруы керек.Қазаұстан –менін Отаным деп білсін.Қазақстанда еркін жүріп,оқып жұмыс істегім келсе,қазақша білуім керек,қазақ халқын сыйласам,қазақтың ана тілін білуім керек деген ой әр өзге этнос өкілдерінің санасында болу керек.Сонда ғана тіліміздің өрісі ұзақ болмақ.
3-сұрақ: Қазақ тілін меңгеру сен үшін қиынға соқты ма? Сөзіміз ділелді болу үшін таспаға назар аударайық. /бейне таспа материалдарынан. Өзге ұлт өкілі/
Жауабы: Мен қазақ тілін 2006 жылдан бері оқи бастадым.Тілді үйрену бастапқады қиын болады.Бірақ тілді білуге тиіспін деген ниетім күшті болады,өйткені Қазақстан-менің отаным.Қазақстанда еркін жүріп,оқып өскесін жұмыс істегім келсе, қазақша білуім керек.Мектепте оқып жүрген достармның бәрі-қазқтар.Достарымды сыйласам,олардың ана тілін білуім керек дедім.Бұл жерде тіл үйреткен алғашқа ұстазыма айтқам келеді
4-сұрақ.Жаның қазақ болғанмен,затың өзге этностың өкілі екені анық қой.Қазақшаны да тамаша игеріп алғансың.Сен орысша білмейтін орысты көрдің бе?
Жауабы: Жоқ ондай болмайды.Бәрі өз ана тілін білу керек.
5-сұрақ.Ал мен керісінше қазақша білмейтін қазақтарды көп көрдім.Өз ана тілін білмейтін,оны шетқақпай қылатын жандарға не айтар едің?
Жауабы: Өз на тілдеріңді үйреніндер.Қазақ тілі-өте көркем,бай тіл.Ол-аналарының және ұлы Абайдың тілі дер едім.Абай атамыздың бір өленің оқып берйін...
6-сұрақ.Әлемдегі бес мыңнан астам тілдің арасында жоғары бағаланатын қазақ тілінің бүгінгі тағдыры аландаушылық туғыза ма ?
Жауабы. Ырыс алды-ынтымақ тату-тәтті өмір сүру үшін өзінің тіршілік етіп отырған елдің туған тілін ,мемлекеттік тілді игеру –ең негізгі парыз.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін оған деген қажеттілікті,қолайлы ортаны құру,сол тілдің айдынынжа еркін жүзу керек.
Тіл өлсе-халықта өледі.Мысалы,Әзірбайжанда сол елдің жырын басқаннан қай бұрышына бармаңыз әзірбайжан халық әуені бір толастамйды.Бұл да насихаттың бір ықпалды түрі болса керек.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деп атап көрсетіп еді.Шынымен де қазақ пен қазақтың,әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі аландаушылық туғызады. Барлығында бірдей топырақ шашқанан аулақпын.Қазіргі таңда тіл мәселесін көтеретін,оған жанашырлық танытатын және полимәдениетті жалынды жастарымыздың барына шүкіршілік етеміз. Әсіресе дарынды отандастарымыздың мемлекттік Болашақ бағдарламасымен оқып жатқандары көңілді қуантады.
7-сұрақ. Сырт көз сыншыл келеді ,ендеше сырт көздің біз жайлы қандай пікірде екенін білгіңіз келе ме...
Италиандық Ренко компаниясының президенті Ренальдо Гаспарини мырзаның сөзінен үзінді келтірейін
Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын.Соларыдың ішінде өз мемлекеттінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім,ол қазақ халқы екен.Дала мен қала газеті.Бұл пікірге келісесіз бе?
Жауабы. Мүлде келіспеймін.Нені айтса да ауызды толтырып айтатын қазаққа мұндай жағымсыз пікірлер жат.Себебі қазақ тілі-қазақтан шыққан,әлем мойындаған Шоқанның, данышпан ақын ұлы Абайдың кемеғгер жазушы Мұхтардың, Дала Демосфені атанған Жамбылдың, ақиық ақан Мұқағалидың, кешегі 16-желтоқсанда ұлтжанды қазақ жастарының Елім-аймен бірге шарықтата шырқаған Менің Қазақстаным әнінің авторы Шәмшінің ,кемел ойдың иесі Нұрсылтан Назарбаевтың, жалынды ақын Мұхтар Шахановтың тілі бұл.Бұл менің тілім.Бұдан артық жауаптың қажеті де жоқ деп ойлаймын.Қазақтан шыққан осындай тамаша біртуар азаматтардың тілін жоққа шығару қылмыспен пара-пар.
8-сұрақТәуелсіздіктің 20 жылдығында мемлекеттік тілді қаншалықты өркендете алдық деп ойлайсыз?
Жауабы: Менің қазақ тілін білгенімді қазақ тіліне қосқан үлесім деп ойлаймын. Осы тілді игері міндеттім,өзіме қажетті болғандығы үшін үйрендім.
20 жылдың ішінде атқарылған іс-шара жеткілікті;мемлекеттік бағдарламалар да қабылданады,бюджеттен де біршама қаражат бөлінді.Қазақстанның барлық елді мекендерінде қазақ тілінің мәртебесін көтеруде игі іс-шаралар көптеп өткізілуде.
Бәрінен де қазақ жерін өз төрім деп білетін намысты азаматтарымыз мемлекеттік тілді өмірлік қажеттілік екенін түсінгендердің өзі үлкен жеңіспен пара-пар.Күні кеше ана тілінен марқұм талай қазақтар қазір сайрап жүр.Бұл да жетістіктің бір белесі деп білемін.
9-сұрақ. Қарапайым қазақстандық ретінде өзіңіз қаншалықты үлес қостыңыз? Жауабы;...
10-сұрақ: Бүгінде еліміз өз тәуелсіздігінің 22 жылдық мерейлі мерекесін тойлау үстінде.Өзіңіз де еліміздің өсіп өркендеу жолында қомақты үлес қостыңыз. Барша қазақстандаықтарға айтар тілегіңіз ?
Жауабы.Қазақтар- өте кеңпейіл халық.Даласы секілді дархан. Қазақстан –көптеген этностардың мекені.Қазақ елінің тұлпар шапса аяғы,құс самғаса қанаты талатын кең байтақ жері бар.Айналамыздағы алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда аспанымыз ашық,өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын.Барша қазақстандықтарға денсаулығы мықты,рухани жан дүниесі бай,тәуелсіздігі баянды,арғы баба дәстүрін жоғалтпай келе жатқан қазақ тілінің тұғыры биік,ғұмыры мәңгі болсын демекпін.

1-жүргізуші:
Қасиетті болмасаң туған тілім
Абай, Мағжан, Мұқағали жырларма деген қандай тамаша жолдар. Біз, болашақ ұрпақ осындай ірі тұлғалар сөйлеп өткен дана тілімізді көркейтуге тиіспіз
2-жүргізуші. Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарда,қызмет көрсету саласында,құқық қорғау органдарына немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды.Уақыт бар, мүмкіндік бар мемлекеттің қолдауы бар,өз функцичяларынды қажетті денгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек.
Нұрсылтан Назарбаев
1-жүргізуші.Сонымен солай дейік өзекті тақырыбы «Тіл – мемлекеттің тірегі» дөңгелек үстелдің мәресінеде жеттік. Бүгінгі өзекжарды тіл мәселесінің азда болса бір түйінің шешкен болса,олда біз үшін нұр үстіне нұр. Жүрек түпкірінде қалған бір ауыз сөзбен қорытындыласақ. Тілсіз өмір жоқ. Тілі жоқ жұрт ел бола алмайды. «Тіліміздің жауһар құндылығын сақтайық!»
2-жүргізуші. Желіде тұлпар, көгінде қыранымыз қалықтап, ана тіліміздің ғұмыры мәңгілік тұғыры биік болсын!

Мұғалім:
Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы, сұлулығы икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпа! Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету екендігі жерде өздеріңе байланысты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру сіздердің қолдарыңызда. Оқу- білім, еңбек жолында ана тілінің қамқоры бола біл! Тәрбие.орг сайтынан ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умарова Нурила Турлыбековна

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп -гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 175 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar