Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тіл мен әдебиет егіз
  • 30.04.2016
  • 393 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18897

Тақырыбы: Тіл мен әдебиет егіз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыны тез ойланып, жүйелі жауап айтуға, еркін сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс сабағы.
Барысы: І Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.
Тіл - халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті. Әдебиет –асыл қазынасы. Қазіргі қазақ тілі - мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.
Туған тілім - тіршілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! - десе,
Ә.Тәжібаев.
Сол сияқты К.Г.Паустовскийдің "Ана тіліне немқұрайлы қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз", - деп айтқан пікірінде үлкен мән бар
Слайд №1
Ойын барысы:
І тур. "Бәйге".
ІІ тур. "Полиглот".
ІІІ тур. "Мен білетін екі пән".
ІV тур. "Ұлағатты ұлттық ұғымдар".
V тур. "Жорға".
Слайд №2
І тур "Бәйге".
1. Тыныс белгілерінің ережегелер жиынтығын тексеретін бөлім.
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
4. Қазақ Республикасының ата заңы.
5. Екі кісінің сөйлесуі.
6. Желтоқсан құрбандарын ата.
7. Зат есім, сын есім, сан есімің орнына қолданылатын сөз.
8. Есімше қандай мәнде жұмсалады?
9. "Фаризаға" өлеңнің авторы.
10. Есімшенің жұрнағы
11. "Сағындым" өлеңнің авторы
12. Тіл дыбысын зерттейтін сала
13. Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға. - авторы кім?
14. "Күлтегін" ескерткіші табылған жер.
15. "Бөбек" қорының президенті.
16. Дайрабай 1930жылы коммуниет болды.-кімнің және қай шығармасы?
17. Көсемше жұрнағы.
18. Сан есімнің мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
19. Әнұран сөзінің авторлары.
20. Буын турлерін ата.
21. Көмекші сөздерді ата.
22. Етістіктің мағыналық түрлері.
23. Тұйық етістіктің қызметі
24. М.Әуезовты әлемге танытқан шығарма
25. "Фразеология" деген не?
26. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
27. "Алтын адам" табылған жер
28. Көсемше қай сөз табы?
29. Етістіктің неше түрі бар?
30. Көсемшенің қандай мәнде жұмсалады?
Слайд №3
ІІ тур. "Полиглот".
1 Қарап тұрсаң өзіне
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе. (айна)
2 Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап)

Слайд №4
ІІІ тур. "Мен білетін екі пән".

Қазақ тілі.
1. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
а. 2 ә. 3 б. 4
2. Жұрнақтың неше түрі бар?
а. 1 ә. 2 б. 3
3. Еліктеуіш сөз қай сөз тобына кіреді?
а. Атауыш
ә. Көмекші
б. Одағай
4. Дерт, науқас, ауру қандай сөздер?
а. Көп мағына
ә. Синоним
б. Омоним
Әдебиет.
1. Қобыланды тұлпары.
а. Тайбурыл
ә. Шалқұйрық
б. Керқұра
2. Орхон-Енисей бойынан табылған ескерткіш.
а. Алтын адам
ә. Күлтегін
б. Манас
3. "Шығамын тірі болсам адам болып". авторы кім?
а. Мағжан Жұмабав
ә. Шәкәрім Құдайбердіұлы
б. Сұлтанмахмұт Торайғыров
4. Жеңгесі Абайды кім деді?
а. Абай
ә. Телқара
б. Тасқара
5. "Қожа сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың" кімнің сөзі?
а. Майқанова
ә. Жанар
б. Жантас
слайд №5 "Ұлағатты ұлттық ұғымдар".
3 санына байланысты ұлағатты сөздер.
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
4 санына байланысты.
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
5 санына байланысты
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
Бес асыл іс; талап,еңбек, терең ой, қанағат, рақым
Слайд № 6
V тур. "Жорға".
1. Ұлттық аспап.
2. Республика күні.
3. Киелі құс.
4. Мұсылман діні.
5. Қасиетті тағам.
6. 100 жыл
7. Балалар әдебиетінің атасы.
8. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
9. Атау мен іліктен басқа септеулердің сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі?
10. Лексика нені зерттейді?
11. Заттың көп екенін білдіретін қосымша.
12. Әрі етістік әрі есім сөз болатын етістік түрі
13. Қосымшаның түрлері.
14. Өлең сөзбен жазатын адам.
15. Мол сөзінің синонимі
16. Абай ауылындағы қонақ.
17. "Менің атам - Қожа" авторы.
18. Қызыл жебе атанған бала.
19. Жамбыл Жабаев ұстазы, пірі кім?
20. «Адай тегін» жазған кім?
21. Абайдың шын аты.
22. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
23. Өзіне ұқсас затқа салыстыра суреттеу.
24. Алла тағала Адам атаны неден жаратты. Тәрбие.орг сайтынан Тіл мен әдебиет егіз Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жунисова Балакыз Абдурахмановна

Маңғыстау обл. Ақтау қаласы. КТЛ. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: zhunisova1969
Көрсетілім: 393 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar