Тіл -тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 240
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 18/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19729


[hide][/hide]Аршалы орта мектебі



Байбашкарова Н С

6 сынып

Сынып сағаты:Қазақстан халықтарының тілдері күні.
Тақырыбы"Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"
Тема: «Язык опора наша, сердце стучашие в груди нашей»
Классный час :Ко дню языков.
Мақсаты:Мемлекеттік тілді жақсы меңгеруге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Цель: Учить уважать окружающих, жить в дружбе и согласии, развивать чувство патриотизма, знать традиции своего народа.
Ход урока: Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Расымен де, ана тілі-адамзат жаралғалы бері оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі болып келеді. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, ата-баба мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын асыл қазына.

1.Вступительное слово учителя:Республика Казахстан – многонациональное государство. Заканам о языках определены статусы языков.Казахский язык является государственным языком, русский язык официально употребляется наравне с казахским языком в государственных организациях и в органах местного самоуправления.
Законом утверждается, что каждый гражданин Республики Казахстан имеет право на пользование родным языком, на свободный выбор языка общения, воспитания, обучения, творчества.У каждого народа свои обычаи, обряды и традиции, свой язык. И государство обещает народам Казахстана создать условия для сохранения их традиций и изучения их родного языка. Конституция Республики Казахстан статья 7, часть 3: Государство заботится о создании условий для изучения и развития языков народа Казахстана.
Статья 19, часть 2:Каждый имеет право на пользование родным языком и культурой, на свободный выбор языка общения, воспитания, обучения и творчества.
Каждый язык – это целый мир. Язык не только предмет для изучения, а живая душа народа, его радость, боль, память, сокровище. Он должен вызывать у каждого изнас горячую любовь, признательность, трепетное отношение. Язык каждого, пусть даже самого малочисленного,народа – это целы мир, полный прелести и волшебства.
Мерей: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса , сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Иляс: Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.

Анна:
Ана тілім – менің Жанымнан да қымбат
Әлдилеген әнім. Ана тілім маған.
Ана тілім – демім, Ана сөзін тыңдап,
Ана тілім – жаным. Үлгі-өнеге алам.
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым,
Мұрат еткен бабам
Жарқыраған шамым

Павел: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Наташа
Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп түр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, -
Өз тіліңді құрметте!

Мұғалім: Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Қүлағыма сіңірген таныс үнім...
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
(С. Торайғыров)

3 сынып оқушысы Ефимов Руслан күй ойнайды.



«Алдар мен достары » атты қысқаша көрініс.
-Алдар Всильченко В.
-Әжесі , Чернобай Ю
Немересін іздеп шыққан әжесі қатысушы оқушылардан.
-Балалар , сендер әлгі менің немерем Алдарды көрмедіңдер ме? –деп сұрайды
-Жоқ.- дейді балалар
-Қап , әттеген –ай. Жарайды онда сендерден тілтуралы білгендеріңді сұрай тұрайын
-Балалар, тіл туралы сендер не білесіңдер ? Ойларымызды ортаға салайық.
Мерей : Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.
Ильяс : Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Наташа : Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
Әжей .
-Уа, бәрекелді. Жақсы айттыңдар балалар . Әлгі Алдар қайда,ә? Жарайды ол келгенше
сендер , тіл туралы қандай мақалдар білесіндер соны айтсаңдар жақсы болар еді.

Қатысып отырған оқушылар тіл туралы мақалдар айтады.
Арасында әжей балаларға қосымша сұрақтар қойып отырады. .
А.Байтұрсынов кім?
2.Жүз жасаған ақын?( Жамбы Жабвйев)
3.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды ?(1989ж.22.09 және 1997ж.11.07.
4.Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзы бар)
5.Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6.Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы.Атынсарин)
7.Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8.Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж,16.12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
-Апа, апа мен келдім.
-Ә , мынау әлгі Алдар ғой. Қайда жүрсің , балам- ау тойға кешіктің ғой.
-О , апа осы тойға менің көрші туысқан елдерден келген достарымды ертіп келдім енді соларды қарсы алып, өнерлерін тамашалайық. Бұлардың бәрі қазақ тілін оқып үйрекніпті бәрі сізге бірінші қазақша тақпақтарын айтып береді
-Ал тыңдайық ,балам.

-Онда балам той бастайық. Қоржынды әкел бағанадан мына балардың да біраз білімін білген едім, енді шашу шашып той бастайық.
Әжей шашу шашып, сахнаға орас, беларус, өзбек киімін киген балалар өз өнерлерін көрсетелі.
Мұғалім .
Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Өлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, нанындар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, нанындар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасандар,
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар. (Д. Әбілев)
Осы өлең шумақтарымен бүгінгі сініп сапғатын жабық деп жариялаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Тіл -тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar